September 20, 2019

Со всеми и ни с кем

Барлығымен және де ешкіммен

Harvard Business Review, Psychology Today и Wired журналдары - Майкл Харрис жарияланымдарының толық тізімі осылармен шектелмейді. «Барлығымен және ешкіммен» - бұл әлеуметтік желілердің дәуіріне, ақпараттың көптігі мен адамның жалғыздығының өрлеуіне деген симметриялы жауап. Харрис кітабының негізгі идеялары.

Идея 1. Адамдардың ғаламторға кететін уақыттары күннен-күнге көбйіп барады.

Интернет қазір прогресстің негізгі қозғалтқышына айналды, қазіргі уақытта ол коммуникациялық технологияның шыңы болып табылады. Эволюцияға көз жүгітсек ақпарат тасудың жолдары - папирус, плитка, пергамент, қолжазба және баспа кітаптары және соңында твиттер. Адамзат білім мен коммуникацияны берудің жаңа тәсілдерін ойлап табуда, ал ескі тәсілдер қайта оралмастай кетуде.

Егер Иоганн Гутенберг 1450 жылы бастаған типографиялық төңкеріс бірнеше ғасырларға созылса, онда цифрлық революция дәл осы жерде және дәл қазір болып жатыр. 2000 жылдан 2010 жылға дейінгі кезеңде Интернетті пайдаланушылар саны 566% артты. Ал 2012 жылы Google опростары триллионды да еңсерді. Сізбен бірге қазіргі уақытта әлем халқының 40% -ы желіде бола алады. 1-2 минут бос уақыт болсын, адамдар интернетке кіріп үлгергісі келеді.

Адам үшін Интернет бұл бай өмірлік тәжірибенің құрамдас бөлігі ғана емес, оны іс жүзінде алмастырып барады. Қазіргі заманғы «цифрлық тумалардың» ұрпағы Интернеттен демалудың маңыздылығын түсінбек түгіл, одан кішкене шектелуге де тырыспайды. Интернетсіз өмірдің құндылығын шынымен Интернетсіз уақытта өмір сүріп үлгергендер ғана сезіне алар.


Идея 2. Есте сақтау қабілетімізбен не болмақ?

Кейбір зерттеушілердің айтуы бойынша: «Жастардың үштен бір бөлігі өздерінің телефон нөмірлерін де есінде сақтамайды». Басқа ғалымдар қазіргі адамдар ақпараттың өзін емес, оның қайнар көзін есте сақтайды деп сендіреді. Шынында, әрқашан қолда болатын нәрсені есте сақтап не қажеті бар? Интернет адамның миынан гөрі ақпараттарды жақсы сақтайды. Алайда, ақпараттың көп мөлшерін есте сақтаудағы адамға пайдасы зор. Сонымен, тіпті кішігірім әңгімелерді, кішігірім өлеңдерді жаттау адам жадының дамуына ғана көмектесіп қоймайды. Адамның жады мінсіз болмағандықтан, адам өзінің тапқырлығын пайдаланып, өткеннің толық суретін салуға тырысады.


Идея 3. Интернеттегі адам жалғыз.

Facebook-тің жүздеген достар немесе Twitter-дегі 1000 подписчик сізді жалғыздықтар арылтпайды. Интернетте танымал болу кез-келген адамның қолынан келеді. Бар болғаны суреттер немесе видеолар салып, бірнеше ақпараттармен бөлісіп тұрсаңыз болғаны. Адамда лайк басып, талқылай бастайды. Бұл бірақ шынай өмірдегі қарым-қатынасты алмастыра алмайды. Адамдар тамақ суреттерін, кинотеатрдағы фотосуреттерді, спортзалдағы видеоларымен бөлісуге құмар, яғни өмірде болып жатқанның бәрін дерлік жүктейді. Бұл бізге күнделік жазып жүруді еске түсіреді, бірақ айырмашылығы жер мен көктей. Күнделік - бұл жеке, құпия, терең нәрсе. Бұл адамның өзін, өз өмірін зерттеуі. Егер ол қоғамдық құралға айналып кетсе, күнделігіңіз сіздің алдыңызда құндылығынан айрылады. Ондай адамдар әрқашан, басқа адамдардың көңілінен шығуға тырысатын болады.

Идея 4. Көп айналымдылықтың зияны туралы.

Интернет адамға бір уақытта он нәрсемен бір уақыттп жұмыс істеуге мүмкіндік берді, бұл оған тіпті жұмыс орнынан шықпауға мүмкіндік берді. Интернеттің кітаптардан айырмашылығы, өте динамикалық, жанды, жылдам сигналдармен қаныққан. Біздің миымыз бір уақытта көптеген түрлі сигналдарға тез үйреніп кетеді және шамадан тыс шаралармен, мысалы, көп айналымдылықпен күресуге тырысады. Бүгінгі таңда электронды құрылғылардың экрандары мидың тұрақты қозғалуын тудырады, бұл шамадан тыс жұмыс пен концентрацияның тез жоғалуына әкеледі.

Өнімділік жөніндегі көптеген кеңесшілер сіздің іс-әрекетіңізді жұмыс күнінің басында, соңында және әр сағаттың басында бес минутқа жоспарлауға кеңес береді. Электрондық поштаны пайдалануды күніне үш рет қысқарту ұсынылады.


Идея-5. Өзіңіздің жалғыздығыңызға уақыт табыңыз.

Ғаламтор біздің өмірімізде тым қатты орналасып алған, тіпті одан бір жола құтылу мүмкін емес. Мағыналы өмір сүру үшін толықтай тиылу керек емес, тек өз-өзімізге шектек қоя алуымыз керек.

Адамға жақсы идеялар мен ойлар жалғыздықта ғана келеді. Тапқыр шешімдерді қалай қабылдай аласыз егер де, өзіңіз ана сигналдан мына сигналға елеңдей берсеңіз. Ғаламтордан демалатын әдет қалыптастырыңыз.