November 17, 2022

ЗРР-ды түзетудің нақты алгоритмдері😱

Сәлем,Егер осы сайтты оқып отырсаң,сөйлемейтін баламен жұмысты бастауда нақты қадамдардан тұратын жоспарың болмаса,процесс ұзаққа созылып кетеді!Бала сенен шаршайды,сен баладан шаршайсың!Балаға айт,қайтала деп қинағаннан пайда жоқ!Байқаған шығарсың?Нәтижесінде ата-ана сізге нәтиже жоқ қой немесе нәтиже аз ғой деген сөздерді айтып,сенің жүрегіңді ауыртады!
Таныс жағдай ма?

Бірақ мен осы алгоритмдерді қолданып,мүлдем сөйлемей келген балаларды сөйлеуге ынталандырдым!Еш қинамай,айт демей,өз еркімен сөздік қорын 20% көбейттім!Понимаете?
Ата-анам мәз,ватсабым тек ата-ананың тілегіне толды!А,айтпақшы бұл 20% нәтиже тек 12 күнде болды!Дальше больше)


Танысып қояйық,мен-logoped_molly есімім Мөлдір -логопед-дефектологпын


1 БӨЛІМ
Өзім логопед ретінде ЗРР,ОНР балалар келгенде әр күні әр нәрсені өтетінмін,бір күні жануардың дыбыстары”мә,му”,
бір күні “ал,сал”!Запуск речи деген осы екен ғой деп әртүрлі нәрсені тықпалай берем.Бір сөзбен айтқанда жүйе жоқ,ата-ана результат сұраса,не айтарымды да білмеймін?!

Осының шешімін табамын деген миссия қойдым:
Мөлдір 12 күнде баладан четко нәтиже көретін ЗАПУСК РЕЧИ -дің алгоритмін қалай жасасаң болады?

Содан қызық басталды!Шет елдік білімге инвестиция салдым!Ресейлік эксперттен курс алып бастап кеттім!Бірақ білесіздер, шет елдік білімді дәл солай көшіре алмайсың?Неге?Себебі бізде хромосома басқа,баланың психологиясы басқа,біздің ауа-райы,тамақтануымыз барлығы бөлек!Сол себепті бейімдеп,алатынын алып,қосатынын қосып жаңа реттілікпен жасалған” Запуск речиге” арналған алгоритм құрастырдым!
Жаңа білімге-теңгемен шаққанда 356,500 тг арнадым!
Мен өзіңмен өзің-10 рет қателесу дегеннен шаршаған адаммын!
1 рет қана ақшасын төлеп,уақыт пен энергиямды шығындамай четко нәрсені алу дегенге ауыстым!Ауысқаныма қатты қуанамын!

Сол жаңағы реттелген алгоритмды “как раз жаңадан келген ОНР 1 балам Әлішерге қадамдап тұрып,”реттілікпен қолдандым!
Әрине,балада тағы да СДВГ бар болған соң,қиналдым бірақ өзіме рақмет айттым! Әлішердің зейінін тұрақтандыра отырып,тірлігімді жасап отырып,ата-анасының шынайы бақытты жүзіне куә болдым!

Я в шоке😱
Мен ойлағаннан да керемет нәтиже 12 күнде 20% нәтижені көрдім😱🥹
Алишерімнің мамасы ватсабымды да тыныш қоймады👇


Алгоритмды құрастыруда мен баланың сөйлеу тілінің онтогенезіне үңілдім!Себебі онтогенездің білмесең,алгоритмды түсінбей қаласың!
1 жасар бала-еліктеу сөздерді айтуы керек:”ням-ням”,”піш-піш”, “пах-пах”, ”шөп-шөп”
1,5 жасар бала-10-15 сөз!(ата,апа,әже,мама,му,мә,кукареку,гав-гав)
2 жасар бала-50-100 сөз!
(Тамақ,су,дала,кеттік,бер,ал,сал,жап,)
3 жасар бала-200-300 сөз!
Зат есім+етістік(Мен салдым,Су ішемін,Алма жеймін,Далаға ойнаймын!)
Сөз тіркесі:(көк көйлек,үлкен доп,кішкентай машина) үлкен-кіші,аз-көп,тағы да бер,деген сөздерінің мағыналарын ажырата алуы керек!
4 жасар бала-1000 сөз!
3 сөзден тұратын сөйлемдерді құрастыра алу керек!
(Мама тамақ берші,Папа далаға шығайықшы,Мама ойыншық әперші)
5 жасар-2000-2500 сөз!
Өз ойын еркін жеткізе алуы керек!
5,6 сөзден тұратын сөйлемді құрай алуы тиіс!Дәрігер деген кім?-деген сұраққа👇
Олар адамдарды емдейді.Біздің қорғаушыларымыз!Мен мамамен тіс дәрігеріне барғанмын!Олар ақ киім киеді!
Осы нормаға сәйкес келмесе,баланың сөйлеу тілінің дамуы артта қалып жатыр деген сөз!
Мысалы:”3 жасар балаңыз-5 ғана сөз айтатын болса,уже норма емес!3 жасқа дейін ЗРР-Задержка речевого развития,3 жастан асқан соң-ОНР 1 -Общие недоразвиие речи 1 уровень деп кейбір невропатологтар қоюы мүмкін!

