July 6, 2019

Сила убеждения. 101 советов по сторителлингу.

Кирилл Гопиус.

Сторителллингтің пайда болуы.

«Сторителлинг» сөзі бізге әрине ағылшындардан келген. Орысшаға аударғанда «рассказ историй». Сторителлингке қызығушылық Ресейге келгеніне көп болған жоқ, ал Батыс елдерінде жуықтап 10 жылдан бері қолданылып келе жатыр.

Сторителлинг кім үшін? 21 ғысырдың нарығындағы бәсекелестік тым қатты. Сондықтан тауар мен қызмет түрін ұсынушылардың барлығы ерекшеленуді көздейді. Байқасаңыздар жарнаманың өзінде бір кішігірім басымен аяғы бар оқиға айтылады. Жақсы оқиға айта білу, тауарыңызға қосымша құндылық әкеледі. Айналаңызға тыңдаушылар жиналады, бұл әрине сіздің бизнесіңізге немесе проектіңізге сөззіс пайда әкеледі.


Сторителлинг айтып үйренейік.

Кез-келген жақсы әңгіме немесе оқиға 3 бөліктен тұрады.

Бірінші бөлік. Миф.

Шынымен болған оқиғаның, шынымен болған адаммен айтылуы. Рөлдегі адамның бір нәрсені жеңуі немесе қиындықармен кездесу, қандай сәтте қандай шешім қабылдағаны туралы. Геройдың артқы жағындағы фон өлі түрде болмауы керек. Әңгімеңізде оның қоршаған ортамен байланысын түртіп өтіңіз, қандай жерде қандай адамдармен. Оның әбір жасаған ісінің нәижесі болуы керек. Әңгімеңіздің бір қызықтыратын құписы болсын. Ақшадан артық адамдарды қызықтыра алатын тек құпия. Айтылған оқиға туралы әр-түрлі ой пікірлер қалыптастырыңыз.

Екінші бөлім. Ритуал.

Сөйлеудегі ритуал дегеніміз – қимылдар, мимика және дауыс ерекшелігі. Ешқашан сахнада немесе басқа жерде болсын парақтағы текстті жаттап алудың қажеті жоқ. Аудиторияңызды сезініңіз, қандай күйде, қандай сөздер қатты әсер етіп жатқанына мән беріңіз. Сөйлеу барысындағы кішігірім паузалар, қимылдар текстіңіз секілді маңызды.

Үшінші бөлік. Құрбандық.

Әңгімедегі геройдың түрленуі үшін ол бір құрбандыққа баруы керек. Бір нәрсеге қол жеткізу үшін неден айырылды, қандай өзгерістер пайда болды және қандай адамға айналды. Геройдың қорқыныштар мен сезімдерін айтушы өз аудиторисына жеткізу білуі керек. Сонда тыңдаушылар героймен салыстырмалы түрде өздерін анықтай алады.


Өз тарихыңызды айту барысында сіз аудиториямен жұмыстың 4 этапынан өтесіз – өзіңізге назар аудартқызу, сенім ұялату, сендіру және шабыт әкелу.

Тарих айта білетін адамның ережелері:

1. Бастамас бұрын, кішкене тоқтаңыз. Тыңдармандарыңызға қарап жеңіл жымиыңыз. Бұл аудиторияның толқып күтуін жеңілдетеді.

2. Әңгіме барысында тыңдармандарыңыздың көздеріне қараңыз. Көз контактісі сенім ұялату үшін маңызды.

3. Аудитоияңызға арнап олар туралы бөлек әңгіме дайындаңыз. Тарихтағы героймен тыңдармандарды байланыстырыңыз.

4 .Асықпаңыз, паузалар жасаңыз.

5 .Тақырыбыңыз аудитория үшін қызықты болуы тиіс.

6 .Аудиторияның сізге деген қызығушылғы өзара болуы керек.

7. Сөздеріңізге деген реакциясына назар аударыңыз.

8. Тыңдарман мен бірге сезініңіз.

9. Қандай әңгіме болмасын, аудиория басқаша қабылдауы мүмкін. Бұның еш жаман жері жоқ.


Сторителлингті бастаушыларға деген таңдаулы кеңестер.

- Дауысыңызбен жұмыс жасаңыз. Бастамас бұрын қыздырыныңыз. Жарқын сөйлеңіз, бірақ тым қатты емес.

- Кішігірім оқиғаларды 5-7 минутта айтып үйреніңіз. Уақытты дұрыс пайлаланыңыз.

- Диафрагмамен дұрыс демалыңыз, көкірекпен емес.

- Текстті жаттап алмаңыз, бұның еш мағынасы жоқ. Керекті сюжеттерді білсеңіз болды.

- Бірінші минуттарда залда “запряг” болады. Зал сізге үйренуі керек.

- Басында анектод немесе әзілден бастасаңыз болады. “эмоциональный посыл” жіберіңіз, зал сіздің айтарыңызға дайындалады.

- Сөзіңізді ұмытып қалдыңызба, тоқтап кешірім сұрамаңыз. Жалғастырыңыз.

- Ойларыңыз басқа жақа қашып кете берсе, әңгіме барысында детальдарды суреттесеңіз болады.

- Сюжет басқа жолға түсіп кетсе, уайымдамаңыз. Оны сізден басқа ешкім білмейді.

- Тәмамдағаннан кейін асықпаңыз. Залға жымиыңыз, ду-қол шапалақтарды естіңіз.


Тарих айта білу – жай ғана қабілет емес, керемет өнер. Жалқаулардың қолдары жетпейтін өнер. Тек өз ойымды айналама жеткіземін деген адамның тынбас еңбегімен келеді.

  Оқығаныңыз үшін рахмет!

Досыңызға жіберіңіз!