Таңертең ерте тұрудың 5 себебі
Ғылыми зерттеулерге сүйенсек, таңертең ерте тұратын адамдар кеш тұратындарға қарағанда белсендірек және бақыттырақ болады. Өкінішке орай, қазіргі уақытта көпшілік үшін ерте тұру оңай емес. Дегенмен, бұл денсаулық, уақыт және хобби үшін өте маңызды.
Денсаулықтың жақсаруы
Ерте тұратын адамдарда күннің белсенді бөлігіне дайындалу үшін уақыт салыстырмалы түрде көбірек. Бұл оларға жаттығулар жасауға, таңғы асты өткізіп алмауға және жұмыс жоспары туралы ойлануға мүмкіндік береді. Айтпақшы, таңғы уақыттың шамамен 15-20 минутын жаттығулар мен алдағы күнді жоспарлауға жұмсасаңыз, бұл сізді қажетсіз стресстен арылтып қана қоймай, жалпы денсаулығыңыздың жақсаруына айтарлықтай үлес қосады.
Прокрастинацияның жойылуы
Аталған кезең аяқталған сон, қалған уақыт жұмыстарыңызбен айналысқаныңыз жөн, себебі таңертең сізді ешкім мазалап, кедергі келтірмейді; ал мессенджерлер мен әлеуметтік желілердің хабарламалардан тыныш болу ықтималдылығы қуантарлық жоғары. Яғни, осы уақыт аралығын сіз зейінділікті талап ететін шаруаларыңызға арнай аласыз, оған қоса, таңертең концентрацияңыздың деңгейі аса жоғары болады.
Мансаптық жетістіктер
Зерттеулерге сәйкес, белсенділік шыңы таңғы уақытқа түсетін адамдардың жұмыс күні нәтижелі болады. Осыған байланысты, ерте тұратын адамдар жұмыста көптеген жетістіктерге жетіп, мансаптық дамуға ие болады.
Уақыттың тиімді жоспарлануы
Таңертеңгі сағаттар "уақытты қысу" әсеріне ие: ерте тұрсаңыз, уақыттың баяу ағымының тұрақты сезімі пайда болады және сіз шаруаларыңызды тезірек аяқтай аласыз. Таңертеңгі уақыттың бір сағаты күндізгі 2 сағат және кешкі үш сағат сияқты сезіледі.Яғни, таңертең кешке қарағанда істерді үш есе тез және тиімді түрде жасауға болады.
Хобби
Күнделікті өмірде біздің уақытымыз хобби мен сүйікті істеріміз үшін жеткіліксіз. Бірақ таңертең ерте тұру арқылы уақытыңызды сүйікті істеріңізге арнап, өзіңіздің жан-жақты даму деңгейіңізді арттыра аласыз.
Дереккөздер және қосымша сілтемелер
1. «5 причин просыпаться рано» (2012, 9 Ақп.). https://lifehacker.ru/5-prichin-prosypatsya-rano/
2. «5 причин рано вставать, подтверждённых наукой» (2020, 7 Қар.). https://lifehacker.ru/5-prichin-rano-vstavat/
Мақала авторы: Теметай Анзия
NIS Press — это школьная газета НИШ ФМН г. Алматы, Казахстан. Данная статья была опубликована в выпуске газеты 15 февраля 2021 г.
Следите за новостями газеты в нашем Instagram-аккаунте. Также можете ознакомиться со всей информацией о газете в нашем Telegram-канале.
Все выпуски газеты доступны для скачивания в нашем Telegram-канале и через Google Диск.