May 25, 2021

Әбу Насыр Әл-Фараби жайлы деректер

Ол қазіргі Қазақстан мемлекетінің аумағында дүниеге келген. Әр түрлі уақытта Ташкент, Самарқанд және Бұхара сияқты Орта Азия қалаларында өмір сүрген. Білім алу мақсатында, Араб халифатының астанасы Бағдатқа аттанды. Осы қалада ғылымды, медицинаны және тілдерді үйрене бастады.

Бағдадқа келгенде әл-Фараби тек түркі тілін ғана білген. Бірақ, білімге деген құштарлығының арқасында, өмірінің соңына дейін 70-тен астам тілді меңгеріп алды.

Ол Қади, яғни шариғат үкімін жариялайтын адамның лауазында қызмет атқарып жүрген кезінде, оның жақын досы оған көптеген кітаптар берген. Кітаптардың арасында Арситотельдін еңбектері болған. Бұл еңбектердің ұнағандығы соншалық, өз лауазымынан бас тартып, ғылымға бет бұрған.

941 жылы Дамаск қаласына көшіп, өмірінің қалған бөлігін осында өткізді. Бұл қалада бақша күзетшісі болып жұмыс істеген. Күндізгі уақытта тапқан ақшасына шамдар сатып алып, түнде осы шамдардын жарығымен ғылыммен айналысқан.

Әл-Фараби 80 жасында өмірден озды. Қалай қайтыс болғандығы туралы нақты мәлімет жоқ. Бір ақпарат бойынша, ол аурудан көз жұмды. Ал екінші нұсқа бойынша, Асқаланға сапар шегу кезінде қарақшылардың қолынан қаза болған.

Әл-Фараби – мұсылмандық философиялық ағымның негізін қалаушы. Ұлы ойшылдың есімі тарихқа мықтап енді. Оның жазған еңбектері, Батыс және Шығыс мәдениеттерін жақындастырған көпір болып саналады. Астрономия, математика, музыка, логика, әлеуметтану, жаратылыстану және астрология туралы 130-ға дейін шығарма қалдырды.

Аристотельдің «Жан туралы» деп аталатын трактатын 2000 рет оқып шыққан.

Credits: faktiler.kz


NIS Press — это школьная газета НИШ ФМН г. Алматы, Казахстан. Данная статья была опубликована в выпуске газеты 1-недели Декабря 2020 г.

Следите за новостями газеты в нашем Instagram-аккаунте. Также можете ознакомиться со всей информацией о газете в нашем Telegram-канале.
Все выпуски газеты доступны для скачивания в нашем Telegram-канале и через Google Диск.