May 25, 2021

Gamestop: БАҚ Уолл-стриттіктерді таңқалдырды

2021 қор нарығындағы алғашқы көңіл аударалық оқиғаның GameStop туралы болатынын кім білді?

GameStop — АҚШ пен Еуропаның кейбір елдеріндегі видео ойындар сататын дүкендер желісі. Індет әсерінен бұл франшиза көп зардап шекті: 2019 жылы Америкада ~$9 млрд пайда тапса, 2020 жылы PlayStation-нан да, Xbox-тан да жаңа консольдер мен ойындардың шыққанына қарамастан, тек ~$6 млрд тапты.

Осыны естіген хэдж-қорлардың инвесторлары экономикада жиі қолданылатын «шортинг» деп аталатын әдісті пайдаланды. Шортинг дегеніміз — акцияларды қарызға алу, яғни ірі компания әлін жоғалтқан кезде белгілі-бір уақыт аралығына акция алып, оның бағасы күрт төмендеген кезінде қайтарып беру арқылы ақша ұтып алу. Осылайша, спекулянттар мен акционерлер GameStop-тың акцияларын шорттап, компанияның банкроттық жариялауын күтті.

Ал капитализмнің кемшіліктерін мойындайтын жастар мен байлардың мұндай жол арқылы ақша табуын қолдамайтын Reddit платформасының қолданушылары хэдж-қорлар иелерінің бұл әрекетін тоқтатқысы келді. Сол кезде r/WallStreetBets субреддитін пайдаланатындар бағасы $20 ғана тұратын акцияларды сатып ала берді, нәтижесінде GameStop акцияларына сұраныс күрт өсіп, бағасы тіпті $300-дан асып кетті.

Бір-бірін танымайтын ғаламтордағы адамдардың аз уақытта бірігіп, әлемдік жүйеге қарсы тұра алғандығы Wall Street-тегілерді таңқалдырды. Ал жастар тек бұл иронияға толы жағдайдан мем жасауға тағы бір сылтау тапты.

Аталған инвесторларға енді не болды? GameStop-тың құлдырауына сенімді болып миллиондаған, тіпті миллиардтаған долларды төккендердің уақытша алған акциялардың бағасы көтеріліп, хэдж-қорларға қарызы бірнеше мәрте өсті. Қаржы ережелеріне сәкес, бұл инвесторлар акцияларды сатып алуға мәжбүр болып, қомақты қаржыдан айырылып қалды.

Американдықтар үшін GameStop — бала кезінен бері жаңадан шыққан ойындарды сатып/жалға алатын бірден-бір дүкен еді, сондықтан оның банкрот болуы миллениалдар мен Z ұрпағы үшін өкінішті болар еді. Әрине, GameStop акциялары мәңгілік қымбат болып тұрмайды, бірақ уақытша болса да компанияны тірілту — батыс жастары үшін үлкен жетістік!

Дереккөздер мен қосымша сілтемелер

1. «Game Theory: GameStop Made MILLIONAIRES Overnight... Now What?» (2021, 7 Фев). https://youtu.be/oZEOHY9FWBw

Мақала авторы: Мейрам ГауҺар


NIS Press — это школьная газета НИШ ФМН г. Алматы, Казахстан. Данная статья была опубликована в выпуске газеты 22 февраля 2021 г.

Следите за новостями газеты в нашем Instagram-аккаунте. Также можете ознакомиться со всей информацией о газете в нашем Telegram-канале.
Все выпуски газеты доступны для скачивания в нашем Telegram-канале и через Google Диск.