Есть. Молиться. Любить.
Элизабет Гильберт.
Жас кезіміздегі ізденушілік бізге бақыт әкелетін. Жалпы бақыт дегеніміз, өзіміздің сүйген ісімізбен айналысу, ал ол істі табу қазіргі таңда оңай емес. Өсе келе қоғамда қабылданған шекаралармен шектеліп, өзімізден үлкен афторитеттердің ойларына мойынсұнып, кейді тіпті армандарымыздан бас тартып жатамыз.
Біреу жазушы болғысы келсе, біреу суретші болғысы келеді. Әлемде қанша адам болса, сонша армандар мен мақсаттар бар. Дисциплина, әрқашан алға ұмтылу, мүмкіншіліктеріңді білу және еңбектің маңызын түсіне білу – бұның барлығы, кітап авторы Элизабеттің айтуынша, шығармашылық жол болып саналады.
Шығармашылық – ішкі қазынаны іздеу. Іздеудегі ең маңыздысы – қызығушылық. Бірақ ересек адамның бір нәрсеге деген қызығушылығы жас кезімен салыстырғанда әлде қайда төменірек.
Элизабеттің айтуынша “қорқу – тым іш пыстырарлық іс”. Сондықтан қоғам шектеулеріне түспей, сен туралы ертесіне ұмытып кетеін адамдардың ойын есепке алудың қажеті жоқ.
Барлық адамдарда қорқыныш сезімі болады. Әдетте жаңа бастаманың алдында. Бірақ қорықпайтын адамдар мүлде болмайды. Сондықтан тек қорқып тұрғаннан ғана идеялардан бас тарту ақымақтық болып саналады. Тек қорқудан еш қашып құтыла алмайтынымызды түсіну керек, тек сонда уақыт өте келе зона комфортадан шығып, ол сезіммен күресіп үйрене бастайсыз. Кейіннен тіпті оны күшке айналдырып алуға болады.
Шабыт өшсе де, жұмыс жасауды жалғастыру керек.
Элизабет өмірдің тым қысқа екендігін, уақыттыңда шексіз емес екенін ескертеді. Сондықтын барынша тезірек потенциялымызды жүзеге асыруымыз керек. Шығармашылық шабыт келіп тұрғанда адам ерекше бір күшке ие болады. Сол сәтте жаңға жағатын бір істі тауып, күні түні басымызбен кіріп кете аламыз. Өкінішке орай бұл энергия уақытша ғана. Сондықтан мақсатқа жету жолы қотыр және кедергілерге толы. Сондықтан шабыт кеткен кезде де өз ісімізді жалғастыра білуіміз керек.
Бірінші басқаға емес, шығармашылықпен алдымен өзіңіз үшін айналысыңыз.
Шығармашылықпен бірінші басқаларға көмектесемін дегендер ең алдымен бақытсыз келеді және бір бұрышқа қамалып жүреді. Барлық адамның көңілінен шығу мүмкін емес. Сондықтан бірінші өзіңіздің бақытыңыз үшін әрекет етіңіз. Шығармашылық өзіңіздің ішкі шекараларыңыздан шығу, жаңа нәрсені көру және сезіну – ал бұл өте жеке нәрсе.
Қортындылай келе кітап аворы Элизабет, ең үлкен бақыт – бұл өз ісіңізбен ешқандай ауыртпашылықтарсыз, біреудің айтқанымен емес өз жолыңызбен ішкі шекараларды зерттеу.