Адамдарды қалай қызықтыруға болады (Как очаровывать людей)
Бұл кітаптың авторы Гай Кавасаки – идеяның күшін түсініп, сол арқылы адамдарға әсер ете білген. Өйткені қазіргі Apple – өзінің статусы үшін рақмет айтуы керек. Маркетинг бөлімінде 1984 жылдан бастап жұмыс жасап, адамдардың брендпен байланыстыру немесе көңілден шығудың мастері Гай Кавасаки бұл кітапта өз тәжірбиесімен бөліскен. Басты құпияларымен танысып, өмірде қолданыңыз.
1-ші құпия. Қызықты әңгіме айтып үйреніңіз. Жалпы өмірде де, адамдармен араласуда да көп көмегін тигізеді. Одан бөлек, іскерлік ортада да, сіздің іш пыстырарлық презентация, ұзақ түсініксіз пресс-релиздар көрермендеріңіздің, яғни клиенттеріңіздің ұйқысын келтіреді. Оданда өнім немесе тауарды сынақтан өткізіңіз. Клиенттер ұстап немесе тест-драйв жасап көрсін. Қысқасы ұсыныстың өзі – қызық болуы тиіс.
2-ші құпия. Адамдарға әсер етудің келесі құпиясы – оларға ұнау. Адамдарға ұнау үшін сізге эгоизмді тастау керек болады. Және де шынайы күлу. Адамдар өтірік күлкіні әрқашан сезеді, сәйкесінше шынайылықты да. Сырт келбетіңіз, киіміңіз өзіңіздің дәрежеңізге сай болсын. Бірақ қатты модаға беріліп кетудің де қажеті жоқ.
3-ші құпия. Бірден адамдар артынан жүгіретін өнім шығара саламын деп ойласаңыз, қатты қателесесіз. Жақсы идея табу жеткіліксіз, оны адамдарға жеткізу керек. Кавасаки келтірген, өнім шығарғанда міндетту түрде болуы керек критерийлер: адамдардың проблемасын шешу, әдемі (сыпайылық), одан әрі даму, клиеттің болашақ қалауларын жақсы білу, клиент көмек пен қолдау алуы тиіс.
4-ші құпия. Қол астыңдағы жұмысшалар мен бастығыңа ұнау. Қол астыңда жұмыс істейтіндер сіздің идеяңызды түсінуі керек. Егер солай жасай алсаңыз, оларға жақсы дамитын орта істеп бере аласыз. Олардың клиентпен атқарылатын жұмыстарында кішкене бостандық беріңіз. Жұмысшылар өзінің мағыналы жұмыс істеп жатқандығын және ары қарай дами алатындығын түсінген кезде ғана, сіздіңде ісіңіз өрге домалайды. Ал бастығыңыздың көңілін жаулауда – тек бір жол, берілген тапсрыманы артығымыен орындау. Қиын жағдайларда сізге арқа сүйей алуы керек. Бірақ тым артық кетпеңіз, өз ойыңызды ашық әрі нақты айтыңыз.
5-ші құпия. Заманауй технологияларды пайдаланыңыз. Мысалы, медия кеңістігі. Ғаламторда адамдарға тез жауап беріңіз. Жақсы контент ұсына біліңіз. Ғаламторда клиент проблемасына деген өз көзқарасыңызбен бөлісіңіз.
Тек өнім немесе тауар емес, арман, мақсат және эмоция сату керек.
Және соңғысы. Жұрт әңгімесіне еріп кетпеу. Біреу, жер жарып тұрған атағы болсада, естіген дүниеге күмәнмен қарап көріңіз. Өкінішке орай барлық адамдардың ниеті сіз ойлғандай емес. Манипуляця құрбаны болу оп-оңай. Жұлдыз өнім болса да, идеясына анализ жасап, компания тарихына көз жүіртіңіз.
Оқығаныңыз үшін рақмет! Каналға жазылыңыз! Кітапсүйер достарыңызды шақырыңыз!