May 28, 2019

Цифровой минимализм

Кэл Ньюпорт

Көп адамдар гаджеттерсіз өзінің өмірін елестете алмайды. Ғалымдардың зерттеуінше, орташа есеппен смартфон иегері 3 сағатын экран алдында құртады екен. (кітапта солай жазылыпты, әйтпесе әр-кім өзі біледіғой, оданда көп екенін). Осы уақыттың бәрін жинасақ, бір профессия иегері болуға жеткілікті секілді. Ал біз оны қайда жұмсадық? Я. Білмейміз. Өйткені есімізде жоқ. Тек пайдсыз мағынасы жоқ ленталарды қарай бердік. Смартфон біздің өміріміздің айырылмас бөлігіндей. Қайда барсақта бірге, көшеде, үйде, кинода және кездесулерде. Сол кішкентай төрт бұрышты қара экран біздің өмірде тым көп емеспе? Бұл кітаптың авторы Кэл Ньюпорт цифровой гигиенаны қалай сақтап, уақытымызбен ақшамызды үнемдеуге көмектесетін жолдарды айтпақшы. Кітаптан алынған басты идеяларға көз жүгіртіп өтейік.


Идея-1. Адам - әлеуметтік тіршілік иесі, бұны телефон шығаратындар жақсы біледі. Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде дәлелденді, жәй ғана жақын досымыздан смартфонымызға хат келген кезде, дофамин дәрежесі өсіп, біз қуана бастаймыз. Ал басқа зерттеулерге сүйенсек, әлеуметтік желілерді көп қолданған, бақытсыздыққа ұшыратады. Сырттағы «идеальный» өмірді инстаграм арқылы қарап, өзіміздің кемшіліктерімізге үңіліп кетеміз. Сондықтан автор шынайы өмірде көп болуға кеңес береді. Шынайы сөйлесіп әңгіме айтуды ешқандай желі айырбастай алмайды. Егерде сіз бір-біріңе лайк басып, бір біріңді «друзья»-ға қосу дегеннен бас тартсаңыз, әрине желідегі достарыңыздың саны азайып қалуы мүмкін. Есесіне тек шыныменде маңызды адамдар қалады. Ал бұл өте жақсы.


Идея-2. Тым көп ақпарат, адамға зиян. Одан қорқыныштысы біз мида онсызда толып тұрған ақпараттан қорғана алмаймыз. Бір жағынан, кезедесе алмайтын, басқа қаладағы қымбат жанмен технологиялар арқылы сөйлесіп әңгімелесп, басқада туыстарыңның өмірінде не болып жатқандығы туралы хабардар болып жүру жақсы секілді. Сәби өмірге келсе құттықтап, туған күндеріне шейін жіберіп алмайсың. Бірақ сол Вк, Инстаграм болмағанда, есіңе түсер меді? Шынымен саған жақын адамба? Алғашқыда әлекметтік желілердің қызметі, алыстағы қымбат адамдарымен байланысты үзбеу болатын, ал қазір тіпті еш танымайтын адамдарға лайк басып, суретерінің астына коммент жазып отырамыз. Басқа елде саяхаттап жүргендердің көзімен қарағымыз келеді. Бірақ олардың не ішіп, не жегенін білудің қажеті жоқ. Пайдалы ақпарат, пайдасызбен араласып берілуде.


Идея-3. Цифровой минимализм – бұл толықтай заманауи технологиялардан бас тарту емес. Тек оған кететін уақытты есептеп үйренуіміз керек. Кез-келген программаны ашпай тұрып, оған қанша уақыт кететінін ойла. Инстаграм лентасы – мулде күдікті нәрсе. Қымбат автомобильдер, үлкен үйлер мен саяхат. Былайша айтқанда біздің дәл қазір қолымызда жоқ нәрселер – бізді бақытты ете қоймас. Цифровой минимализм – адамдарың өмірін ауырлату емес, керісінше жеңілдету. Бұл толған ақпараттан тек пайдалысын алу, маңызды адамдарды табу.


Идея-4. Цифровой минимализмнің 3 принципі.

Бірінші принцип – хаос үшін өте қымбат төлейміз. Смартфонда қаншалықты қосымшалар қөп болса, соншалықты уақытымыз бекерге кетеді. Оның үстіне концентрциямызды бұзады. Адамның ең қымбат ресурсы – ол уақыт. Біз уақыт алу үшін ештеңе істемедік. Туылғанымыздан бізде белгілі бар уақыт бар. Бірақ оны дұрыс пайдалана білуісіз керек.

Екінші принцип – оптимизация. Технологияның пайдалы жерін ғана алу үшін, оны шектеу керек. Мысалы сіз ғаламтордан белігілі бір журналды күнәра 30 минуттан оқитын болсаңыз, оның орнына аптасына бір күн бір сағатыңызды арнаңыз. Осылайша ақпараттанда құр қалмайсыз, уақытыңыздыда үнемедейсіз. Сондықтан ғаламторға кететін уақытты оптимизациялап үйренейік.

Үшінші принцип – саналы түрде қолдану. Саналы түрде қолдану үшін, қолыңыздағы технологиялар, сізге пайдасын тигізсін. Шұғыл қоңырау шалғанда, бір кісіні іздегенде немесе өз бизнесіңізде ғаламтордың пайдасы зор. Сондықтан тек саналы түрде қолданыңыз.


Идея-5. Цифровой минимализмді өмірге кіргізу үшін 30 күн қажет. Автордың айтуынша бұл оңай нәрсе емес. Біз тек 30 күн шыдап, одан кейін дым болмағандай баяғы күйге түсіп кетпеңіз. 30 кунде әдет қалыптастыру үшін, дозаны азайтыу үшін берілген күн. Ішіңіз пысқанда қолыңыздың қалай соткаға ұмтылғанын білмей қаласыз. Бұл тұрақты жағдай, осындай да сабырлық таныту керек. Оның үстіне, іш пысқанда аданың миы жақсы идеяларды генерациялайды. Бұл 30 кунде сіз ненің шынымен маңызды ненің керек емес екенін түсінесіз.


Соңғы идея. Жалғыздық және дұрыс таңдалған хобби. Жалғыздық – жаман нәрсе емес. Көптеген атақты адамдар жалғыз болған. Бұл деген айналаңдағылармен байланыс үз деген сөз емес, тек басынан қарым-қатынасты жөндеу. Кім шынымен сізбен дос, кім тек ғаламтордағы тізімде ғана. Жалғыз және командалық спорт түрлерімен шұғылданып тұрыңыз. Хобби қозғалыспен болуы тиіс. Суретке түсіру ұнаса, «картинкаларды» қарай бермей, қалаңыздың әдемі жерлеріне барып түсіріп, өз жұмысыңызды ұсынып көріңіз. Қысқаша айтқандай ғаламтордан әр-нәрсені тұтына бермей, өзіңіз де бір нәрсе жасаңыз.

Қорыта келе, гаджеттеріңіз сіздің қанша уақытыңызды алып жатқанын бақылаңыз, тек сізге ұнайтын және пайдасы тиетін нәрселерді қалдырып, қалғандарын тастаңыз.

Оқығаныңыз үшін рахмет! Каналға кітап сүйер достарыңызды шақырыңыздар!