Осы слайдка қарап мұқият танысып шығыңыз👇



ЗРР-ды түзетудің нақты алгоритмдері😍
2-бөлім
Тағы да сәлем!Бұл бөлімде нақты алгоритмдар беремін!Әр тапсырманы мұқият,дәлме-дәл орындасаңыз,баладан результат сразу көретін боласыз!Келесіде ЗРР баланы қабылдауға сенімділігіңіз артады!Кеттік🔥
Ең алдымен, мына алгоритмдермен мұқият танысып шығыңыз!
1.Дауысты дыбыстар просодикасы :АО,АИ,АУ,ОО,ИО,ИУ,УО,ИА,УА,УИ.
Просодика (құрау) дегеніміз – тілдегі сөздің айтылуын реттейтін буын құраушы, сөз құраушы фонетикалық бірлік.Баланы сөйлеуге ынталандыру,яғни сөйлемейтін балаға дыбысты шақырумен жұмыс жасайсыз!
Дәл жоғарыдағыдай,дауысты дыбыстардың тізбегіне 6 сабақ арнайсыз.Сонда сізде 6 сабақтан соң,алдыңыздағы балада осы дауысты дыбыстар болуы керек!
2.Буындар:БА-БО,МА-МО,ТА-ТО,КА-КО,ПА,-ПО-дәл осындай типтегі буындарға 10 сабақ арналады!
3.Эмоциялар!
Баламен бірлесе отырып,эмоциялық дағдыларын қалыптастырасыз!
Уааау-Таңғалу,таңырқау
уууфф-шаршау
Фии,фуу-жиіркену
Туууф-ашулану
Ыңгә-жылау
Бала осы эмоцияны түсінуі керек және жасағанда осы буындарды айтуы маңызды!Эмоцияны дамытуға 5 немесе 6 сабақ арнайсыз.
4.Келесі алгоритмде сіз жануарлардың дыбыстауына көшесіз!
Ит қалай үреді?-гав-гав
Мысық қалай жасайды?-мияу
Сиыр қалай шақырады?-мууу
Дәл осылай реттілікпен алып кетесіз!Әр жануарды бір сабаққа қоясыз.Дәл осылай 6-сабақ арнайсыз!Баланың деңгейіне қарай,бір сабаққа 2 жануардан алсаңыз да болады!
Естеріңізде болсын,баламен жұмысты бастағанда міндетті түрде бірінші пассивті сөздік қорын дамыту жүреді!Ол қалай?
Сұрақ қоясыз?Өзіңіз жауап бересіз! Мысалы:Ит қалай үреді?гав-гав деп сіз айтасыз!Одан соң ғана баладан сұрайсыз!Пассивті сөздік қор деген осы.
5.Етістіктерді қолдану:Ал,Сал,Бер,Әкел,Аш,Жап,Кет,қой,жүр,отыр,тұр!Әр етістікті бір сабаққа арнайсыз,дәл жаңағы жануардың дыбыстары сияқты.Баланың деңгейіне қарай сабақты жүргізесіз.
6.Мен,Сен ұғымы!
Кім жасады?Мееен
Кім салды?Сеен
Кім отырды?Мен
Мен және Сенді ажыратуды үйретесіз
7.Бұл этапта сіз өткен сабақта өтілген Зат есім+Етістіктікті қосасыз!
Мысалы:Мен саламын!Мен ашамын!Сен жап!
Сонда сіз бұл этапта мүлдем сөйлемейтін балаға екі сөзден тұратын сөйлем құрауды үйреттіңіз!Круто да😍
Менде осы жүйемен жүріп,четко нәтиже алып жатырмын!Сізге де пайдалы болсын Ин шаа Алла
8.Тематикалық тақырыптар:
Көкөністер,жемістер,көліктер,мамандықтар,отбасы-деген сияқты 10 тақырыпты әрбір сөзді үйретесіз.
Әр тақырыпқа 10 сабақ арнаңыз!
Жемістерге-10 сабақ
Жануарларға-10 сабақ
Бұл этап ұзаққа созылады!Жалпы Запуск речиде сразу вау дейтін волшебный палочка жоқ! 3 жыл мүлдем сөйлемеген баланы,сіз максимум 90 күнде сөйлетесіз!Бірақ меніңше,бұл сөйлемей келген бала үшін,түсінген адамға прям ВАУ нәтиже ғой✅
Ал,мен 30 сабақта дәл осы этаптарды аяқтап,қазір алдымдағы баламда үш сөзден тұратын сөйлемдерді байланыстырып,айтатын деңгейге жеткіздім!Жоспардан ерте жетуге де болады!Бастысы ниет және әрекет!Тоқтамаңыз!
Атаа-анаға жұмыстың алгоритмын,нәтижесін түсіндіріп отырсаңыз,сізді күтеді!
Сонымен қоса,сізге поддержка жасап,баласының әрбір сөзіне шынайы қуанатын болады!
Дәл осы алгоритмдерді жүйелі жүргізудің,ойын технологияларын дұрыс қолдануды,қосымша көмек ретінде,тағы да ашып түсіндіріп,сен үшін видео-сабақ жасадым✅
Міне сілтеме:

Менің чисто практикамнан өткен,результат көрген,сол бойынша жасалған жүйелі қадамдарым,саған ұнады деген ойдамын!
Жұмысыңызда пайдаланып,өте керемет нәтижелерге жете беріңіз!
Сәттілік әріптес!
Қайырлы,берекелі білім болсын!