May 25, 2021

15 сәуір — ғашықтар күні

Өткен шығарылымдарда біз бүкіл әлемге танымал ғашықтар күні туралы әңгімелескен болатынбыз. Ал бүгін біз өзіміздің мәңгілік және шексіз махаббат мерекесі — Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу күні туралы сөз қозғаймыз.

Валентин күніне ұқсас мейрамды ойластыру туралы идея қалалық мәдениет басқармасының Жастар саясаты мәселелері жөніндегі және Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінің жұмыскерлерінің ойларына 2011 жылы келді, алайда Қозы мен Баян күнін алғаш 1999 жылы қоғам және мемлекет қайраткері Дархан Мыңбай ұсынған еді.

Бір-біріне қосыла алмаған қос ғашықтың күйінішті махаббаты жайлы көне аңызда айтылған. Сарыбай мен Қарабай деген екі дос өздерінің әлі туылмаған балаларын болашақта үйлендіруге уәде берген болатын. Ұлының дүниеге келуін күтпей, Сарыбай аң аулау кезінде көз жұмады. Неке шартына байланысты өсіп келе жатқан Қозы Көрпеш пен Баян бір-бірін ұната бастайды. Бірақ бойжеткен қыздың әкесі оны “жетім ұлға бермеймін” деп, отарын жұттан құтқарған Қодар батырға ұзатпақшы болады. Қодар өз кезегінде болашақ жұбайының жүрегі басқаға берілгенін қабылдай алмай, оның сүйіктісін өлтіреді. Қайғыға батқан Баян өш алу мақсатында қулыққа жүгінеді. Ол Қодарға өзіне құдықтан су алып берсе, күйеуге шығатынын айтады. Алданған палуан Баянның шашынан ұстап, құдықтың түбіне түсе бергенде, айлакер қыз бұрымын кесіп тастайды. Осылайша Қодар түпсіз тұңғиыққа құлап өледі. Баян кегін алғаннан кейін, сүйіктісі жатқан күмбезге келіп, өз-өзіне қол жұмсайды.

Осы ғашықтар туралы лиро-эпостық жыр өте қайғылы болғанмен, әрқайсымыз үшін өлмес және шынайы махаббаттың символына айналды деп сенімділікпен айта аламыз.

Мақала авторы: Тоинбаева Амали


NIS Press — это школьная газета НИШ ФМН г. Алматы, Казахстан. Данная статья была опубликована в выпуске газеты 12 апреля 2021 г.

Следите за новостями газеты в нашем Instagram-аккаунте. Также можете ознакомиться со всей информацией о газете в нашем Telegram-канале.
Все выпуски газеты доступны для скачивания в нашем Telegram-канале и через Google Диск.