June 1, 2019

Тыныштық сағаты

Дэвид Хорсагер

Бір сағаттық тыныштық.

Аптасына тағы бір күн керек болып жүрсе, келесі кітап сіз үшін. Бастаған ісіңді аяқтап, барлығына үлгер. Бизнесмен әрі жазушы Дэвид Хорсагердің уақыт және энергияңызды сақтайтын 35 сабағы. Әр сабақты бірден практикада қолдануға болады.


1.    Баяғылардың сөзінше әдет – екінші жан дүниең. Ертең кім болатыныңыз бүгінгі әдеттеріңізге байланысты. Әдет қалыптастырудың әдіс-тәсілдері аз емес, соларды қолданыңыз. Жаман әдеттерді жақсыға ауыстыру, ең сенімді жол.


2.    “Жоқ” деп үйреніңіз. Сіздің біреуге “я” деп жауап беріп біршама уақыттан айырылған кездеріңіз болған шығар. Блу керек нәрсе, баршамыздың уақытымыз шектеулі, энергиямызда шексіз емес. Сондықтан кейде, басқаның қалауына қарамай, тек сізге ұнайтын таңдау жасауға әбден болады.


3.    Қиын проблема келсе сасқалақтамаңыз. Кейбіріміз алдына қиындық келсе, неге жүгінерін білмей қалады. Ал бұл сізге мүлде көмектеспейді. Біріншіден, проблемаға стратегиялық көзқараспен қараңыз. Екіншіден оны шешетін этаптар мен қадамдарды жазыңыз. Үшіншіден сол тапсырмаларды шетінен орындаңыз. Қолдан келетін болса, асықпай келесіне көшесіз.


4.    Компьютеріңізді жаңартыңыз немесе оптимизация жасаңыз. Егер компьютеріңіз кішкене қататын болса, жаңасын алуға болады. Өйткені біз күніне біршама көп уақытымызды соған арнаймыз, оның кішігірім бітпейтін проблемалары біздің қымбат уақытымызды алады. Смартфоныңыздағы ескі программаларды өшіріп тастаңыз, техниканыңда өнімділігі шектеулі.


5.    Артық гаджеттерден құтылыңыз. Ал егер жаңасын сатып алатын болсаңыз, интернеттен басқа адамдардың сын-пікірлерін оқып көріңіз. Оның неге арнап сатып алып жатқаныңызды ойланыңыз.


6.    Қағаз құжаттарды тастаңыз. Қазір электронды құжаттар әлде-қайда көп қолданылады. Керек құжаттарды сканерлеп, дискіге сақтап қойыңыз. Сосын, маңызды құжаттардың көшірмелерін жасаған жөн.


7.    Интеллект-карталарды қолданыңыз. Олар сіздің ойыңызды қағазға көшіріп, приоритеттерді анықтауға көмектеседі.


8.    “А” дан “Я” ға дейін жоспарлаңыз. Маңызды әрі жақын арада бітіру керектер А пункітінде, уақытында шектеуі жоқтар Б немесе ары қарай кете береді. Бұлда сіздің уақытыңызды дұрыс пайдалануға көмектеседі.


9.    Жұмыс істейін үстеліңіз таза болсын. Қағаздар мен құжаттар толып немесе шашылып жатса, сіздің назарыңызда алады. Сондықтан, мүмкіндігінше күніге, керек емес нәрселер жұмыс үстеліңізде тұрмаса жақсы.


10. Ұшуды жоспарлау. Егер көп ұшатын болсаңыз, бұныда ойластырған жөн. Біріншеден жолға шықпас бұрын керекті құжаттарды түгендеу. Екіншіден қолыңыздағы телефон, ноутбук немесе планшеттің энергиясы толықтығын тексеру. Барлығын 100% қылып ұстағаныңыз жақсы, мүмкін ұшақ кешігеді, мүмкін жолда кептелістер болып қалар.


11. Телефонды дұрыс қолданыңыз. Біреуге қоңырау шалмас бұрын не айтатыныңызды және қалай айтатыныңызда анықтап алу. Мүмкінідігнше аудио хабарламаларды жібермеңіз. Жиналыстарда телефон дегенді тіптен ұмытыңыз.


12. Кез-келген нәрсеге әрқашан дайын болыңыз. Жұмыста жақсы көрсеткіштерге жету үшін әрине жақсы жұмыс жасау керек. Соңғы жаңалықтармен хабардар болу керек. Кептелістерде немесе кезек күтіп тұрғанда жұмыс материялдарын қарау – уақытыңызда құр жібермейді. Қолыңызда блокнотпен қаламсап болсын – жақсы идеялар күтпеген жерден келеді.


13. Ереңгі күніңіз бүгіннен басталады. Маңызды тірліктерді ерте жоспарлаған жөн. Азанда жұмысқа асыққанда емес, кешкісін 15 минут арнасаңыз жеткілікті. Кезекті маңызды жұмысты бітіріп, қағаздан сызып тастау – керемет сезім емеспе.


