July 28, 2019

Сила эмпатии

Эбенштейн Донни

Адамдар арасындағы байланыс әрқашан маңызды болған. Ал қазіргі уақытта тіптен ерекше. Экономика немесе полтика болмасын, байланыстың ойнайтын ролі үлкен. Екі адамның ара-қатынасынан кейбір мемлекеттердің жағдайы күрт өзгеруі мүмкін.

Өзіміздің күнделікті өмірімізге келетін болсақ, бір адаммен жақсы қарым-қатынас құрудың оңай емес екендігіне көз жеткіземіз. Соның салдарынан, өз-өзімізге ызаланамыз немесе кейін бұндай қадамнан аулақ болуымыз мүмкін.

Жұмыста болатын кофликттер – бұлда екі әріптестердің бір-бірін түсіне алмағаннан орын алып жатады. Негізінде кез-келген проблема өз шешімін жеңіл әрі ерте таба алады, бірақ адамдар кейде өз ойының дұрыс екенідгін дәлелдегісі келіп, кемшіліктеріне мән бермей, ортақ пайдалы шешімге келуге тырыспайды. Сонымен, осындай жағдайлардан барынша алыс болып, ал кездескен жағдайда қандай іс-әрекеттер жасағанымыз жөн екендігін «Сила Эмпатии» кітабынан іздеп көрейік. Кітапқа қысқаша көз жүгірту.

Болған жағдайды өзгерте алмасаң – соған деген ойыңды өзгерт.

Кейде өзіңді басқа адамның орнына қойып көрсеңіз – проблемаға басқа қырынан қарауға болады. Мысалы Тед – жақсы адвокат. Бірақ өзінің клиенттерімен жақсы сөйлеспейді. Тек оларды сотта қорғап ұтуды ғана ойлайды, моральдық көмек көрсетуді міндетім деп санамайды. Кейін адамдармен қарым-қатынасты жақсартуға мүмкіндік беретін тренигке қатысуға ұсыныс тасталады, қатысқысы келмей барады. Сабақтардың бірінде оған жеке дәрігері қоңырау шалып, тез-тез сөйлеп, телефонды тастай салады. Тедтің көңіл күйі түсіп қалады. Дәрігердің не айтқанынан емес, қалай айтқанынан ренжіп қалады. Тренер Тедке мүмкін ол дәрігердің жұмысы көп болуынан шығар дейді. Ал мүмкін сенің проблемаңа уақыты жоқ. Тед өзі туралы ойланып қалады.


Шынайы өмір біреу ғана – бірақ әр-кім өзінше қабылдайды. Бәрімізге тек өзіміздің көз-қарасымыз дұрыс секілді көрінеді. Сондықтан өзіңізді қарсыласыңыздың орнына қойып көріңіз. Бұл оның көз-қарасын қабылдау деген сөз емес, тек сіздікінен басқа көз-қарастың бар екендігіне жол беріңіз.

1. Оппонентіңізді герой деп елестетіңіз. Ол шыныменде тек жақсы оймен қимылдайды деп ойлаңыз.

2. Жау ол емес – өзім деп ойлап көріңіз. Мүмкін шыныменде оның арманының орындалуына сіз кедергі болып тұрған шығарсыз.

3. Неге ол өз ойынан қайтпайтынын ойланып көріңіз. Неге бұл ол үшін маңызды.


Әрине, кейде өзіңізді басқа адамның орнына қойып көру керек, бірақ біреулер бұны тым көп жасайды.

Линн веб-дизайн студиясында менеджер болып жұмыс жасайды. Оның қол астындағы жұмысшысы, бекітіліп қойған жұмыс кестесін өзгертуін сұрайды. Линн келісімін беремін дейді, егер кезекшілікке орнына басқа адам тапса. Ал ол болса бәрінен сұрап көргенін, бірақ ешкім келіспегенін айтады және Линнға өзінің орнына шығып беруін сұрайды. Бұл жағдайда линн түсіністікпен қарап, бірақ келісімін бермеу керек еді. Оның орынан жұмысшысының орнына кезекшілікке шығып беретін болды және өзін ыңғайсыз сезінді.


Басқа адамды ойлап, бірақ өзіңізге кесірін тигізіп кетпес үшін мына 3 сұрақ көмектеседі.

Сізді манипуляциялап тұрғандай сезім жоқпа?

Компромисске бардыңызба немесе беріле салдыңызба?

Сізге деген қатынасы агрессивті адаммен конфликтке түскіңіз келмейдіме?


Кейде тек коммуникативті проблеманың бар екенін мойындау керек.

Сіз, тек қана сіз қалай коммуникативті проблемаларды шешуге болатынын таңдайсыз немесе жалпы шешуге тырысасызба. Егер күшіңіз жетпесе, тек қабылдаудан басқа амал қалмайды. Мүмкін сіз бір адаммен жақсы қарым-қатынас құруға тырыстыңыз, біарқ нәтижесі болмады. Егер ол адаммен араласу барысында өз принциптеріңіз зардап шегіп жатса, мүмкін жолдарыңыз бір емес шығар. Кейбір конфликттер шешілмейді. Олардан тек қатынасты үзіп, барынша алыс кету керек.

Оқығаныңыз үшін рамхет! Досыңызға жіберіңіз!