May 25, 2021

Миды арбайтын психологиялық амалдар

Қазіргі кезде БАҚ пен ақпараттың ғаламторда кез-келген адамға қолжетімді болғанына қарамастан, өкінішке орай, біразымыз бұрыс не дұрыс ақпаратты сұрыптап, қабылдай алмай жатырмыз. Соның кесірінен, көптеген ақпараттар ой елегінен өтпеуде. Осы орайда, сіздерге белгілі психологиялық амалдар жайлы айтпақпыз. Біз болып сіз болып білсек, өмірімізді әжептәуір жеңілдетер.

1. Эмиоционалды алдыналу

Кейде ұзақ армандаған тілектеріміз орындалып жатқан немесе үлкен қуаныш сыйлау керек болған, асыға күткен жағдайлар орын алған кезде қорытындысы біз күткендей бақыт әкелмеуі мүмкін. Оның себебі неде?

Бұның негізгі себебі — эмоциямыздың жағдайдың алдын алуы, яғни одан жылдамырақ болуы. Мысалы, сіз бір көлік алғыңыз келді дерлік. Қажет соманы уақытқа бөліп, жинап жатырсыз. Енді, көлікті аламын дегенге 3 ай қалғанда, сіз тағы да белгілі бір қаражат қоссаңыз, ол көлікті алатындығыңызға көзіңіз жетеді. Сол сәтте сізде эмоционалды максимум орын алуы мүмкін. Яғни, көлікке жақын арада қол жеткіземін деген ойдан сіз барлық мүмкін эмоцияларды сезініп, көлікті алғанда, керісінше, мүлде эмоция болмай, бұл күту мен шындықтың айырымы болып қалуы мүмкін.

2. “Шаяндарға толы шелек” эффектісі

Бірде жақындарыңызға жақсы жаққа өзгергіңіз келетінін айтып (шылым шегуді қою, салауатты өмір салтын ұстану, т.б), қолдау таппаған кезіңіз болған ба еді?

Бұл жағдайды “Шаяндарға толы шелек” эффектісі нақты түсіндіреді. Қызық, егер бір шұңғыл шелекке шаяндарды салып қойса, біреуі болсын жармасып шықпақшы болғанда, өзге шаяндар оны құлатып түсіреді екен. Яғни, не өздері шелектен шықпайды, не өзгені шығармайды. Сол сияқты, адамдарда да түрлі орта болады: кейде дамимын, өзгеремін дегенде “қоя салшы, сенің қолыңнан келеді деп ойламаймыз”, “бұл саған жараспайды, өзгерсең, бізді жоғалтып аларсың” деген сөздерді естіп қалуымыз әбден мүмкін. Осыған ұқсас жағдайларда аталған эффектті еске алыңыз.

Сіздің өміріңіз тек өзіңіздің қолыңызда. Шелекте қаласыз ба, әлде тырмысып шығасыз ба?

Мақала авторы: Қанаш Лағыл


NIS Press — это школьная газета НИШ ФМН г. Алматы, Казахстан. Данная статья была опубликована в выпуске газеты 8 марта 2021 г.

Следите за новостями газеты в нашем Instagram-аккаунте. Также можете ознакомиться со всей информацией о газете в нашем Telegram-канале.
Все выпуски газеты доступны для скачивания в нашем Telegram-канале и через Google Диск.