July 3, 2019

Стальная воля.

Как закалить свой характер

Том Карп 

Барлық адамдардың арман немесе мақсаттары бар. Біреуге бизнес ашу болса, біреуге емтихан жақсы тапсыру болып табылады. Бірақ бір нәрсе өзгеріссіз – ол жолда кездесетін қиындықтар. Кейде қиындықтарға деген қолданылатын амал, әдіс-тәсілдеріміз біткен кезде, беріле салғымыз келеді, өйткені қолдан келгеннің бәрін жасадыққой. Осы кезде бізге көмектесетін ерік-жігер келеді. Әрине ол бізде бар болса.

Ерік-жігер дегеніміз не, қайдан пайда болады және оның мөлшерін көбейтуге болады ма? Осы сұрақтардың жауабын Том Карптың кітабынан іздеп көрейік.


Ерік күші – бізге арман мақсаттарымызға жету жолында, ешқандай қиындықтарға қарамай ары қарай жүруге көмектеседі. Жалқаулық пен прокастинацяға қарсы қаруымыз. Бәрі бітті деп ойлаған, берілуге шақ қалғанда аяққа нық тұрғызатын ерік күші бізге әлбетте керек.


Ерік күшін темірдей мықты қылу үшін ең бірінші керекті 3 нәрсе.

Бірншісі: дұрыс демалыс. Қазіргі таңда адамдар не тым көп ұйықтайды, не тым аз ұықтайды. Керекті норманы, яғни 7-8 сағаттық ұйқымен жүрген адамдар аз. Бірақ бізге, ерік күшін жақсару үшін энергиямызды түгендеп алуымыз қажет. Энергиясыз ешқандай ауыр, маңызды шешім қабылдай алмаймыз. Ұйқыдан бөлек тоқтаусыз келіп жатқан ақпараттардан қорғануымыз керек. Тым көп ақпарат бізді тура жодан тайдырып, эмоцияларымызға кері әсерін тигізед. Тым көп ақпарат приоритеттерді дұрыс қоюға және мақсаттарды айқындап алуға кері әсерін тигізеді.

Екіншісі: дұрыс тамақтану. Ғалымдардың айтуынша, дұрыс тамақтану біздің мотивацяларымызбен ерік күшімізге тура байланысты. Дұрыс тамақтана білсек, энергиямыз толық, көңіл-күйіміз жақсы болады. Мотивациямыздың күрт төмен түсіп кетуіне тікелей әсер ететін жай углеводтар, қант немесе газировкалар. Бұндай өнімдер оргнизмдегі дофамин мөлшерін күрт жоғарылатып жібереді. Ал негізінде, алға қойған мақсатымызға жетіп, тапсырманы орындап немесе жеңіске қол жеткізгенде пайда болтын денеміздегі таза дофаминнің орнына біз, арзан дофамин толтырып тастаймызда, нәтижесінде ештеңе істегіміз келмей қалады, яғни мотивация болмайды.

Үшіншісі: дене жаттығуы. Дене жаттығуы физикалық көрсеткіштерімізге ғана емес, ақыл ойымыздың жақсартуына септігін тигізеді. Есте сақтау қабілетімізді жақсартады. Ерік күшімен жұмыс істеу үшін, ең жақсысы физикалық жаттығуларды бастау. Әдет болып сақталуына өзіңізге 3 апта уақыт беріңіз.


Өз-өзіңізге жауапкершілік артыңыз.

Егер дәл қазір ерік-күшіңіздің жағдайы төмен болса, түбегейлі өзгеріс қалап үлкен қадам жасап қажеті жоқ. Жоғарыда айтылған 3 құралдың көмегімен ерік-күшін қалпына келітірп, содан кейін барып жұмыс жасасаңыз болады.

Алғашқыда бір мақсат жеткілікті. Тек бір мақсат. «Таңғы 6 да тұрып үйрену» немесе «бокстан әлем чемпионы атану» болсада бәрібір, екеуінеде ерік-күші керек. Біреуіне көбірек қажет әрине. Сіздің бірінші қадамыңыз, осы мақсатты орындауда жауапкершілікті өз мойныңызға алу. Мақсатыңызға жеткенде қандай күйде боласыз, визуализация жасаңыз. Сосын ештеңеге қарамай сол мақсатқа ұмтыламын деп өзіңізге уәде беріңіз. Уәденің мағынасын ауыр қылу үшін, сол уәдені достарыңызға немесе әлеуметтік желілерде жайып салсаңыз болады. Бұл сіздің басыңызда ғана қалып қоймай, мақсатыңыздың сыртқа шығып, басқа адамдардың да білуі - матриялдық кейіп алады. Сондықтан тек өзіңіз үшін емес, берген сөзіңіз үшін, жұрт алдында ұятқа қалмас үшін жұмыс жасайтын боласыз. Бұлда жақсы мотивация емеспе. Келістікқой, ештеңеге қарамай мақсатымызға ұмтыламыз.


Шешім қабылдау.

Шешім қабылданбайынша ештеңе болмайды. Шешім қабылданғаннан кейін бірден іске көшеміз. Енді сіз күнде, жоспар бойынша әрекет жасауыңыз керек. Күн аяқталғанда не жасадым деп өзіңізге есеп беріңіз. Келесі күні прокастинацияға қарсы күрес болып саналады. Егер жалқаулық алып бара жатса, «мен бұны істемесем, мақсатыма жетпеймін» деп айтыңыз. Қаншалықты ерте бастайсыз, соншалықты ерте бітіресіз. Эмигранттар басқа мемлекетке көшіп барғанда, сол жердің дәстүріне сіңісіп, сол елді мекеннің тілін тез үйреніп кетеді. Өйткені оларда басқа таңдау жоқ, өміріндегі мақсаттарымен армандары соған байланысты болып тұр. Сізде де солай, мақсатыңыға жақындататын іс-әрекеттер тізімін күнде істеу, міне осыған байланысты.


Ерік күшіне жаттығу.

Ми мен бұлшық ет секілді, ерік-күшінеде әлсіреп қалмас үшін жаттығу керек. Ең эффективті жаттығу қалауыңызға қарсы бір нәрсе істеу. Күнде кейінге қалдырып жүрген бір тапсырманы бітіріп тастау, ең бастысы қаламайтын нәрсені жасау. Прокрастинация дегеніміз, сол істен кейінгі еш марапаттың жоқтығы немесе бізге қызық емес болған, бізге қуаныш әкелмейтін іс әрекеттерді айтамыз. Таныс емес адамды кездесуге шақыру немесе шет ел азаматымен сол тілде сөлйесу болсада, қорқыныш әкелетін, бірақ дамытатын қадам – жақсы жаттығу.

Күнде үрей әкелетін, бірақ дамытатын жаттығулар бірте – бірте шекараңызды кеңейтіп, кейін тек әдет болып қалады. Әрине бұған біраз уақыт және еңбек керек. Ал бұндай әдет тек ерік-күштері темірдей адамдарда болады.

Оқығаныңыз үшін рахмет!

Досыңызға жіберіңіз!