September 29, 2019

Никогда не ешьте в одиночку и другие правила нетворкинга

Кітап не туралы? Байланыстар (связи) бәрін шешеді. Бұл кітапты жазған Кейт Феррацци – бес мыңға жуық байланысы бар. Европа мен Америкада жақсы байланыс құра білу, бизнесмендер мен менеджерлер үшін ауадай қажет қабілет. Жай ғана блокнотқа номер жинау емес, шынайы ашық, достық, пайдалы байланыс құра білу туралы.

Қазақша қысқаша шолу:

1. Кез-келген адамның кез-келген жерде достар шеңберін үлкейтуге мүмкіндігі бар. Ең бірінші ережелердің бірі – әрқашан біреуге жақсылық істегенде, көмектескенде, ешқандай арам ойсыз, шын көңілмен істеу.

2. Ғалымдардың шығарған теңдеуі:

ЖЕТІСТІК = СЕН КЕЗДЕСТІРГЕН АДАМДАР + БІРГЕ ІСТЕГЕН НӘРСЕЛЕРІҢ.

Сондықтан қарым-қатынастарыңды қолға алу – карьераң мен болашағыңды қолға алу деген сөз.

3. Ешқашан, бірінші шалған қоңырауыңда агрессия көрсетпе. Секретаршаларды ашуландыруға болмайтынын ұмытпа. Керісінше олармен жақсы сөйлесіп, көңіл аударып, түсіністікпен қарап юморды қолдансаң, алдыңнан көп мүмкіндіктер ашылады.

4. Ұйымдастырушыға (организатор, активист) көмектес немесе өзің сондай бол. Өз сфераңдағы іс-шараларды жасауға көмектессең көп адамдармен танысасың (әрине тырыссаң). Жәй ғана сөйлесе білу керек, кімді тыңдасаңда қызығып тыңда.

5. Интернеттің арқасында адамдарды, ресурстарды және мүмкінідктерді қосу бұрынғыдан қарағанда оңай болып кетті. Біздің уақытымыздың басты мәселесі осы. Сенің қосқан үлесің қандай болмақ? Осы сұраққа жауап берде, жемісін көр

6. ЖОМАРТТЫҚ + ОСАЛДЫҚ + ЖАУАПКЕРШІЛІК + АШЫҚТЫҚ = СЕНІМ.

Әңгіме барысында шынайылығыңды көрсе, адамдар бағалайды. Өзіңнің кішкене осал тұстарыңды айтқаның дұрыс, мақтанып қандай күшті адам екеніңді айта бермей. Бұндай тәсіл ашыла алатыныңды көрсетеді.

7. Танымал адамдарың назарын аудару үшін, сені оларға басқа бір адам таныстыру керек. Жұлдыздармен немесе өзіңнен жоғары адамдармен сөйлесу үшін, өзіңнің лайықты емес екеніңді ойлама. Сенде бір жұлдызсың, сеніңде жетістіктерің бар және сенде бұл әлеммен бір нәрсе бөлісе аласың.

Қорытынды:

Қортындылай келе махаббат, қатынастар және білім - қолданғанда азаятын банкте жатқан ақша емес. Таныс танысты, жеңіс жеңісті, досың басқа достарды әкеледі. Ал олар жеңісті әкеледі. Бастысы, бірінші бересің, содан соң аласың. Қаншалықты көп берсең, соншалықты көп аласың. Бұл заңдылық біздің уақытта толықтай дәлелденді. Айналамызға қарасақ: бәрі-бәрі адамдарың қатынасына байланысты болып тұр.

Кішкене басы қосылған адамдар, келісе жұмыс істесе әлемді өзгерте алады. Сенде, дегеніңе жеткің келсе, бірге ұмтыл.