December 12, 2019

БЕСІНШІ ТАПСЫРМА

  1. Өміріміздің ең негізгі формуласы: Жаратылған тек қана ЖАРАТУШЫДАН қажетінің барлығын сұрайды. Жалғыз ЖАРАТУШЫ жәрдем беріп, кез келген қажетіңізді өтейтініне шынайы сенім артуға тырысыңыз.
  2. Күнделікті өмірде қандай жағдайға тап болсаңыз да Жаратушының жоспары ең көркем екеніне толық сенім артып, әрбір оқиғаның қайыры бар екеніне шәк келтірмеңіз. Сабырлы күйде соңын күтіп, салдарына күйінуге, кінәліні іздеуге энергия жұмсамай, ситуциядан шығу жолын ойланыңыз.
  3. Ата-анаңызбен қарым-қатынасыңызға бір сәт мән беріп ойланыңыз. "Оларға деген астыртын өкпе-ренішті сақтап жүрген жоқпын ба? Олар мен үшін қаншалықты қымбат екенін білдіре алдым ба?"- деген сұрақтарға өзіңізге жауап беріңіз. Ата-анаңызға хабарласып, жылы сөздеріңізді айтыңыз. Мүмкіндік болса оларды шын қуантатын әрекетті жасауға тырысыңыз. Олар үшін ата-анаға перзенттің жасайтын арнайы дұғасын жасаңыз. Ата-анаңыз, не болмаса олардың бірі бақилық болған болса олар үшін құран бағыштап, дұға жасап, арнайы сол кісілердің атынан садақа беріңіз.
  4. Ер азаматымды қандай жағдайлар "изменаға" итермелеуі мүмкін? Осы сұраққа жауаптарыңызды тізіп жазыңыз. Сіздің тізіміңіздегі жағдайлар, іс-әрекеттер Сіздің тарапыңыздан жасалатын болса, олардан бірте-бірте арылуға әрекет етіңіз.
  5. Өз образыңызға зер салыңыз. Тек сыртқы келбетіңізге ғана емес, күнделікті әдеттеріңізге де өзгеріс енгізуге тырысып көріңіз. Өзіңізге ұнайтын хоббиіңізді анықтап, өз бойыңыздағы қабілеттеріңізді дамытыңыз. Жаңа іспен шұғылдану, жаңа образ, жаңа әдеттер мен ылғи да күлімсіреп, көтеріңкі көңіл күймен жүретін келіншек ер азаматының алдында жұмбақ болып, өзіне ынтықтыра түседі. Ескеріңіз, өзгерістегі ниетіңіз өз гармонияңыз болуы керек.
  6. Үшінші канал -тамақ арқылы энергия беру. Тағамды тек дәретпен, дұғамен жасауға тырысыңыз. Жұбайыңызға, балаларыңызға, ата-енеңізге жалпы отбасы мүшелеріне махаббатыңыз көрініс табатындай ас әзірлеп беріңіз. Қонақ келгенде ғана сыртқа шығатын әдемі ыдыстарыңыздың бәрін шығарып, мерекелік отбасылық кешкі ас дайындаңыз. Аптасына немесе екі аптада бір рет осындай кешкі асты дәстүрге айналдырыңыз.
  7. Тұрмыс құрмаған ханымдар, отбасылық өмір жайлы қалыптасқан кері пікірлерді, мида отырған теріс ақпараттарды қағазға түсіріңіз. Оларды трансформациялаңыз.
  8. "Бабочка" техникасын төменде салған видеоның көмегімен игеріңіз. Жасағаныңыз жайлы есепті отчетыңызға қосыңыз.

Сонымен қатар, төменде берілген "Ата-анамен эмоционалды байланыс" оранататын медитацияны жасаңыз:

Ханымдар осы тапсырманы дұрыс,уақытына дейін орындағаныңыз үшін 500 бонус🎁 берілетінін ұмытпаңыз.

Бонус жинағыңыз келсе тапсырма уақыты шектеулі

Тапсырманы қалай уақытылы орындайсыз, бонус беріледі, егер есеп беру күнінен кешіксеңіз бонус берілмейді

Тапсырманы барлығымыз орындаймыз, тек бонус үшін емес❗

Алматы Әйелдер Орталығының "Қылықты Әйел" онлайн курсына қатысты материалдарды тарату, көшіріп алу, ұрлау Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қудаланады.

Барлық материалдар АМАНАТ!