КОРОНАВИРУС ПАНДЕМИЯСЫ КЕЗЕҢІНДЕГІ НОРМАТИВТЕРДЕГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
https://teletype.in/@navoiyhuquqiytargibot
Әлемді дүр сілкіндірген коронавирус пандемиясы індетінің алдын алу және оған қарсы күресті ұйымдастыру мақсатында ел үкіметі жағынан біршама кешіктіріп болмайтын қажетті шаралар жүргізілуде. Атап айтқанда карантинді және адамзат үшін қауіпті басқа да жұқпалы аурулар жайылуының алдын алу мақсатында 2020 жылығы 26 наурызда «Өзбекстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық-процессуалды кодекстері және де Өзбекстан Республикасының Әкімшілік жауапкершілік туралы кодекстеріне өзгеріс пен қосымшалар енгізу жайлы» УРҚ-613-санды заңы бекітілді.
Аталмыш заңмен Қылмыстық кодекстің 244-5-бабымен толықтырылды. Яғни карантинді және адам өмірі үшін қауіпті болған басқа да жұқпалы ауру таралуы туралы шындыққа жанаспайтын мәләмет пен хабарларды таратудың жауапқа тартылу негіздеріне айқындық енгізілді. Қауіпті індет пен түрлі жұқпалы аурулар туралы шындыққа жанаспайтын мәлімет тарату төмендегіше жазаға тартылуға себеп болады:
-44 миллион 600 мың сумдық айыппұл салу;
-300 сағаттық мәжбүри тәртіптегі қоғамдық іске жұмылдыру;
-2 жылға дейінгі ақылақ түзетуге жабу.
Мұндай мәліметтерді баспадан шығару, көбейту, БАҚ және интернет арқылы таратқанда екі есе жауапқа тартылуға негіз болады яғни 89 миллион 200 мың сумдық айыппұл төлейді. Аталмыш жағдай үшін 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру сынды қылмыстық жазамен жауапқа тартылады.
Сондай-ақ Қылмыстық кодекстің 257-1-бабы жаңа редакцияда баяндалды: Санитарлық нормативті құжатттарды немесе эпидемияға қарсы күресу ережелерін бұзу, атап айтқанда карантинді және адам өмірі үшін қауіпті болған басқа да жұқпалы аурулардың пайда болуы мен ен жайылған кезеңде мемлекеттік санитарлық бақылау органдарының бақылауынан өту және емделу, карантинді өтеуде белгіленген оқшау орындарға жетіп бару және сол орындарда белгіленген мерзімде шығып кетпеуғ ауру жұғу қауіпі жоғары болған дәуірде байланыста болған тұлғалар және барған жерлері жайлы мәліметтерді жариялау туралы немесе басқа заң талаптарын үзірлі себептерсіз орындамау адамдардың жаппай науқастануы немесе улануының нақты қаупіне әкеп соқса, немесе адамдардық жаппай науқастануына себеп болса;
-базалық есептеу көрсеткішінің елу есесі көлемінде айыппұл салу немесе бес жылға дейінгі тұрақты құқықтан айыру немесе екі жылға ақылақ түзету жұмыстыры немесе бір жылдан үш жылға дейін бостандығын шектеу немесе бес жылға дейінгі мерзімде басбостандығынан айырумен;
Сол қылмыс адам өліміне себеп болса,
-жеті жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырумен жазаға тартылуы белгіленді.
Өзбекстан Республикасы Әкімшілік жауапкершілік туралы кодекстің ІІІ тарауының атауы Әкімшілік жаза және мәжбүрлеу шарасы рекдакциясында баяндалып, 29-2 бабымен толықтырылды. Аталмыш бабпен карантинді және адам өмірі үшін қауіпті болған басқа да жұқпалы аурудың пайда болуы және таралуы жағдайында медициналық жолмен мәжбүрлеу шарасы механизмдері белгіленді. Онда отыз тәулікке дейінгі мерзімде әкімшілік жазаға тартылып, мемлекеттік санитарлық бақылау органдары жағынан оқшауланған орындарда жаза атқарылады. Медициналық жолмен мәжбұрлеу шарасының орындалуы мемлекеттік санитарлық бақылау органдары, ішкі істер мен Өзбекстан Республикасы Ұлттық гвардиясы органдары жағынан қамтамасыз етіледі.
Өзбекстан Республикасы Әкімшілік жауапкершілік туралы кодекстің 54-бабына сәйкес ауру жұғу қаупі жоғары болған кезде қарым-қатынаста болған тұлғалар және барған жерлер жайлы мәліметтерді әшкер етутуралы заңды талартарға мойынсұнбау азаматтың базалық есептеу көрсеткішінің 20 есесінен 30 есесіне дейін, лауазымды тұлғаларға 50 есеге дейінгі айыппұл салуға себеп болады.
Карантин дәуірінде қоғамдық орындарда бетперде яғни медициналық маскасыз жүрген азаматтарға базалық есептеу көрсеткішінің 5 есесіне дейінгі (1 миллион 115 мың сумға дейін) айыппұл салынуы мүмкін.
Карантин жағдайында арнайы рұхсат қағазын алу талап етілген автомашинада рқхсатсыз көшеде қозғалу эпидемияға қарсы күрес ережелерін бұзу есептелінеді және азаматтарға 4 миллион 460 мың сумнан 6 миллион 690 мың сумға дейін, лауазымды тұлғаларға 6 миллион 690 мың сумнан 11 миллион 150 мың сумға дейінгі айыппұл салуға себеп болады.
Әрбір қабылданған жаңа заңдар, нормативтерге енгізіліп жатқан қосымша мен өзгерістер – халқымыздың бейбіт те тұрақты өмір сүруінің кепілі. Сондықтан әрбір азамат және ауданымыздың әрбір тұрғыны заңдарды құрметтеп, оған уақытылы мойынсұнған жағдайда ешқандай жауапкершілікке тартылмауына себеп боларына көңіл бөлген жөн деп санаймыз.