Түрксібке 90 жыл
Түркістан мен Сібірді қосқан Ұлы магистраль, халық пен жұмысшыларды қарамағына алып аялаған, Қазақстанның индустрияландыру кезеңінің жаршысы атанған атақты Түрксіб магистраліне биыл 90 жыл. Осы орайда Түрксібтің тарихына кішігірім шолу жасау — міндетіміз.
Қазақ жұмысшыларының оңай емес еңбектерінің арқасында 1446 шақырымға созылған ірі магистраль салынды. Қариялардың айтуынша, Ертіс өзенінен өтетін Түрксібтің көпірін салу қиың кезең болды. Су түбінен, ал кейде мұз астынан, көпірді тұрғызу жұмыстары жүргізілгін еді. Арнайы техника мен қауіпсіздік ережелері жоқтың қасы болғандықтан, құрылыс барысында қаншама жап-жас жігіттер қаза болды. Міне сондықтан, Түрксіб - адамдардың қара еңбегі мен маңдай терінің жемісі. Жұмылған 50 мыңнан астам қара халықтың арқасында 4 жылға жоспарланған құрылыс 3 жылда аяқталды. Сол жұмысшыларды, жаңа индустрияландыру кезеңінің кейіпі атанған “шайтан арба” пойызды жарқын қарсы алып тұрған халықты Әбілхан Қастеев атамыз “Түрксіб” картинасында керемет суреттеп кеткен еді. 1930 жылдың 28 сәуірінде Айнабұлақ станциясында магистраль құрылысының оңтүстік телімі мен солтүстік телімі түйісті. Шойын магистральдің соңғы күміс шегесін Түрксіб құрылысына көп еңбек сіңірген Ахметжан Мәженов қақты.
Ұлы Отан соғысы жылдарында Түрксібтің атқарған міндеті зор болды. Соғыстың бірінші күндерінен бастап Қазақстан Қызыл Армияны керек-жарақпен қамтамасыз етті. Сол керек-жарақтың барлығы Түрксіб магистралі арқылы тасымалданды.
Түрксіб - көне Ұлы Жібек жолының мұрагері. Кезінде бүкіл Одақтың игілігіне еңбек етті, ал қазіргі таңда Қазақстанның экономикасының барлық салаларында орасан зор рөл атқарып келеді. Сондықтан да, Түрксіб - еліміздің тарихы, бүгіні мен болашағы.
Мақала авторы: Төребекқызы Аяулым
NIS Press — это школьная газета НИШ ФМН г. Алматы, Казахстан. Данная статья была опубликована в выпуске газеты 3-недели Января 2021 г.
Следите за новостями газеты в нашем Instagram-аккаунте. Также можете ознакомиться со всей информацией о газете в нашем Telegram-канале.
Все выпуски газеты доступны для скачивания в нашем Telegram-канале и через Google Диск.