Ең маңызды нәрсе
Сен бірнеше жұмыспен бір уақытта айналысуға тырысасың. Уақытыңды дұрыс пайдаланамын деп ойлайсың. Шешіп жатқан проблемаң көп, бірақ нәтиже жоқ. Ойланып көр. Өзіңнің мақсатыңа қатысы жоқ нәрселермен сонша қиналып, күні бойы айналысу қатты қажетпе? Мүмкін алдыңа тек үлкен бір мақсат қою жеткілікті шығар. Бұл кітаптың авторы жазушы және кәсіпкер Гэри Келллер осы жайлы ойланған. Ол тайм-менеждмент, жоспарлау, «многозадачность» деген нәрселерді тастаған. Бірақ, өз өмірінің көп сфераларында жетістіктерге жеткен. Оған көмектескен бір-ақ нәрсе: дұрыс «приоритеттерді» қою. Бұған бізді көп адам үйрете бермейді. Қазір көп адамдар азаннан кешке дейін жұмыс істейді, өзін толықтай шаршатып, тек проблемаларды шешумен болады. Бірақ дәл сол проблемалар ертесіне тағы күтір тұрады. Сондықтан, қанша талпынсада ештеңеге жете алмайтынын түсінеді. Автордың айтуынша, алға қойған мақсатыңа жету үшін, көп және тынбай жұмыс істеудің қажеті жоқ. Бар керегі: «приоритеттерді» дұрыс қою. Бұл кітап көп еңбектен шаршап, өз қалағанына жете алмай жүргендерге пайдалы. Автордың тәжірбиесін қорытындылап, басты идеяларын қарастырайық.
1-идея. Өнімділік (продуктивность) туралы мифтар.
Бірінші миф. Жұмыстардың тізімі – әрқашан эффективті.
Бүгінге бітіру керек деген жұмыстардың тізімін құру. Тек көп тапсырмалар үйіліп тұрғанда, бәрін тізіп қағаз бетіне түсіріп, басыңызды босатқаны болмаса, осымен оның пайдасы бітеді. Көбісі тек майда шүйде болмаса, мақсатына тура қадам жасатйын ештеңе жазбайды. Ондай тізім тек күнделікті өмірде пайдалы. Оның үстіне бар назарыңызды сол тізімге бұрып, сол жұмыстарды ғана атқарасыз. Ал сіздің арманыңыз жайында қалады. Осының кесірінен, құдды бір қатты еңбектеніп жүрген секілді болып көрінесіз. Сондықтан, ауқымды жұмыстардан тұратын тізім құрыңыз. Тек арманыңызға жақындататын тапсырмалардан жасаңыз.
Екінші миф. Қатал дисциплина – өнімділік кепілі.
Жұмыстың бәрін жақсы жасауға қатал дисциплина ауадай қажет деп ойласаңыз, қателесесіз. Негізінде ол тек жаңа бір әдет қалыптастыруға ғана керек. Соңғы зерттеулердің көрсетуінше жаңа әдет қалыптастыру үшін 66 күн қажет екен, біліп қойыңыз, жаңа әдет каншалықты қиын болса, үйрену соншалықты ауыр болады. Тек ең маңызды жұмыстарда ұйымшыл болыңыз, қалғанында өзіңізбен болыңыз.
Үшінші миф. Бір уақытта көп тапсырмамен айналысу - уақыт үнемдейді.
Зерттеулерге сенсек, жаңа тапсырмаға көшу уақытымыздың 28% алады екен. Офистегі жұмыс атмосферасының өзі басқа нәрселерге алаңдатады. Әдетте офис жұмысшысы почтасын 1 сағатта 37 рет тексереді екен. Адам назарын бірден бірнеше тапсырмаға арнай алмайды. Әрқашан бір маңызды, қалғандары фонда тұрады. Бұндай жағдайда өнімділік туралы сөзде бола алмайды. Оның үстіне адам миы үішн табиғи процесс емес, керісінше стресс тудырады. Сондықтан Гэри Келлер бір уақытта тек бір жұмыспен айналысуға кеңес береді.
Төртінші миф. Ерік күші (сила воли) – жеңілістерден қорғайды.
Ең бірінші білу керек – ерік күші таусылатын энергия. Бір күн ішінде нәпсіңді тоқтатуға, эмоцияңды басуға және т.б жұмсалады. Шешім оңай: маңызды жұмыстарды ерік күші көп кезде бітіріңіз.
Бесінші миф. Жетістікке қиын жұмыстармен жетеді.
Жалпы, мақсатыңа еңбексіз жетпейсің. Яғни, көмектеседі, бірақ кепілдік бермейді. Нағыз жетістікке жететін адамдар, ұсақ нәрселермен шектелмейді, глобальды ойланады. Hotmail почта сервисін құрушы Сабир Бхатия АҚШ-қа қалтасында 250 доллармен келген, басқа да көп мигранттар секілді. Бір артықшылығы, өз ісіне деген нық сенім болған. Міне осыны, ешқандай ақшаға сатып ала алмайсың. Сервисі іске қосылғаннан кейін, бір жылда 10 млн адам тіркелген. Тағы жарты жылдан соң Microsoft 400 млн долларға сатып алған. Өзіңізге үлкен мақсат қойыңыз. Айлығыңызды бірнеше пайызға көбейту емес, 2 есе, 3 есе көбейтуді көздеңіз. Және бұған керекті уақыт бөліңіз.
2-идея. Тек бір мақсатқа назар аударамыз.
Бір күнде бәрімізде 24 сағат болғанымен, қарапайым менеджер мен Билл Гейтстің нәтижелерін бір қатарға қоя алмаймыз. Айырмашылық: дұрыс «приоритеттерді» қою және тек бір маңызды жұмыспен айнлысу. Қуанатын жайт, тек бір жұмыспен айналысуды кез-келген адам үйрене алады. Атақты, қорқынышты кітап жазушы Стивен Кинг, кітап жазуға күніне тек 4 сағат арнайды екен. Әрине таңы уақыттан түске шейін. Ал кешке отбасымен болады, қыдырады.
Өзіңіздің өнімділік уақытыңызды ешкімге бермеуге тырысыңыз. Тыныш, ештеңеге алаңдамайтын жер тауып отырыңыз. Ұялы телефон, почта, браузерлерден құтылыңыз. Әрине, адамдарға «жоқ» деп айтуға тура келеді. Мақсатыңызға жетелейтін уақытыңызды қалай қолданатыныңызды өзіңіз білесіз.
3-идея. Фокус = жеңіс.
Принцип Парето бойынша 20% еңбегіміз 80% жеміс әкеледі. Сол 20% бен ғана айналысуымыз керек. Google-компаниясының басты табысы тек сайттағы жарнама. KFC-ді біз тауықтарымен танимыз.
Жетістікке жету үшін, ауқымды бірақ тура әрі дәл бағытта ойлану керек.