Абай — жаңа қазақ әдебиетінің негізін қалаушы
Абайды оқымаған, оны мүлде білмейтін қазақстандық жоқ шығар. Оның әрбір өлеңі адамды ойландыратын мәселелерді көтереді, оның әрбір әні құлақтан кіріп, бойды алады. Абайдың тағдыры баяндалатын “Абай жолы” романы қазақтың даласында орын алған оқиғалармен қатар оның рухани тұрғыдан өсуіне не себепші болғандығын жан-жақты көрсететіні оқыған адамға белгілі. Қарап отырсақ, Абай — ұлы. Ол бізге дейін 2 ғасыр бұрын өмір сүрсе де, оның шығармалары өзектіліктерін жоғалтар емес. Көпшілік біле бермеуі мүмкін, алайда, Абай Құнанбайұлы жазба қазақ әдебиетінің және әдеби тілінің негізін қалаушы. Ендігі кезекте, осы екі фактінің басын біріктірсек, “Абай — жаңа қазақ әдебиетінің негізін қалаушы” деген тұжырымға келіп тірелеміз. Бұл мақала осы тұжырымға қатысты “қалайша?” және “неліктен?” деген сұрақтарға жауап береді.
Жаңа қазақ әдебиеті алуан түрлі жанрларды, стилистикалар мен проблематикаларды қамтиды. Елімізде болып жатқан, болған немесе орын алғалы тұрған мәселелерден бастап әлем тарихы мен бүгініне байланысты мәселелерді көтеретін сан түрлі шығармалар бар. Абайдың шығармалары да алуан түрлі. Абай шығармашылығында әлемнің көптеген елдерінің әдебиеттерінің бетке ұстар шығармаларының қазақ тіліне аудармалары да, халықымызға жән бүкіл адамзатқа өсиет ретінде жазылған қара сөздер де, махаббатқа толы лирикалық әндер де, табиғатты суреттейтін өлеңдер де, адамды дұрыс жолға салатын өлеңдер де бар. Барлығына да Абай шығармашылығынан мысал келтіруге болады. Абайға дейін қазақ әдебиетінде кейбір жанрлар болмаған, ал Абайдың шығармашылығына дейін болған жанрлар тек ауызша түрде ғана халық арасында таратылатын еді. Сонда, қазір қазақ әдебиетінде бар жанрлардың барлығы, қай жағынан алып қарасақ та, бастауын Абайдан алады.
“Абай қалай біз танитын Абай атынды?” деген сұрақ сізді бір рет болсын толғандырып па еді? Толғандырмаған болса да, қазір осы сұрақты оқи отырып, осы сұрақтың төңірегінде ойлана бастадыңыз ба? Әрине, бұл сұрақтың нақты жауабы болуы мүмкін емес, бірақ, сонда да жауап беруге тырыссақ, күмән мен сын сияқты ішкі жан дүниесінің тебіренісі, өмірінде орын алған қиын сәттер мен өзі өмір сүрген уақыттағы халқының надандығы — мұның барлығы да Абайды біз білетін ұлы Абай етті.
Қорыта келе, Абай қазақтың тұлғаларының ұлысы . Ол ағартушы, философ, ақын, композитор, қазақ филологиясының негізін қалаушы, бірақ, мұның барлығына ол қоғамның ащы мәселелері мен ішкі жан дүниесінің сезімталдығы мен тазалығының әсерінен қол жеткізді.
Мақала авторы: Төребекқызы Аяулым
NIS Press — это школьная газета НИШ ФМН г. Алматы, Казахстан. Данная статья была опубликована в выпуске газеты 2-недели Ноября 2020 г.
Следите за новостями газеты в нашем Instagram-аккаунте. Также можете ознакомиться со всей информацией о газете в нашем Telegram-канале.
Все выпуски газеты доступны для скачивания в нашем Telegram-канале и через Google Диск.