January 22, 2024

𝗡𝗘𝗪 𝗗𝗜𝗦𝗖𝗨𝗦𝗦𝗜𝗢𝗡

➛ Көре алмағандардың көзі түссін. M-Xford-ты жамандап алып оны қайталайтындар көбейген бе? Әлде қалай?

➛ Білетін боларсыздар осы жақында ғана M-Xford-тың көшірмесі N-Xford жаңалық арнасы шыққан болатын.Оның директоры Саидың көшірмесі Сэи. Сол кезде Сэидің ерсі әрекеттерінің кесірінен үлкен ұрыс болған болатын. Біз бұған дискуссия шығарған болатынбыз. Содан бері уақыттар өте келе Сэи өз никін "Феру" деп өзгертіп қойыпты.Шыныменде Феру ме екен?Әлде өзіміздің жанымызда жүрген бір индустрия адамы ма екен? Жау алыстан келмейді дегендей.

➛ Бұған біз күдіктілер таптық! Атын атап,түсін тістемейміз."Өзі бұл дискуссияны оқып кірерге тесік таппайтын күйге жетсін,"-деп отырмыз. N-Xford туралы дискуссия шығарғаннан кейін қояр ма дегенбіз. Жоқ, ол жақында ғана ашылып,Ферудің іс- әрекетінің кесірінен қайта жабылған M&J news-қа орынбасар директор болып жұмысқа кірген.

➛ Қолына арнадағы директорға тиесілі құқықтар түскен соң, бірден Мэйна мен Саи туралы айта бастаған. Біз басында оның қосқаның байқамап едік. Кейін арнаға бірден "Mxford 🤢🤮, ФУФУФУ, УЖАС, МЭЙНА УЖАСНАЯ," - деген посттарды үйіп төгіп салып тастапты. Жабулы істі өзі ашып M-XFORD пиар чатына сол посттарын жібере салған. Сол кезде ақымақ адамның ісі деп көз жұма қарадық.

➛ Біздің ойымызша M&J news-тің директоры "Ерке" вирттан келген қыз - жалпы онлайн индустрия дегеннен хабары жоқ көрінеді. Сол кезде Феру Еркенің қазақ ОИ-дегі жаңалық арналарды білмейтіндігін пайдаланып, M-XFORD-тың таныстырылымын көшіріп,өз арналарына салуды талап еткен.

➛ Ферудің шын бетпердесі қашан ашылар екен? Өтірік ұзаққа бармайды.Ақырында шындықтың беті ашылып онлайн Индустрияға ұятқа қалады. Бұндай жағдайлар бізде өте көп орын алғандықтан айтып жатырмыз.Құр сандырақтағаннан не пайда?

➛ Арнаның өзіне келетін болсақ:логотип, арнаның дизайны оформасы барлығы пинтересттен алынған. Серіктестікпен жұмысты дұрыс атқара алмайды. Мұның барлығына дәлел көрсетер едік алайда,Ерке осы жағдайдан кейін ақылға салынып арнаны өшіріп тастапты.

➛ Баланың қылығын істеп жүрген Ферудің барлық әрекеті Индустрияға кесірін көптеп тигізіп жатыр. Ертеңгі жаңадан ашылар компаниялар мен жаңалық арналардың құрылтайшылары осындай есуас, ақымақ адамдардың ісін қайталап оларда сөз астында қалса ше?

➛ Дамып кетер M&J жаңалық арнасы сол Феруді директор қылып алмаса қалай болатынын көре алмай да кететін едік.

➛ Барлық индустрия адамдарына біздің (M-Xford) атымыздан жақсы кеңес: Маңызды ескертулердің бірі: онлайн Индустрия сіздерге біреудің еңбегін көшіріп ала салатын ойыншық емес. Онлайн Индустрия адамдар Индустрия қызметтерін (директор, менеджер, монтажер т.б) атқаруға дайындық ретінде және таланты бар ұл қыздарды дамытып танымал етіп шығару мақсатында ашылған. Бұл виртуалды әлемді баланың ісі ретінде көрмеулеріңізді сұраймыз.Сіз жылы диванда елге күліп жатқанда,ел дамып бір компанияны басқарып, дамытып жатады. Ол компанияда не жаңалық арнада 10-нан минималды 50-ге дейін қызметкер / әртіс болады. Әркімнің ойын тыңдап, оларға қолдау көрсету оңай іс деп пе едіңіздер? Тым ақымақтық!

➛ Қорытындылай келе айтарымыз: осындай адамдардан аулақ болып, біреудің еңбегін жемей, керісінше өзіңізді өзіңіз дамытуға тырысыңыз. Сонда ғана соңында соның жемісін көресіз!