May 6, 2021

Аустралия үйректұмсығы

Жер шарындағы барлық тіршілік иелерінің арасында ең жұмбақ және ерекше жануарлардың бірі — аустралиялық үйректұмсық. Латынның «жалпақ және кең» — platys және «аяқ» — pous деген мағынаны білдіретін сөздерінен шыққан платипус ежелден Аустралияның белгісі болған. 1700 жылдары Аустралияда табылғаннан кейін бұл ерекше жаратылыстың нобайлары жасалып, Англияға жіберілді. Бұрын соңды әлемге таныс болмаған ағзаны көрген ғалымдар оны жалған деп санады. Шынында да, оның дене бөліктерінің керемет топтамасы, атап айтқанда: кең, жалпақ құйрық, резеңке тұмсық, торлы аяқтар және қысқа тығыз жүні оны әлемдегі ең ерекше жануарлардың біріне айналдырады.

1797 жылы үйректұмсық анықталған соң, ол бірден эволюцияның қас жауына айналды. Таксономистер осы жануарды бөлек отрядқа жіктеуге мәжбүр болды. Үйректұмсықтар жұмыртқалап, сүтпен терлейді. Олардың жүні биофлуоресцентті, аяқтарының артқы жағында ула тікенектері бар. Екі хромосомасы ғана бар сүтқоректілерге қарағанда, олар өздерінің 10 хромосомасымен ерекшеленеді.

Олар монотремалардың бес түрінің бірі.

Қазір ғалымдар әлемдегі ең таңқаларлық сүтқоректілердің толық геномын картаға түсірді. Үйректұмсықтың геномының ашылуы оның кейбір ерекше қасиеттерін қалай және неге дамығанын түсіндіреді.

Вителлогенин гендері — бұл қандағы жұмыртқаның сарысы түзілетін ақуыздар. Оларды жұмыртқалайтын кез-келген жануардан табуға болады. Эстроген оларды бауырда түзуге көмектесіп, оларды түрлендіреді, содан кейін аналық безге жіберіп, саруызға айналдырады. Адамдар мен басқа тіршілік иелері бұл гендерді жоғалтты. Даму барысында үйректұмсық осы гендердің біреуіне ілініп үлгерді. Бұл оның неге жұмыртқалайтынын түсіндіреді. Үйректұмсықтың гендеріндегі вителлогениннің табылғанына сүйенсек, сүтқоректілерде сүт өндірісі 170 миллион жыл бұрын, яғни Жер ғаламшарын динозаврлармен бөліскен ортақ атадан қалған. Оның геномы тістерінің түсіп қалған кезін де анықтайды: тістерге қажет сегіз геннің жартысы 50 миллион жылдан кейін ғана жоғалып кеткен. Оның орнына, үйректұмсықтың рационында болатын майда шаян тәрізділерді ұсақтау үшін, үйрек тәрізді шотының ішкі жағындағы мүйіз тақталар қолданылады.

Платипустың ең керемет ерекшелігі оның қараңғыда жарқырайтын жүні болуы мүмкін. Оның жүні ұзындығы өте қысқа (бізге көрінбейтін, ультракүлгін) толқындарды сіңіріп, ұзындығы үлкенірек (бізге жарық ретінде көрінетін) толқындарды шығарады. Бұл құбылыс биофлуоресценция деп аталады. Биофлуоресценцияны біз терең теңіз балықтарынан жиі байқай аламыз.

Үйректұмсықтар — түнгі тіршілік иелері, олар күн батып бара жатқанда серпіліп, көздерін жұмып жүзіп жүреді. Бұл оның шотындағы электрлік рецепторлардың жем іздеуге көмектесетінін түсіндіреді. Дегенмен, оның түсіндірмейтіні — бұларға осы қасиет не үшін қажет? Олар қараңғыда бірін-бірі көре алмайды, бірақ жүндерінің ультракүлгін сәулелерді жұтуы оларды бұл сәулелерге сезімтал жыртқыштардың жеміне айналдыруы мүмкін.

Біз әрдайым таңғажайып тіршілік иелерін ғарыштан іздейміз, дегенмен осындай таңдай қақтырар ағзалардың Жер анамызда кездесетініне сену қиын.

Дереккөздер мен қосымша сілтемелер

1. «The platypus almost shouldn’t exist, but its genes are revealing how it got so weird» (2021, 8 Jan)
https://www.syfy.com/syfywire/platypus-genes-are-revealing-how-it-got-so-weird

Мақала авторы: Сериккали Айнур


NIS Press — это школьная газета НИШ ФМН г. Алматы, Казахстан. Данная статья была опубликована в выпуске газеты 3 мая 2021 г.

Следите за новостями газеты в нашем Instagram-аккаунте. Также можете ознакомиться со всей информацией о газете в нашем Telegram-канале.
Все выпуски газеты доступны для скачивания в нашем Telegram-канале и через Google Диск.