За стеной фильтров
Эли Паризер
Интернет пайда болғалы бері бізге берген мүмкіндіктерін айтып тауысу мүмкін емес. Ең біріншісі бостандық, қалаған нәрсемізді қарадық, қалаған нәрсемізді жаздық. Ешкімнің бақылауынсыз ғаламтордың ішінде білгенімізді жасадық. Бірақ бұл басында ғана. Қазіргі уақытта не іздейтінімізден бастап нені қалайтынымзға шейін білетін алып корпорациялар, біздің жеке ақпараттарымызбен білгенін істеуде. Ғаламтор бәрін біледі дейміз, қазір екі адам бір сұрақпен ғаламторға жазса, екеуіне екі түрлі ақпарат берілуі мүмкін. Бұл дегеніміз жуиенің бізге түбегейлі әсері.
Ғаламтордың бізге қандай жарнама көрсететіні күннен күнге дамып бара жатыр. Оны жасап жатқан біздер өзіміз. "Маған ұнайды" деп басылған батырманың, келесі жолы сол тақырыпта жарнама көрсетуіне тура себепкер болады. Тек ол емес, сіздің тұратын жеріңіз, сіздің телефон номеріңіз, чектеріңіз, қызығушылықтарыңыз, ғаламтода қандай сөздер жазатыныңыз, қандай суреттер қарайтыныңыз, осының барлығы сізге ұсынылатын жарнама болып келеді. Бір жағынан еш қорқынышты жері жоқ секілді болып көрінеді. Бірақ бұл бір қарағанда ғана.
Мысалы Amazon компаниясында, адамдардың ақпараттары үшін бітпейтін күрес жүріп жатыр. Мыслы электронды түрде кітап оқитын Kindle қосымшасының өзінде сіздің қай беттерді қайталап оқитыныңызды, қандай сөздерді белгілеп қоятыныңызды біліп отырып, келесі жолы соған сүйене келе, сізге ұнайды-ау деген кітаптарды ұсынатын болады.
Google компаниясы сізге қандай адамдардан және қандай компаниялардан хат келетіні туралы біледі. Және соған орай жарнама парақшаңызды дәлірек жасай бастайды.
Facebook болса қатты басын қатырмайды екен. Сіз өзіңіз барлық керекті ақпаратты осы сайтқа бересіз. Басқа әлеуметтіу желілерде досыңыздың өмірінде не болып жатқанын білу үшін соның парақшасына кіру керек боласыз, ал Facebook та барлығы бір лентаға сыйысып кетеді, және оның арасында сізге көрсетілетін жарнама болмашы болып көрінеді.
Бұндай жеке адамға деген ақпараттық фильтрация адам дамуына кері әсерін тигізеді. Адам жаңа нәрсені көру арқылы, жаңа нәрсені есту арқылы дами бастайды. Ал қазірге ғаламтор болса бізге тек біркелкі ақпарат көрсетеді. Бұл біздің ақыл ойымызды шектей бастайды, өзіміз сезбесекте. Кезінде индивидум, оқуда басқаша, жұмыста басқаша, достарымен басқаша сөйлесе алатын еді. Ал қазір адамның барлық өмірлік сферасы бір-бірімен тығыз байланысты. Мысалы әріптесіңіз сіздің достарыңызбен қандай адам екеніңізді парақшаңыз арқылы біле алады.
Болашақта технологияның одан әрмен дамуы, біздің ара-қатынасымызды жақсартуға септігін тигізеді дейді. Бірақ технологияның қазіргі дәрежесінің өзі неге әкеліп соққанын көріп жатырмыз. Әлеуметтік желі барлығымызды біріктіру керек еді. Бәріміз бірге секілдіміз, бірақ әркім бөлек отырады.
Адамзатқа тәуелсіз ғаламторды қайтарып алу керек. Оған көмектесетін біздің ақпаратты ұрлауға қап-қатты «жоқ» деп жауап беруіміз. Ғаламтор мен технологиялар бізді шектемей, керісінше дамтыуға көмектесу керек. Алып корпарациялар ғаламторға әсер етпей, оның орнына қарапайым халық секілді қодануы керек. Не дегенімен болашақ бүгіннен басталады. Бүгінгі іс-қимылымыз ертеңімізді анықтайды.
Оқығаныңыз үшін рахмет!
Досыңызға жіберіңіз!