Устаз Ерсин Амире: «Не превращайте спорт в соревнование религий!»
Хотелось бы прокомментировать пару постов, замеченных мной в социальных сетях после вчерашней победы марокканской сборной.
1. Автор поста сказал, что «сборная Португалии была сломлена молитвами мусульман».
Братья, давайте прекратим связывать влияние молитвы, религию со спортом!
Если завтра они проиграют хорватам и аргентинцам, мы будем писать пост о том, что христианская молитва "сломала" сборную Марокко?
Или сборные Туниса и Саудовской Аравии проиграли из-за молитв поляков и мексиканцев?
Что, если турки проиграют бразильцам, а саудовцы проиграют немцам?
Не нужно превращать футбол в войну и соревнование религий, богов! Это – первое ☝️.
Во-вторых, после игры на игровом поле встретятся обе мусульманские страны. Что вы тогда скажете? Вы думаете, что в этой стране акида сильнее, а в другой стране больше бидаатчиков, и поэтому она победила? Что скажете при внутренних соревнованиях той же страны, соревнованиях между клубами?
В-третьих, у вас есть какая-то справка о том, что "молитвы мусульман были приняты", чтобы говорить о том, что "мусульмане победили своими молитвами"? Мы не знаем, подарил ли Всевышний Аллах победу по чьей-то молитве или же предписал так в судьбе Своим Хикметом.
Я не говорю не молиться. Молиться о том, что дозволено Шариатом – разрешено. Но говорить о том, что «была сломлена молитвами мусульман» – лишнее.
2. Авторы других постов приравнивают победу реваншу над странами-колонизаторами.
Во-первых, спортом не мстят. «Футбол объединяет нации» – девиз руководства ФИФА. Не нужно превращать его в арену мести.
Во-вторых, Всевышний Аллах сказал в Коране: «Человек не несет ответственности за грехи других». Игроки на поле сами колонистами не являются.
В-третьих, движущей силой мусульман должно являться не "месть", а принцип донесения миру истины, света Ислама.
В-четвертых, допустим, что Марокко встречается с Францией или Германией, которые когда-то колонизировали некоторые страны. Как будут брать реванш у Османа Дембеле и Месута Озила, играющих в сборных этих стран?
В-пятых, не будем забывать, что мечта любого футболиста из мусульманских стран – играть за всемирно известные футбольные клубы таких стран, как Англия, Франция, Германия, Испания!
Подавляющее большинство марокканских игроков также играют в клубах этих «колониальных стран». Завтра, после чемпионата мира, каждый из них вернется в свой клуб, чтобы зарабатывать на жизнь и играть друг против друга в матчах между клубами.
Вообще, за излишней радостью во время таких игр, за тем, что не можем совладать с эмоциями, за тем, в случае победы мусульман чувствуем себя так, как будто это Салахуддин Аюби отобрал Кудс у крестоносцев стоит внутренний комплекс.
На самом деле превосходство одной страны над другой измеряется ее превосходством в науке, техническом развитии, экономическом состоянии страны, внутренней стабильности и нравственных ценностях.
Стоит отметить, что поведение марокканцев после каждой выигрышной партии, уважение некоторых игроков к своей матери, несомненно, радует глаз.
Конечно, радость мусульманина – радость и для нас. Хотел бы отметить, что и мы искренне желаем Магрибу победить в чемпионате мира.
Источник оригинала
Перевод: muslimlife.info
Ұстаз Ерсін Әміре: Марокконың жеңісі жайлы бірер сөз
Марокко құрамасының кешегі жеңісінен кейін әлеуметтік желіде көзім шалған бір-екі жазбаға қатысты пікір білдіргім келіп отыр.
1. Жазба иесі: «Португалия құрамасын мұсылмандардың дұғасы сындырып тастады» – депті.
Бауырлар, дұғаның әсерін, дінді спортқа тықпаштауды доғарайық!
Ертең аргентиналықтардан немесе хорваттардан жеңіліп жатса Марокко құрамасын христиандардың дұғасы сындырып тастады деп пост жазамыз ба!?
