Оқуда жоғарылау үшін ынталандыруды қайдан табуға болады?
Өздігінен даму үшін уәждемені қайдан табуға болады?
Көптеген оқушыларға жаңа білім алу, жақсы оқу және жалпы өзідігінен даму үшін түрткіні табу қиынға соғады, бірақ сонымен қатар, жақсы уәждеме-табысқа жетудің негізгі компоненттерінің бірі. Бұл мақалада біз уәждемені егжей-тегжейлі талдап, осы мәселенің ең тиімді шешімін табуға тырысамыз. Уәждеме - бұл ең алдымен іс-әрекетке ынталандыратын психологиялық процесс. Әдетте, адам үшін ең басты уәждеме-өзіне керек затқа қол жеткізу. Осы жердегі затне материалдық (ақша, тамақ, кітаптар т.б.) не материалдық емес нәрселер(білім, ләззат, тәжірибе т.б.) болуы мүмкін.
Уәждемені табу жолдары:
Мақсаттың қойылымы. Егер сіз өзіңізге не қажет екенін нақты білсеңіз, ең алдымен, сіз өз алдыңызға мақсатыңызды тұжырымдауыңыз керек. Әдетте, біз не нәрсеге ұмтылып, жұмыс істесек, соған байланысты бізде қажетті уәждемелер немесе мақсаттар болады. Сәйкесінше, кез-келген жұмысты орындаудағы ең бастысы - дұрыс мақсат қою. Басқа сөзбен айтқанда, осы жұмыс барысында өзіңіз қалаған нәтижеге ұмтылу.
Өз істерінің тізімін құру – уәжді табудың ең жақсы тәсілдерінің бірі, өйткені. Себебі бұл тәсіл орындалған істерді есепке алудың ең қарапайым әдістерінің бірі ғана емес, сіздің жетістіктеріңізге қуануға мүмкіндік беретін тамаша тәсіл. Тізім сіздің басты мақсатыңызға қарай қадамдардан тұруы мүмкін және күн сайын сіз оған жақындап келе жатқаныңызды көрсетіп, одан әрі қарай жылжуға деген ынтаңызды арттырады. Шабыт табу. Егер сіз өз басымдықтарыңыз туралы әлі шешім қабылдамаған болсаңыз, яғни қай салада өз-өзіңізді дамытуды білмейсеңіз, бірақ сіздің басқалардан артта қалғыңыз келмесе, сіз басқа адамдардың өздігінен дамуының жетістіктерінен шабыт алуға тырысыңыз. (әр түрлі әлеуметтік желілерден іздеңіз, басқа адамдардың жұмысын бақылаңыз)
Уәждемені қалай ұстап, жоғалтпауға болады?
Сіздің мақсатыңыз тым ауқымды болмауы керек. Тез арада қол жетпейтін мақсаттарды қоюдың қажеті жоқ, өйткені бұл жағдайда оқудағы негізгі кедергілер - жалқаулық және сәтсіздіктен қорқыныш. Егер сіздің мақсатыңыз өте үлкен болса, оны бірнеше кезеңдерге бөлуге болады. Осы жағдайда мақсатыңызға қол жеткізу мүмкіндігі артады және қорқыныш сезімі азаяды. Кез келген нәтижеге оң көзқарас. Жұмыстың соңғы кезеңі - орындалған істер мен жетістіктерге талдау жүргізу. Бұл кезеңнің маңыздылығын ұмытпау керек, неге десеңіз, өзіңіз жасаған жұмысты талдау, келесі жұмыспен айналысуға үлкен серпіліс пен уәждеме береді. Кез-келген, тіпті шамалы болып көрінетін жеңістерден ләззат алу және өзіңізді, өз еңбегіңізді бағалап, басқалардың жетістіктерімен салыстырмай, сыйлау өте маңызды.
Осылайша, осы қарапайым ережелерді сақтай отырып, сіз кез-келген мақсатқа қол жеткізе аласыз. Тез, әрі оңай берілмеңіз және өзіңізді сыйлаңыз)))
Автор: Найманбаева Даяна
NIS Press — это школьная газета НИШ ФМН г. Алматы, Казахстан. Данная статья была опубликована в выпуске газеты 1-недели Ноября 2020 г.
Следите за новостями газеты в нашем Instagram-аккаунте. Также можете ознакомиться со всей информацией о газете в нашем Telegram-канале.
Все выпуски газеты доступны для скачивания в нашем Telegram-канале и через Google Диск.