Құпия мен мистикаға толы Қазақстан
Қожа Ахмет Йассауи кесенесі - қазақ жерінің асыл қазынасы. Кесене Әмір Темірдің бастауымен салынғандығы баршамызға тарих сабақтарынан белгілі, алайда ЮНЕСКО әлемдік мұра тізіміне кіретін кесене туралы құпия, әрі қызық факт бар. Кесененің іргетасы жоқ. Иә, шалыс оқымадыңыз. Іргетасы жоқ кесене 6 ғасыр бұрын салынса да, біздің уақытымызға жетті. Ғалымдар көп ойлана келе, бұл балшық пен гипс араласқан жақсы материалдың арқасы дейді, бірақ оған ұқсас материалдардан салынған ғимараттардың көпшілігі біздің уақытқа жете қойған жоқ қой.
Райымбек баба — 18 ғасырдағы қазақ жерінің қоғам қайраткері болған батыр бабамыз. Оның әулие адам болғандығы да белгілі. Бірде жасөспірімдер кітапханасына барғанымда кітапханашы апай бір қызық оқиғаны баяндап берді. Қазір Райымбек батырдың атымен аталатын үлкен даңғылдың бойында бір қыр секілді төбешік болыпты. Қариялардың сөзінше, Райымбек батырдың бейіті сол төбешікте екен. Райымбек бабамыздың өз қалауымен оны қайтыс болған кейін түйеге салыпты және түйе қонған жерге батыр жерленіпті. Тәуелсіздік алған жылдары қаланың маңызды көшелерінде жақсарту жұмыстары жүргізілген екен. Қазір Райымбек даңғылы аталатын көше де жақсартудан өтіп жатқан кезде дәл Райымбек бабаның бейітіне жақын келген тегістегіш көлік тоқтап қалып, лезде артқа кетіпті. Қайта жақын барайын десе, көлік өшіп қалды. Мұндай құбылыстар көп рет қайталанғандықтан төбешік жайына қалдырылып, ол жердің әулие екендігі мойындалады. Кейіннен ол жерге ескерткіш қойылған екен.
Лох-несс құбыжығы туралы білесіз бе? Шотландиялық аңызға сәйкес ол Лох-Несс көлінде өмір сүретін айдаһарға ұқсаған құбыжық. Қазақстанда Лох-Несс құбыжығы бар десем сенесіз бе? Жамбыл облысында орналасқан Көк-көл көлінде Лох-Несстегідей құбыжық бар деседі. Көлден бір аңның дыбыстары шығады. Бұрынғы аңыздарға сүйенсек, Көк-көлдің түбі жоқ.
Бұл барлық мистикалық орындардың тек аз ғана бөлігі. Еліміздің біз білмейтін тұстары әлі көп, оларды бізбен бірге зерттеңіздер!
Мақала авторы: Төребекқызы Аяулым
NIS Press — это школьная газета НИШ ФМН г. Алматы, Казахстан. Данная статья была опубликована в выпуске газеты 3-недели Ноября 2020 г.
Следите за новостями газеты в нашем Instagram-аккаунте. Также можете ознакомиться со всей информацией о газете в нашем Telegram-канале.
Все выпуски газеты доступны для скачивания в нашем Telegram-канале и через Google Диск.