May 25, 2021

Жаңа Жылдың тарихы

Жаңа жыл...

Осы бір мерекеде қаншама қуаныш пен шаттық жатыр десеңізші? Аталған мереке жүректің түкпірінде үміт отын жандандырып, баршамызға қуаныш сезімін ұялататыны сөзсіз. Ал, осы бір таңғажайып мерекенің қалай пайда болғаны сізге мәлім бе?

Жаңа жыл мерекесінің тарихы осыдан 25 ғасыр бұрынғы кезеңнен бастауын алады. Ата-бабаларымыз ежелден-ақ жылдың басын табиғаттың жаңарып, жандана бастайтын, тіршілік атаулыға жан бітіп, көк көрпесін жамылатын жайдары көктем мезгілінде мерекелейтін болған деседі. Дегенмен, бұл дәстүр б.з.б. 46 жылы римдік Юлий Цезарь жаңа күнтізбе шығаруымен өзгеріске ұшыраған болатын. Бәрімізге таныс "Юлиан күнтізбесі" 1 қаңтардан басталатын
болғандықтан, жаңа жылды қарсы алу дәстүрін де дәл осы күнге ауыстыру шешіледі. 1700 жылы орыс патшасы Петр І көктем мезгілінде тойланып келе жатқан Жаңа жыл мерекесі еуропалық дәстүр бойынша 1 қаңтарда атап өтілсін деген бұйрық шығарады. Халыққа үйлерін безендіруге ұсыныс жасаған орыс
патшасы, жаңа жылдың сәні менен әнін келтіріп, күллі жұрттың төбесін көкке көтереді. Ал, 1700 жылы сағат 12-де патша Қызыл алаңға қолына факел ұстап шығып, аспанға ең алғашқы алаулы отты шашады.

Мінекей, қазіргі күннің өзінде тойланып келе жатқан жайдары Жаңа Жылымыз тарихтың осы бір оқиғасынан бастау алған екен. Ендеше “жаңа жылда- жаңа жыр” демекші, келе жатқан 2021 жыл баршамызға тек жаңа табыс пен жаңа бақыт әкелуіне тілектеспін!

Мақала авторы: Абибулла Аружан


NIS Press — это школьная газета НИШ ФМН г. Алматы, Казахстан. Данная статья была опубликована в выпуске газеты 4-недели Декабря 2020 г.

Следите за новостями газеты в нашем Instagram-аккаунте. Также можете ознакомиться со всей информацией о газете в нашем Telegram-канале.
Все выпуски газеты доступны для скачивания в нашем Telegram-канале и через Google Диск.