Әлде Тунис, Саудия құрама командалары поляктардың, мексикалықтардың дұғасы басым келіп жеңіліс тапты ма?
Түріктер бразилиялықтардан, саудтар немістерден жеңілгенде ше?
Футболды діндер, құдайлар соғысына немесе жарысына айналдырудың қажеті жоқ! Бұл біріншіден☝️
Екіншіден, ойын болған соң екі мұсылман елі де ойын алаңында кездеседі. Ол кезде не дейсің? Мына мемлекеттің ақидасы мықтырақ, екінші мемлекетте бидғатшылар көп сол үшін жеңіп кетті дейсің бе? Бір елдің ішкі жарысында, клубаралық жарысында не дейсің?
Үшіншіден, “мұсылмандар дұғасымен жеңді” деп айтатындай қолыңда "мұсылмандардың дұғасы қабыл болды" деген анықтама бар ма? Алла Тағала біреудің дұғасымен жеңіс берді ме әлде бір Хикметпен тағдырда солай жазды ма біз білмейміз.
Дұға жасама демеймін. Шариғатта рұқсат етілген нәрсеге дұға жасауға да рұқсат. Бірақ "мұсылмандардың дұғасы сындырып тастады" деп айту артық.
2. Тағы бір жазба иелері бұл жеңісті кезінде өзін отарлаған елдерге кеткен есені қайтарумен тең деген екен.
Біріншіден, спортпен кек алынбайды. ФИФА басшылығы «Футбол халықтарды біріктіреді» деп ұран тастауда. Оны кек алу алаңына айналдырудың қажеті жоқ.
Екіншіден, Алла тағала Құранда "Адам басқаның күнәсін арқаламайды" деген.
Алаңда жүрген ойыншылар отаршылардың өзі емес.
Үшіншіден, мұсылмандарды қозғайтын күш "кек алу" емес, әлемге ақиқатты, Ислам нұрын жеткізу принципі болу керек.
Төртіншіден, Марокко біраз елдерді кезінде отарлаған Франциямен немесе Германия құрама командасымен жолықты делік. Аталмыш елдердің құрама командасында ойнап жүрген Осман Дембеле, Месут Озил сияқты ойыншылардан қалай кек алады?
Бесіншіден, мұсылман елдеріндегі кез келген футбол ойыншысының арманы Англия, Франция, Германия, Испания сияқты елдердің әлемге танылған футбол клубтарында ойнау екендігін ұмытпайық!
Марокко ойыншыларының басым көпшілігі де сол "отаршыл елдердің" клубтарында ойын көрсетеді. Ертең мундиаль біткен соң олардың әрқайсысы өз клубына нанын тауып жеуге оралады және клубаралық кездесулерде бір-біріне қарсы ойнайды.
Негізінде кез келген осындай ойындарда артық кетуіміздің, эмоциямызды игере алмай қалуымыздың, мұсылмандар жеңсе құдды Салахуддин Әюби крест жорықшыларынан Құдсты тартып алғандай сезімге бөленуіміздің артында ішкі комплекс жатыр.
Ақиқатына келгенде бір елдің екінші бір елден артық болуы ғылымда озық болуымен, техникалық дамуымен, елдің экономикалық жағдайымен, ішкі тұрақтылығымен, моральдық құндылықтарымен өлшенеді.
Футболмен немесе бокспен емес.
Айта кететін дүние, марокколықтардың әрбір жеңісті ойыннан кейінгі іс-әрекеті, кей ойыншылардың анасына құрмет танытуы, сөзсіз, көз сүйсіндіреді.
Әлбетте, мұсылманның қуанышы біз үшін де қуаныш. Біз де мағрибтықтардың әлемдік мундиальда топ жаруына шын жүректен тілектес екенімізді білдіргім келеді.
Дерекөзі
Читать также:
Победа Марокко и утрата Уммы
Проигранный чемпионат
Можно ли делать ду‘а за футбольную команду/футболиста?