May 17, 2021

Тұмау эволюциясы

Қазіргі таңда, өкінішке орай, тұмауға аса мән бере бермейміз немесе жеңіл қараймыз. Расымен, оның белгілері жеңіл, ол бізді екі аптадан ары мазаламайды және көбіне аса қатты ем-домсыз өтеді. Бірақ тұмау тарихы мен статистика бұл патогенге шындап, бар зейінмен қарауды талап етеді.

Еске салсақ, өткен ғасырдың ең ауыр пандемиялары осы тұмаумен байланысты. ДДСҰ статистикасы бойынша, тұмаудың ушығуымен жылына 100 мыңдаған адам, оның ішінде қарттар мен жас сәбилер өмірі қыршыннан қиылуда, ал қазіргі пандемия кезінде миллиондаған адам зардап шегеді. Ал жұқпалы аурулардан қайтыс болғандар саны бойынша тұмау АИТВ-тан (ВИЧ) ғана кейін тұрады.

Бұл ауруда туындайтын негізігі мәселе — оның профилактикасы, себебі тұмау жыл сайын жаңа формаға өзгеріп тұрады және ортаға бейімделіп кетеді. Оны әрдайым болжап отыру күрделі. Дегенмен, оның өзгергіштігін, түсінуге болады. Оның негізгі жолы — вирус ақуызы мен геномындағы нуклеотидтік аминоқышқылдардың ретін компютерлік анализ бойынша талдау.

Негізгі өзгергіштік пен бейімделгіштік РНҚ-геномды вирустарға тән, себебі оның көшірілуіне жауап беретін ферменттер полимеразамен салыстырғанда синтез қателіктерін жөндеуде қауқарсыз. Бұл ДНҚ-геномды вирустарға қарағанда көбірек мутациялардың пайда болуына әкеледі.

Егер жасушаға бірден вирустың екі штаммы кіретін болса, оның ұрпағында реассортация, яғни гендік материал бөлімдерінің араласуы туындауы мүмкін, біздің ата-анамыздың белгілері араласуы сынды. Солай реассортация салдарында жаңа вирус штаммы пайда болады. Егер “ата-ана” вирустары генетикалық тұрғыдан әртүрлі болса, онда олардың ұрпақтары олардан мүлдем өзгеше қасиеттерге ие болуы мүмкін және тұмау вирусы осындай эволюциялық қозғалысқа түсе алады. Оның геномы 8 жеке РНҚ молекуласынан тұрады және әрқайсысы вирус тіршілік циклында маңызды.

Вирус геномы жасуша ядросына кіріп, ақпарат алып оқиды

Тұмау вирусы штаммының классификациясы оның құрамына кіретін гемагглютинин және нейраминидазаға тікелей байланысты. Сол үшін N және H әріптері оның белгілеуінде жиі қолданылады.

Ең алғашқы тұмау вирусының иелері құстар болып табылады. Көп жағдайда вирус құстардан үй жануарларына, тіпті адамдарға да тікелей жұғады және иесі мен патоген қаншалықты ұзақ коэволюцияда болса, олардың салдары соншалықты жеңіл болады. Негізінен, вирустың құс штаммдары өте қауіпті болып табылады.

РНҚ сегменттерінің реассортациясы — 1957-ші жылғы азиаттық және 1968-ші жылғы гонконгтық грипптің пандемиясының негізгі себепшісі және 2,5 млн адамның өмірін әкетті. Испандық грипп та осының салдары болуы әбден мүмкін. Реассортация салдарының зерттелуі барысында грипп эволюциясы кезінде әр сегмент кемінде 50 рет осы жолмен мутацияға ұшырағаны анықталды.

Қорытындылай келе, реассортация жаңа вирус штаммдарының пайда болуына әкеледі және салдары түрлі пандемиялардың басы болуы әбден мүмкін, сондықтан терең қарастыру мен зерттеуді қажет етеді. Қазіргі пандемия кезінде де талай адамдардың өмірі осы вирус салдарынан қиылуда.

Дереккөздер мен қосымша сілтемелер:

1. «У людей новых мутаций появляется меньше, чем у человекообразных обезьян» (2019, 28 Янв)
https://elementy.ru/novosti_nauki/433415/U_lyudey_novykh_mutatsiy_poyavlyaetsya_menshe_chem_u_chelovekoobraznykh_obezyan

Мақала авторы: Қанаш Лағыл


NIS Press — это школьная газета НИШ ФМН г. Алматы, Казахстан. Данная статья была опубликована в выпуске газеты 17 мая 2021 г.

Следите за новостями газеты в нашем Instagram-аккаунте. Также можете ознакомиться со всей информацией о газете в нашем Telegram-канале.
Все выпуски газеты доступны для скачивания в нашем Telegram-канале и через Google Диск.