June 13, 2019

Ұялшақтық

Филипп Зимбардо

Ұялшақтық – адам бойындағы жиі тарған қасиет. Біз бәріміз азды қөпті ұяламыз. Бірақ кейде, тым қатты ұялшақтық біздің арман-мақсаттарымзыға жету жолында кедергі болып жатады. Жәй ғана үндемей қалудан бөлек, жүректің дүрсілін жиілетіп жіберетін бұл қаситеттің қалай алдын алуға болады, және неден пайда болады. Бұл сұрақтардың жауабын, «ұялшақтық» маманы болып саналатын Филипп Зимбардоның кітабынан іздеп көрейік.


Ұялшақтықтың 3 қасиеті. Ішкі, сыртқы және физиологиялық. Ішкі ұялшақтық дегеніміз: тоқтаусыз ішкі-анализ жасау, басқалардың ойы туралы уайымдау, өз сезімдеріне үңіліу. Ал сыртқы қасиеттерге: сасқалақтау, қопалдық, көз соқтығысынан қашу, үндемей қалу және жабылып қалу. Үшінші физиологиялық: беттің қызаруы, жүрек қағысының жиілеуі және іштегі біртүрлі сезім. Негізінде жауапты сәттерде барлық адамдар өзің қолайсыз сезінеді. Ал ұялшақтар болса, сол сезімге одан саман үңіліп кетеді. Сондықтан ұялшақ адамдар көбінесе өз потенциялын жүзеге асыра алмай қалып жатады. Тіпті созылмалы ұялшақтық адамдардың өз-өзіне қол жұмасауына әкеліп соғады. Кейбір адамдар ұялшақтығын жақсы жасыра алады, ал кейбірі онша емес. Соның кесірінен басқа адам ролін ойнағандай болып көрінеді.


Өзіндік-анализ жасау, ұялшақ адамдардың көп уақытын және энергиясын алады. Ал бұл, шынайы алдына қойған мақсаттарға жетуіне кедергі жасайды. Олар өз әлемінде өмір сүргісі келеді, өйткені ұялшақтардың бірінші мақсаты көптің көзіне көрінбеу. Өзіне үңілудің екі түрі бар: ішкі және сыртқы. Ішкі дегеніміз өзіне және өзінің қасиеттеріне негативті баға беру. Сыртқа дегеніміз, қоршаған оратының өзін қалай баға беретініне, қабылдайтынына және шынай ойлары қандай екеніне үңілу.


Интроверттік пен ұялшақтықты көп адам шатастырады. Интроверт адамдар да, экстроверт адамдар да ұялады. Бірақ әр түрлі. Интроверт ұялғанда, басқа адамдарға қандай әсер бердім екен деп уайымдаса, ұялшақ экстроверт, жасырғысы келетін ішкі қалауларын көрсетпеуге тырысады.


Ұялшақ адамдардың өзінің потенциялын жүзеге асыра алмауы. Әсіресе шағармашылық адамдар қатты ұялшақ келеді. Шығармашылықтың жолы, сәтсіздікке толы жол. Ісімен айналыспауға сырттан бір сылтау тапса, оны жасауға онша тырыспайды да. Ал егер қолға алса, бірақ жеңіліске ұшыраса, «негізінде өзімде онша қаламадым» деп айтады. Өзінің қабілетінің жоқтығынан қорқып, осылай қашады.


Ұялшақ адамдардың өз эмоциясын тым көп жасыруы, аяғы жақсылыққа апармайды. Сабырлылық келбетінің астында негативтер мен айтылмаған сөздер, эмоциялар сыртқа шыққысы келіп тұрады. Бірақ олар аяғына дейін ешкімге көрсетпеуі мүмкін. Кейін ең қолайсыз сәтте барлығы сыртқа атылып шығары сөзсіз. Өміріңізде бір рет болсын жаңалықтардан естіген боларсыз. Өте ауыр қылмыстың, үндемей жүрген, сабырлы адаммен жасалуы. Қылмысқа итермелеген нәрседе соншалықты өткір еместі. Тек, соған дейін жиналған эмоциялармен негативтердің бір сәтте шығуы кесірін тигізген.


Адам бойында ұялшақтықтың болуының себептері: жас кезінде қолайсыз шарттарда өмір сүру, туылғаннан ұялшақтық, өмір жолында пайда болуы немесе қоршаған ортаның сынмен қарауы. Негізінде ұялшақтықты ғалымдар толық зеріттеп бітпеген. Зерттеулерге сүйенсек, бұл қасиет, адамның жауапты сәтте писихикалық қорғаны болып саналады.


Ұялшақтықтан құтылу жолдары.

Бірінші: қандай сәттерде ұялатыныз туралы жазып жүру, мүмкіндігінше күнделік арнау. Сол сәттерде ұялшақ болмасаңыз қандай іс-әрекеттер жасайтыныңыз турлы елестету және келесіде соған сай келуге тырысу. Кейін, жауапты сәтте өзіңізге сенімді боласыз.

Екінші: ұялшақ адамның араманына немесе мақсатына жету мүмкіндігі аз екенін мойындаңыз. сонда дамитын басқа эффективті құралдарды пайдаланасыз.

Үшінші: әлеумтттік пайдсы титеін бір қабілет дамытыңыз. Гитарада ойнау, суретке түсіру немесе тіпті болмаса жақсы әңгіме айтып үйрену. Қысқаша айтқанда адамдарға бір нәрсе ұсына алатын болыңыз. Бұл қоршаған ортамен гармониялық қатынаста болуға көмектеседі.

Төртінші: әлеуметтік өміріңізді жақсартыңыз. Кейбір адамдар жәй ғана сөйлесуді білмейді. Сізде адамдармен араласпай ұялшақтықтан арыламын деп ойласаңыз, қателесесіз. Көбірек кездейсоқ әңгімелер бастаңыз, таныс емес адамдармен сөйлесіңіз.

Бесінші: ең болмағанда аптасын бір рет «зона комфорта» дан тыс бір іс жасаңыз. Өз өзіңізе сенімділігіңізді өзіңізден басқа ешкім арттыра алмайды.

Алтыншы: қобалжуды жойыңыз. Қобалжудың алдын алу үшін жақсы дайындық және ұйқыны жақсы қандыру керек. Маңызды оқиға басталар кезде, өткендегі жақсы жағымды оқиғаларды еске түсіріңіз, бұл көмектесуі керек.

Негізінде халық алдында қалай тұрсаңызда, өзіңіз ойламағанша сіз ұялмайсыз.

Оқығаныңыз үшін рахмет! Достарыңызбен бөлісіңіз!