August 3, 2019

Лаять не на то дерево

Баркер Эрик

«Табыс туралы білетіндеріңіздің көбісі өтірік екенін дәлелдейтін таңғажайып ғылыми фактілер »- кітап авторы Эрик Баркер.

"Заманауи адамның басты мақсаты не?"-деген сұраққа, жуықтап алғанда барлығы табысты болу дейді. Балаларды мектепте жақсы оқытуға, қосымша оқуға, фокультативтерге баруға итермейлейтін ата-аналар көп. Осының арқасында баланың болашағы жарқын болады деп үміттенеді. Бірақ қазіргі таңда адамның табысы мектепте қалай оқығандығына қатысы жоқ екендігін дәлелдейтін зерттеулер көп. Мектептегі жақсы бағалар баланың талантынан емес, оның тек күнде-күнде үй тапсырмасын уақытылы орындай алатындығынан болады. Ал қазір ата-аналар, баланы барлық сабақтан жақсы баға алу арқылы емес, оның мықты жақтарын дамыту арқылы көмектесе алатындарын түсінбейді.


“Жаман” және “басқа”

Фильтрден өткен және өтпеген лидерлер зерттелген тәжірбие бар. Оны өткізген Гарвард университетінің профессоры Гаутама Мукунда. Оның ойынша фильтрде өткен лидерлер барлық керекті білімді біледі және сәйкес қабілеттері бар. Карьера жолында барлық қиындықтардан өтіп, өзін жақсы жағынан көрстеіп, басқару мүмкіндігі бар екендігін дәлелдеу арқылы қазіргі дәрежеге жеткен. Қысқаша айтқанда фильтрден өткен. Ал фильтрден өтпеген лидерлерге мысалы Уинстон Черчиль жатады. Оның мінезінің өзі көп адамдарға жақпаған. Англияның жауларының бәрін жек көрген. Бірақ осындай характерінің арқасында англия адамдары оған сеніп, сенімдері ақталған. Өйткені Англия Черчиль басқаруында жақсы қорғаныста болды.

Мукунданың тәжірбиесінен тек лидерлік қасиет туралы емес, басқа кеңірек маңынада түсінсек болады. Адамның бір қарғанда “минустарын” дұрыс қолднып “пайдалы” қылып алуға болады. Осы адамды ерекшеленідері. Мысалы Израиль армиясына жаппай дрондар шабуыл жасағанда, күні түні, ештеңеге назар аудармай аспанды күзетіп тұратын арнайы әскерлер керек болған. Бірақ жай адам олай ұзақ бір нәрсемен шұғылдана алмайды. Есесіне, аутистикалық ауруы бар адам жақсы орындай алады екен.

Сондықтан ондай адамдарды “жақсы” немесе “жаман” емес “басқаша” деп бөлу керек. Өзіңіздің кемшілік деп ойлап жүрген “басқаша” қаситеріңізді, ерекшелену үшін, мақсат жолында қолданыңыз.


Әрқашан жақсы адам болу.

Өкінішке орай өтірікші, арам немесе агрессивті адамдар жақсы, адал адамдардан қарағанда көп алады. Проблема бізге кішкентайымыздан ертелі-кеш жақсылық жеңеді деп үйеткен. Шындығында, шынайы өмірде олай емес секілді.

Қылмыстық топтарды зерттеген бір тәжірбие бар. Нәтижеге сүйенсек, қылмыстық топтағы адамдар, біреуді алдау үшін бірнеше адам болып бірігеді. Ешкімге сенуге болмайтынын біле тұра олар, егер қосыла жұмыс істегенде көбірек табыс таба алатындығын түсінеді. Әрқашан артыңда “өзіңнін” адамың тұрса, қылмыстық ісіңмен толықтай айналыса аласың. Бірақ артыңнан пышақ тығып алу қаупі әрқашан бар екендігіне тәуекелге барады.

Экстроверттер және интроверттер.

Карьерада жылдам көтерілетіндер “экстроверттер” болып саналады. Бірақ таныс адамдардың көп болуы керекті, бірақ көтерілу жолында жеткіліксіз. Қабілет пен өз ісіңді білуде өте маңызды. Ал бұл нәрселер, әдетте интроверттерде жақсы дамыған. Оның үсітне бастық интроверттер жақсы бағаланады. Олар жұмысқа толықтай жауапкершілікпен қарайды.

Жұмыс пен демалыс арасындағы баланс.

Японияда тоқтамай жұмыс істей бергеннен өліп қалсаң, ешкімді таң қалдыра алмайсың. Олардың мұндай қасиеттеріне қатты қызығудың қажеті жоқ. Зерттеулерге сүйенсек 70 сағаттық жұмыс 55 сағаттық жұмыстан еш айырмашылығы жоқ. Шаршаған ми өнімділікті арттыра алмайды. Сондықтан жұмыста бір уақытта бастап, бір уақытта бітіріп жүріңіз. Жұмыс орнын ретке келтіріңіз. Күніңізді дұрыс жоспарлаңыз.

 

Без плана мы делаем то, что легко и просто, а не то, то принесет больше результатов. - Эрик Баркер.

Оқығаныңыз үшін рахмет! Досыңызға жіберіңіз!