Музыканың адам өміріндегі маңызы
Бұл ақпарат сізді таңғалдыратын шығар, бірақ адам музыкасыз өмір сүре алмайды. Әр адам музыканың беретін рухани және эмоционалды азығына мұқтаж.
«Музыка, тамшы сияқты, там-тұмдап жүрекке енеді де, жанды желпіндіреді» деп Ромен Роллан айтқандай, әуеннің көркемдігі жүрегімізді шаттыққа толтыратыны соншалық, қазіргі кезде музыкасыз өмірімізді елестету мүмкін емес. Қайда барсаң да, барлық жерде музыка мен әуеннің түр-түрін естейсін. Осының барлығы бізге музыканың рахатқа бөлейтін ерекше бір күш екенін айтады. Осы мақалада біз осы ғажаптың кейбір қасиеттері мен әсерлеріне тоқталамыз.
1. Музыка адамның ішкі жан дүниесінің қалыптастыруында үлкен рөл ойнайды
Музыкалық шығармада адамның ақыл-ой мен эмоциялары көрініс табады. Музыка психологиялық жағдайды ғана емес, мінез-құлықты ашуға да көп мүмкіндік береді. Сондықтан жас балалар үшін музыка аса қажетті. Музыка, жастардың ой-өрісін жетілдіріп қана қоймай, олардың рухани дүниелерін байыта алады.
2. Музыканың емдік қасиеті
Ежелгі гректер музыканы медицина саласында қолдана білген. Олар дыбыстардың адам ағзасына әсер ететіндігін білген, сондықтан оны кейбір жүйке ауруларын емдеуге немесе олардың алдын алуға қолданған. Қазірдің өзінде де кейбір емханаларда музыкатерапиямен емдеу жолдары қарастырылады.
3. Музыка адам сезімін, ойын, оның ерік-күшін дыбыстық формада суреттейтін қатынас құралы
Адам эмоциясын нақтылы, ерекше сыршыл сезіммен бейнелеуде музыканың мүмкіндігі мол. Музыка адамның идеялар әлемін, әр алуан құбылыстарды және болмыс шындығын көркем түрде суреттейді. “Музыка — адамзаттың әмбебап тілі.” деп Лонгфелло бекер айтпаған.
Қорытындылай келе, менің айтарым, музыканың адам өміріндегі алатын маңызы өте зор. Оны толық көрсетуге сөз де жетпейін шығар. Алайда сіздерге бір айтатын кеңесім музыканың ләзаттына бөленіп, кеудеңізді шаттыққа толтырыңыз. Себебі бұл әлемде әуеннен көркем нәрсе бар ма? Шіркін, әуен, сенің сұлулығыңнан ешкім аса алмайды ғой.
Дереккөздер және қосымша сілтемелер
1. «Музыка — Уикипедия»
https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D1%83%D0%B7%D1%8B%D0%BA%D0%B0
2. «Адам өміріндегі музыканың орны» (2016, 28 Қыр)
https://massaget.kz/blogs/18407/
Мақала авторы: Есалы Сабина
NIS Press — это школьная газета НИШ ФМН г. Алматы, Казахстан. Данная статья была опубликована в выпуске газеты 1 марта 2021 г.
Следите за новостями газеты в нашем Instagram-аккаунте. Также можете ознакомиться со всей информацией о газете в нашем Telegram-канале.
Все выпуски газеты доступны для скачивания в нашем Telegram-канале и через Google Диск.