March 4, 2020
БЕСІНШІ ТАПСЫРМА
- Өміріміздің ең негізгі формула: Жаратылған тек Жана ЖАРАТУШЫДАН қажетінің барлығын сұрайды. Жалғыз ЖАРАТУШЫ жәрдем беріп, кез келген қажетіңізді өтейтініне шынайы сенім артуға тырысыңыз.
- Күнделікті өмірде қандай жағдайға тап болсаңыз да Жаратушының жоспары ең көркем екеніне толық сенім артып, әрбір оқиғаның қайыры бар екеніне шәк келтірмеңз. Сабырлы күйде соңын күтіп, салдарына күйінуге, кінәліні іздеуге энергия жұмсамай, ситуциядан шығу жолын ойланыңыз.
- Ата-анаңызбен қарым-қатынасыңызға бір сәт мән беріп ойланыңыз. Олар мен үшін қаншалықты қымбат екенін біле алдым ба? "- деген сұраққа жауап іздеңіз. Ата-анаңызға хабарласып, жылы сөздеріңізді айтыңыз. Мүмкіндік болса оларды шын қуантатын әрекетті жасауға тырысыңыз. Олар үшін ата-анаға перзенттің жасайтын арнайы дұғасын жасаңыз. Ата-анаңыз, олардың бірі бақилық болған болса олар үшін құран бағыштап, арнайы сол кісілердің атынан садақа беріңіз.
- Ер азаматымды қандай жағдайлар "изменаға" итермелеуі мүмкін? Осы сұраққа жауаптарыңызды тізіп жазыңыз. Сіздің тізіміңіздегі жағдайлар, іс-әрекеттер Сіздің тарапыңыздан жасалатын болса, олардан бірте-бірте арылуға әрекет етіңіз.
- Өз образыңызға зер салыңыз. Тек сыртқы келбетіңізге ғана емес, күнделікті әдеттеріңізге де өзгеріс енгізуге тырысып көріңіз. Өзіңізге ұнайтын хоббиіңізді анықтап, өз бойыңыздағы қабілеттеріңізді дамытыңыз. Жаңа іспен шұғылдану, жаңа образ ылғи да күлімсіреп, көліңкі көңіл күймен жүретін келіншек ер азаматының алдында жұмбақ болып, өзіне ынты. Ескеріңіз, өзгерістегі ниетіңіз өз гармонияңыз болуы керек.
- Алтыншы канал -тамақ арқылы энергия беру. Тағамды тек дәретпен, дұғамен жасауға тырысыңыз. Жұбайыңызға, балаларыңызға махаббатыңыз көрініс табатындай ас әзірлеп беріңіз. Қонақ келгенде ғана сыртқа шығатын әдемі ыдыстарыңыздың бәрін шығарып, мерекелік отбасылық кешкі ас дайындаңыз. Аптасына немесе екі аптада бір рет осындай кешкі асты дәстүрге айналдырыңыз.
- Тұрмыс құрмаған ханымдар, отбасылық өмір жайлы қалыптасқан кери пікірлерді, мида отырған теріс ақпараттарды қағазға түсіріңіз. Оларды трансформациялаңыз.
- "Бабочка" техникасын төменде салған видеоның көмегімен игеріңіз. Жасағаныңыз жайлы есепті отчетыңызға қосыңыз.
Сонымен қатар, төменде берілген "Ата-анамен эмоционалды байланыс" оранататын медитацияны жасаңыз:
Алматы Орйелдер Орталығының "НӘЗІК ӘЛЕМ" онлайн курсына қатысты материалдарды тарату, көшіріп алу, ұрлау Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қудаланады.
Барлық материалдар АМАНАТ!