Меньше значит больше
Беккер Джошуа
Минимализм туралы бұл кітапта, үйдегі заттардың аз болуының қандай пайдасы тиетіндігі туралы жазылған. Аз зат болса, заттарға жұмсалатын уақытта, ақшада аз болады. Кітап авторы Беккер үйінде керек емес заттардың көп екендігін түсініп, артық заттарды тастап, барынша қайырымдылық қорына өткізіп тек керек заттарды қалдырған. Осылай ша үйінде әрқашан таза әрі ұқыпты. Үй жинауға кетеін уақытта азаяды екен.
Кітаптың қеректі жерлерін қысқаша түртіп өтейік.
Үйді керек емес нәрселерден тазатқаннан кейін, әлемді басқаша сезінесіз. Минимализмді – өмір сүрті салты деп қарастыруға да болады, және бұл салттың бірнеше артықшылықтары бар. Біріншісі: уақытыңызды үнемдейді. Қаншалықты аз зат болса, соншалықты үйде бос орын болады. Ал қаншалықты бос орын көп болса, үй жинағанда оңай. Екіншіден: қаржы жағы. Үйде қаншалықты аз зат болса, соншалықты оған кететін ақша да аз.
Минимализм салтын ұстанатындардың айтуынша, байлық деген тым көп, тіпті керек емес заттың болуы емес, керісінше аз заттың болып, ақша мен уақытты барынша арман мақсаттарымызға жұмсау. Біздің заттарымызбен бірге олармен қоса эмоцияларда сақталады. Кейде заттармен тым жақсы емес, тіпті негативті эмоциялармен байланысты болады. Сондықтан олардан тезірек құтылу дұрыс жол.
Рекламаның кесірінен сіз көп зат сатып алғыңыз келеді. Негізінде бір затты сатып алмас бұрын, таңдауыңызға ешкім кедерге келтіре алмайды. Бірақ қазіргі таңда маркетологтар сіздің шешімізге қатты әсер етеді. Реклама мен маркетинг ХХ ғасырдың басында, қазір біз білетін кейпінде дүниеге келге. Сол кезден бастап адамдарға көп затты бірден сатып алуға болатындығын миларына құя бастаған. СМИ болса, бірденнен жетістікке жеткен адамды үлкен үйі бар, жақсы көлігі бар адам деп көрсете бастады. Қазірде сондай, тек қатты дамып кеткен. Сокта болса Айфон болмаса болмайды. Бұл кітаптың авторы зат сатып алуға келгенде еш қарысылығы жоқ, тек сатып алмас бұрын, шынымен өзіңіз солай шештіңіз ба немесе біреу айтып жіберді ма ойланғаныңыз дұрыс демекші.
Кей заттармен қоштасу қиын болса – негізгі мақсатыңызды еске түсіріңіз. Біздің көп заттарымыз бір эмоциямен, естеліктермен байланысты. Бірақ бір затты лақтырып жатқан кезде сіз заттан құтыласыз, естеліктен емес. Оның үстіне босаған орынға оданда жақсы оданда пайдлы жаңа нәрсені іздейсіз. Бұзылған техниканың лақтыруға асықпаңыз, оны бөліктеп сатуға немесе жөндеп сатып жіберуге болады. Бірақ жаңа техникағада қатты қызығудың қажеті жоқ, сіздің қолыңыздағы техникада түрі мен түсі болмаса жаңа моделдерден кем емес болуы мүмкін.
Минимализмнің түрлі жолдарын қарастырып көріңіз. Мысла, автордың танысы бір әйел кісі склероз бен аурып, ауру туарлы білген сайын көңіл-күйі түскен. Бірақ қанша зат сатып алсада қуаныш әкелмеген. Кейін осы минимализмді қолданып, 3 айға кейтін киімдерін азайтып, тек сол киімдерді киген. Сосын оған бұрынғыдай соншама киімнің қажет емес екендігіне көзі жеткен. Бүгінде ол не кисем болады деген бас қатыру болмайды. Бұл уақыттыда писихиканыда үнемдейді. Бұл тәжірбие туралы өзініз бологында бөлісіп, басқа мыңдаған адамдардың өмірін жақсы жақа және жеңіл жақа өзгерткен.
Минмализмнің қарапайым ережерлері.
1. Үйқыдан тұрған соң бірден төсек орнын жинау.
2. Тамақ ішіп болған соң бірден ыдыстарды жуып тастау.
3. Парақ немесе қағаздарды үйге кірсе салысымен реттеу.
4. Шкафта бос сөрелердің болуы.
5. Әр кеш сайын заттарды өз орнына қою.
Минимализ тек керек емес заттардан арылу емес, жалпы өмірімізді жеңілдету болып саналады. Мысалы бір айда кететін шығындарды толық тексерсеңіз, дым пайдасы жоқ дүниелерді табуыңыз мүмкін.
Бұл кітаптың авторы «Hope effect» қайырымдылық қорының құрушысы. Беккердің қалауы адамдарың рухани гармонияға, басқа адамдарға көмектесу арқылы жету. Шыныменде кішкене ескірсе жаңа зат сатып ала бермей, мүмкін бізденде нашар жағдайдағы жандарға көмектескеніміз дұрыс шығар.
Оқығаныңыз үшін рахмет, досыңызға жіберіңіз!