July 6, 2019

Триггеры, формируй привычки - закаляй характер.

Маршалл Голдсмит.

Өзгерістерге қол жеткізудің қиындықтары.

Неге біздер өзгерістерді қатты қалаймыз, бірақ нәтижесінде ештеңе шықпайды. Алдымызға қойылған мақсаттарымызға жету үшін пайдалы әдеттердің керек екенін білеміз, бірақ баяғы қалпымызда жүреміз. Сондықтан кейде түбегейлі өзгерістер қалап, бүгіннен бастап жүгіремін немесе зиянды тамақтарды пайдалы жеміс-жидектермен алмастырамын дейміз, бірақ бірнеше уақыттан соң, қайта сол әдет болып қалған күйге қайта келеміз. Сонымен неге өзгерістер бізге тым қиын. Темекі шегетін адам біледі оның зиян екенін, бірақ шегуін тоқтатпайды. Фаст-фуд жейтін адам, семіздікке ұшырап бара жатқанын біледі, бірақ пайдылы тамақтарға ауыспайды. Түнде смартфон, ғаламторды шарлап отқанда, өшіріп ертерек ұйықтасақ, ертең таңертең ұйықмыз қанып, өзімізді жақсы сезінетімізді білеміз, бірақ ары қарай сотка шұқылап отыра береміз. Бұның барлығы қарсыласымызды дұырыс бағаламау.


Біз «енді мен өзгеремін» деп өзіміздің ерік-күшімізге тым қатты сеніммен қараймыз. Бірақ нық қалыптасқан пайдылы әдеттер болмаса, ерік-күші жалғыз ештеңе істей алмайды. Оның үстіне ерік-күшінің таусылатын өзіндік уақыты бар. Мысалы біздер шаршап тұрған кезде дұрыс шешім қабылдай алмаймыз. Мысалы жұмыстан қайтқан кезде, дүкен аралап керек емес заттарды сатып ала бастаймыз өйткені жұмысымыздың жемісі деп ойлаймыз. Бұл шындығында маркенингтің құйтырқы әдісі.


Сонымен Триггер дегеніміз – белгілі бір нәрсенің бізге әсері. Мысалы кішкентай сәбидің күлгеніне қарасақ, бізде жымиямыз. Көңіл-күйімізді көтергендей болады. Немесе ауа райым бұлтты қара болып тұрса, онда біздіңде депрессиялық күйде болатынымыз бар. Ескі суреттерді қарасаңыз, өткен уақытты еске алып ностальгяиылқ сезім әкеледі. Триггер дегеніміз бізге бірден әсер ететін нәрсе. Ол кез-келген нәрсе болуы мүмкін. Иіс, адам, сурет, зат және т.б.


Бірінші түсіну керек нәрсе бұл - біздің ішімізде әрқашан керекті мен қалайтынның күресі болып жатады. Ішкі стратег таң атпастан өзін жақсы сезінеді. Ол парақта жазылған бүгінгі күннің жоспарын біледі, және тап-тинақтай орындаймын деп ойлады. Бірақ екніші стратегтен бөлек орындаушы барғой. Оның білетіні дәл қазір өзін жақсы сезініп қалу, болашақты ойламайды, тек демалсам және ішсем жесем деп ойлайды. Екеуінің арасы тым алыс болса, алдағы уақытта іс-қимылымыз мағынасыз болады. Жоспар құрамыз бірақ, орындаушының айтқанымен кетеміз.


Бұл екеуінің арасындағы диссонасты жою үшін, өзгерістердің ауыр келетінін бірақ онсыз болмайтынын түсіну керек. Бүгінгі жоспар бойынша жүріңіз, егер уақытша рахат алып қалу үшін орындаушы бір ой тастаса (кино көріп алайық, сәл демала тұрайық және т.б.), бір сәтке тоқтаңызда өз ойларыңызбен жұмыс жасаңыз. Бұл ой қайдан келді, не үшін келді. Өйткені жаңа жоспармен жүре бастағанда, іштегі орындаушы барынша бәрі баяғыдай қалдыру үшін тырысады. Өзін жайсыз сезінгісі келмейді, сондықтан сіздің тоқтату үшін сондай алдамшы ойлап тастайды: жұмыстан өзің шаршап келдіңғой, фаст-фуд жей сал, бүгін демалысқой, қыдырып кел деген секілді.


Өзіңізге дұрыс сұрақтар қойыңыз.

Дұрыс сұрақтар - әр кімге әрқалай келеді. Мысалы біреуге «бүгін мен баламмен ара қатынасымды жақсарту үшін не істедім?» болса, біреуге «инвесторлардың назарын аудару үшін не істедім?». Дұрыс сұрақтар дұрыс іс-қимылдар жасауға итермелейді. Және де дұрыс сұрақ қойғанда жауабыңыз өзіңізге ұнамаса, онда кінәлі тек өзіңіз екеніне де көз жеткізесіз. Жауапкершіліктің тек сіздің мойыныңызда екенін еске салады.


Таңқаларлық болса да, көп адамдар жоспрының орындалмай жатқанына басқаларды кінәлайды. Мені оқудан шығарып жіберді, өйткені жолым болмады. Спортзалға бара алмаймын, әзірге уақытым жоқ. Жұмыс таба алмаймын, өйткені жұмыс берушілер кілең топастар. Менің бағаларым нашар, өйткені оқу деген нәсре қиын. Барған сайын, айтылатын сұлтаулар күлкілі бола береді. Бірақ өкініштісі біз осыған сенеміз. Тіпті сиқырлы мантра секілді қайталай береміз. Ал біздің дұрыс сұрақтарымыз, стратег пен орындаушының ролін ақылмен қолдану, бұндай сылтаулардың болуына жол бермейді.


Тамшылай берсе тасты да теседі. Структуралық жұмыс жасаңыз. Өзіңізбен жұмыс жасаңыз. Қай кезде маңызды шешім қабылдаудың қажеті жоқ екенін біліңіз. Көбінесе кешке болады. Кешке адам физикалық та психикалықта шаршаңқы күйде болады, сондықтан да дүкендерді аралап сатып алғанды жақсы көреміз. Ал демалыс күндері түрлі Барлар мен клубтар толы болады, бұл адамдардың өз жұмысын жақсы көрмейтіндігін көрсетеді, апта бойғы моральдық ауырлықтардан сол 1-2 күнде демалып қалғысы келеді.


Өзгерістер үшін ең маңыздысы бірінші қадам. Маршалл Голдсмиттің бұл кітаптағы соңғы кеңесі, қазір кітапты оқып біте салысымен бір кішкентай болсын іс-істеу. Мақсатыңызға бастайтын бірінші қадам болсын. Туысыңызға қоңырау шалу болсын, немесе кешке пайдалы салат жеу. Ең бастысы бірінші қадам басу, және нық басу. Мүмкін осы қадамнан кейін көптен күткен өзгерістері басталып, сіз армандған өмірге алып кетер.

Оқығаныңыз үшін рахмет!

Досыңыға жіберіңіз!