May 25, 2021

Ғарыштың игерілуі

1961 жылғы 12 сәуір — адамзат тарихында адам баласын ғарышқа алғаш рет жіберген күн. Осы күні атақты Юрий Гагарин еліміздегі Байқоңыр ғарыш станциясынан ғарышқа ұшып, аман-есен қайтып келді. Осы сәт — адамзаттың болашағына түбегейлі ықпал еткен сәт, өйткені бұл күннен бастап ғарыш игеру келешегі зор сала ретінде танылып, жыл сайын қарқынды дамып келеді. Тіпті әлемнің кейбір елдерінде (мысалы, АҚШ-та) қарапайым халықтың төлейтін салығының бір үлесі ғарыш игеру саласында қызмет ететін компаниялар мен мекемелерге жіберіледі екен. Ендеше, салық төлеушілердің қаржысын пайдалану шексіз ғарышты зерттеуде қандай жетістіктерге алып келгенін көрелік.

Әрине, бәрімізге белгілісі — NASA-ның Айға адам қондыруы. 1969 жылы әйгілі Нил Армстронг пен Базз Олдрин секілді тұлғалар Аполло-11 кемесімен ұшып, Айға қонып, АҚШ туын тікті.

Осыдан кейін адам баласының шыққан тағы бір шыңы — КСРО-ның 1973 жылы Марсқа қонуы және 1976 жылы АҚШ-тың Марс бетін суретке түсіруі. Қазіргі кезде Илон Маск деген кісінің Марсты колонияға айналдырып, халықтың бір бөлігін сол ғаламшарға көшіруді мақсат етіп жатқаны бәрімізге белгілі, бірақ ракета ұшырудағы тәжірибелері әлі айтарлықтай нәтиже берген жоқ.

1979–2015 жылдары Меркурий, Юпитер, Сатурн, Венера, Нептун, Уран, тіпті Плутон орбиталарын аралап, жақыннан да, алыстан да суретке түсіріп, айналамыздағы аспан денелерін үлкен масштабта көре алғанымыз да рас. Ғарыш пен аспан денелерін зерттеудегі жетістіктер көбейген сайын, адам ойында пайда болатын сұрақтар да көбейді. Эйнштейн заманынан ғаламшарлардың неге айналатындығы, кеңістікте масса мен тартылыстың қатынасы зерттелгеннен кейін, бұл масса қайдан шыққаны туралы, массасы ең үлкен аспан денесінің қандай екендігі туралы және барлық аспан денелері сол массаға тартылып тірелгенде соңында не болатындығы туралы күрделі сұрақтарға жауаптар әлі ізделуде. Дегенмен де, бізге белгілі ақпарат та бар: әр бөлшектің сақтайтын дерегі мен тарихы арқылы әлемнің жаратылысын тереңірек зерттеу мүмкіндігі бар.

Математикалық есептеулерге сүйеніп, астрономдардың ойлап тапқан гипотезасы: Қара Құрдымдар (ағылшынша black hole) — Жаһандағы массасы ең ауыр денелер болып табылады және сол қара құрдымға жақындаған денелердің бәрі тартылып, оның ішіне түсіп кетеді. Ғалымдардың айтуынша, бұл ғажап дене әрдайым айналып тұрады, және сондай бір құрдымнан бөлінетін ядролық энергияның біздің Жердегі тіршілікті 2 млрд. жыл бойы энергиямен қамтамасыз етуге шамасы жетеді екен. Енді болашақта Күн жүйесіне ең жақын бір қара құрдымды тауып, оның энергиясын баламалы отын ретінде пайдалану көзделуде. Бұл — өте күрделі тапсырма, және бұл мақсатқа жету үшін, мамандардың айтуынша, кемінде 100 жыл керек.

Қара құрдымның суреті. 2019 жыл.

Бірақ ғарыштың мұндай белгісіз, әрі ғажап жағын зерттеудегі ең маңызды жетістігіміз — 2019 жылы NASA-ның қара құрдымды алғаш рет суретке түсіруі. Бұл суреттің маңызы неде? Осы суреттің арқасында біз жоғарыда айтылған теорияның рас екендігін дәлелдейміз, және әрі қарай зерттеу жүргізу үшін не істеу керектігіне жоспар жасай аламыз.

Мақала авторы: Мейрам Гауһар


NIS Press — это школьная газета НИШ ФМН г. Алматы, Казахстан. Данная статья была опубликована в выпуске газеты 19 апреля 2021 г.

Следите за новостями газеты в нашем Instagram-аккаунте. Также можете ознакомиться со всей информацией о газете в нашем Telegram-канале.
Все выпуски газеты доступны для скачивания в нашем Telegram-канале и через Google Диск.