ХХІ ғасырдағы өнердің ерекшеліктері
Заман өзгерісімен мәдениет те, әдебиет те, өнер де әртүрлі бағытта дамиды. Қазіргі кезде жоғары бағаланатын өнер туындылары бірегей, бұрынғы замандағы өнерден қатты өзгешеленеді.
Өнер сыншысы болмаса да, арт-музейлерге барған кез-келген адам қазіргі өнер туындыларын көргенде бір ерекшелікті атап өте алады. Ол — минимализм Әйгілі Қара Шаршы да осыған дәлел. Суретшінің ойлаған дүниесін, суреттің негізгі ойы мен қазіргі қоғаммен байланысын сол суретке қарап тұрған адам өзі тауып, өз өмірімен, өз дүниетанымымен сәйкестендіре алуы керек. Дәл сол секілді сюрреализм стиліндегі адам портреттері, қазіргі әлемдегі әлеуметтік мәселелерді сипаттайтын 3D-инсталляциялар мен басқа да өнер туындылары Ғаламторда да аз емес.
Дегенмен, қазіргі өнер әлемінің ерекшелігі тек аллегориялар мен минимализм емес. Қазіргі бейнелеу өнерінің алып келген жаңалығы — жаңа материалдар, қанық түстер мен бұрын адам баласы білмеген технологияны пайдалану. Қарапайым кенеп пен бояу емес, коллаж не инсталляция жасау үшін тас, ескі техникадан қалған бөлшектер, жарық шамдары, қолдануға жарамайтын түрлі тұрмыстық заттар т.б. қазіргі қоғамның көп айтылмайтын мәселелерін, мәселен адамның табиғатқа тигізетін әсері, халықтың әлеуметтік желілерге тәуелділігі,
саясат пен әділетсіздік мәселелерін сипаттайды. Қанық бояулар табиғат пен адамды басқа аспектіден көрсетеді, шындыққа сәйкес келмейтін түстермен алуан-алуан бейнелерді жеткізеді, ал ол үшін креативтілік пен талант керек.
ХХІ ғасырдағы танымал өнер туындылары біркелкі болып келмейді, бейнелеу өнерінде, сурет салуда да жүздеген, тіпті мыңдаған бағыттар мен жанрлар бар. Қағазға салынған, не компьютерге арнайы планшетпен салынған, комикс, әлде бөлек туынды, монохромдық, я түрлі-түсті, анимация, не сурет, салыну стилі, фотореализм, семиреализм немесе сюрреализм және т.с.с. көптеген категорияларға бөлген кезде, қазіргі кездегі өнер саласының ауқымды, кең екендігі білінеді. Өнермен айналысу үшін әр кезде де көп еңбек пен практика болған. Жақсы, басқалардан ерекшеленетін, идея мен сол идеяны жүзеге асыратын еңбекқор адам болса, өнер жоғары бағаланатын болады.
Өнер туралы қанша пікір болса да, біз өнердің субъективті сала екенін есте сақтауымыз керек. Жаман сурет, көріксіз иллюстрациялар тек солай ойлап тұрған адамның көзіне ғана көріксіз болып көрінеді, сол себепті адам еңбегін құрметтеп, бұрын көрмегенжаңа нәрселерге ашық болып, бейімделе білу – заман талабына сай қоғам мүшесі бола білу үшін маңызды.
Мақала авторы: Мейрам Гауһар
NIS Press — это школьная газета НИШ ФМН г. Алматы, Казахстан. Данная статья была опубликована в выпуске газеты 3-недели Января 2021 г.
Следите за новостями газеты в нашем Instagram-аккаунте. Также можете ознакомиться со всей информацией о газете в нашем Telegram-канале.
Все выпуски газеты доступны для скачивания в нашем Telegram-канале и через Google Диск.