September 29, 2019
Номер 1
Игорь Манн
Кітап не туралы? Қалай өз ісіңнің шебері атануға болады.
1-бөлім. ИДЕЯ.
- "Жолы болғыштық" - деген бар, бірақ көп жұмыс істейтіндердің ғана жолы болады. Қаншалықты өз арманыңды реализациялауға тырыссаң, соншалықты жолың болғыш болады. Бірақ жоспарыңда сәттілікке сену болмауы тиіс, ол нашар стратегия. Әдетте, өз ісін тез бастап, тез жұмыс істей алатындар, уақыттың аздығына жалып айтпайды.
- Ең қымбат тауар - идея демекші, айтатын адамдар бар, жасайтын адамдар бар. Егер бір жақсы идея ойлап тауып, бірақ оны сата алмасаң, ол жақсы деп саналмайды.
- Мен үшін дамуда бірінші орында, дұрыс сөйлеу мен сахнаға шыға білу. Мен бұлар үшін не істеу керектігін білемін, ең маңыздысы, жасаймын. Адамдармен жақсы сөйлесе біл, Роберт Орбен айтпақшы: "Кіммен бірге күлуге болатын болса, сомен бірге жұмыс істеуге де болады"
- Номер 1 болуың үшін, алдымен жүріс-тұрысың соған сәйкес болуы тиіс. Бірақ сырт келбетпен мақтану - жақсы дәреже көрсеткіші емес. Ең маңыздысы нәтиже, қанша кітап оқысаңда, басың не бір нәрсеге толы болсада, нәтиже жоқ болса, номер 1 емессің.
2-бөлім. ПРАКТИКА.
- Кез-келген жерде, жымида, әңгімеңді баста. Мүлде таныс емес адамдармен әңгіме бастап кетуге болатын сөздерді алдын ала дайындап қой.
- Әрқашан өз кезегіңнен бұрын кіріп кетуге сұран.
- Кітапты тез оқып үйрену үшін, тек көп оқу жеткілікті.
- Керекті адамдармен қарым қатынас орната біл. Тез арада өз салаңдағы сенен жоғары бір адамды тауып, сабақ ал.
- Өзіңнің қанша тұратыныңды, қанша ақша әкеле алатыныңды айтуға әрқашан дайын бол.
- "Жоқ"-деп жауап беріп үйрен.
- Шақырылған жеріңе 5 минут ерте бармасаң, 5 минут кешіктің деген сөз.
- Киім үлгіңе мән бер. Әсіресе, детальдарға: көзілдірік, бас киім, орамал, сағат, белдік, галстук. Өзіңмен бірге әдемі қара блокнот пен жақсы қалам болсын.
Қорытынды.
Өзіңнің жеке брендингіңді дамыта біл. Сөздік қорыңмен (және қалай пайдаланатының) сенің карьераңның арасында тікелей байланыс бар. Іскерлік сауатыңның дәрежесі, саған байқалмай сыналып жатыр (почта, әлеуметтік желілердегі әңгімең: смс, инстаграм, вк, whatsapp)
Нені қалай істеу керегін үйреніңіз, сосын міндетті түрде істеңіз.
Негізі бұл кітапта көптеген тапсырмалар мен тақырыпқа сәйкес фильмдер берілген. Бір тақырыптан екінші тақырыпқа, тапсырмаларды орындамайынша өтпеуді сұрайды. Қысқаша айтқанда іскерлік этиканы ұстануды үйретеді. Сондықтан, кәдімгідей жұмыс жасаймын дегендер оқыса, күшті болады)