14. Бәрін жазып жүруге тырысыңыз. Көбісі ештеңе жазбайды, біарқ сіз көбісінен сабақ алмаңыз. Барлық шығындар мен кірістерді жазып жүрсеңіз, ойланбастан пайдасыз заттарды сатып алмайты боласыз.


15. Алдымен жақсы жағдай жасаңыз. Бәріміздің бірден тау қопарғымыз келері сөзсіз, бірақ жақсы ұйқы, дене шынықтыру, дұрыс тамақтану және рухани даму болмаса, жеңіл тапсырмаларды да орындау екі талай.


16. Назарыңыз бір жұмыста болсын. Ешқандай адам бірнеше маңызды жұмыстармен айналыса алмайды, кері жағдайда жұмыстың сапасы мен жылдамдығына нұқсан келеді, адам солай жаратылған.


17. Сізді мақсатыңызға жақындататын ең маңызды әрекеттерді жазып қойыңыз.


18. 90 кун алға жоспар құрып үйреніңіз. Ең жақсы жоспар 3-айлық жоспар. Күнделікті немесе қысқа уақытқа жоспар, басты фокустан айырылады.


19. Адамдар бірінші орында. Жеке өнімділігіңіз әрине маңызды. Бірақ шынайы бақытты болу үшін, жақындарыңызбен қарым-қатынасыңыз гармонияда болуы керек.


20. Үлкен сұрақтарға назар аударыңыз. Шыныменде керемет нәрсе істеу үшін, бос уақытта армандап, ойлануды жақсы көруіңіз керек. Күнделікті қарбалас өмір – маңызды сұрақтармен ойландырмайды.


21. Керек заттар қолыңызда болсын. Көңілді басқаға болмес үшін мысалы қағаз басты жандардың жанында степлер, маркер және т.б заттармен алдын ала қамтамасыз болған жөн.


22. Екі жұмыс бір уақытта істеу. Бұл жерде 16 пунктке кері секілді. Бірақ мысал ретінде жеңіл жұмыстар келтірілуде. Телефонмен сөйлесіп, компьютерде архивтерді реттеп отырсаңыз болады.


23. Ғаламторға тәуелді болмаңыз. Басқа біреудің өмірін аңду – сірә сізді бақытты қылмайды.


24. Клавиштерді жылдам пайдаланыңыз. Мүмкін сіз программалармен көп жұмыс жасайтын боларсыз. Оны жылдам қолданатын жолдар әлбетте бар, соларды үйрінп алыңыз.


25. Көшірме жасап алыңыз. Ертелі кеш компьютеріңіз бұзылады. Ең маңызды заттарды басқа жерде сақтап қойғаныңыз жөн.


26. Жылдам өмір сүріңіз. Қазір нені болмасын жылдам жасау сәнге айналып барады. Кітап оқу, компьютерде жазу тіпті үйықтау. Сізгеде бір қабілетіңізді жақсартатын уақыт келген шығар?


27. Шаблондарды қолдану. Хат алмасқанда, көп жағдайда айтатынымыз бір зат. Уақыт үнемдеу үшін, көп қолданылатын сөйлемерді дайындап қойсаңыз болады.


28. Ерте тұруға тырысыңыз. Бай адамдармен кедей адамдарың ең бірінші айырмашылығы ерте тұру. Әсерін оданда жақсарту үшін, ерте тұрып жаттығу жасаңыз, бұл күні бойға энергия береді. Оның үстіне таңғы асты қортуға көмектеседі.


29. Жиналысты барынша қолданыңыз. Талқыланатын мәселелерді алдын ала жазып барыңыз. Жай ғана өтті болды деген жиналыстың ешкімге пайдсы жоқ, сізге де.


30. Электрондық початңызбен айналысыңыз. Оқылмаған хаттар жиналып қалмасын. Кездесу туралы болатын болса, бірден жауап беруге тырысыңыз.


31. Шабыттаныңыз. Ешқашан өзіңіз қызығатын, әрі ақша әкелетін жұмысты іздеуді тоқтатпаңыз.


32. Жұмысты жақсы жасауға тырысыңыз. Кей��е мінсіз жасауға тырысудың еш жаман жері жоқ.


33. Өзіңіздің энергияңыздың дәрежесін бақылаңыз. Қай кезде сіздің күшіңіз тасқынып тұрады? Таңертең? Түсте? Мүкін кешке? Бұны білсеңіз, күндік жоспарыңызды дұрыс жасайсыз.


34. Проблеманы шешіңіз, кейінге қалдырмаңыз. Біріншіден олар жинала береде, сосын әлбетте жаман әдетке айналады. Екіншіден өзі ісіңіз болса, бірден айналысуға не кедергі?


35. Бір сағаттық тыныштық. Ең маңызды мәселелермен айналысуға күніне 1 сағат жеткілікті. Ешқандай хаттар мен қоңыраусыз, телефонсыз тыныш бір сағат.

Оқығаныңыз үшін рахмет!

Кітап сүйер достарыңызға жіберіңіздер!