Волейбол
Волейбол — бәрімізге таныс спорт. Мектепте ойнаймыз, далада достарымызбен «жарыс» өткіземіз, жағажайда ойнап демаламыз. Бірақ бұл спорт түрін одан сайын ұнатып, өз білімімізді кеңейту үшін, волейболмен танысайық.
Алдымен волейболдың тәртібі мен ережелеріне қысқаша тоқталып өтейік. Волейбол — контактты емес, аралас спорт түрі, онда әр ойыншының алаңдағы белгілі бір рөлі бар. Волейбол ойнайтын адамның бойында болуы тиіс маңызды қасиеттерге биік секіру, реакция, координация және физикалық күш жатады. Волейболда алаңның бір жағында алты адам тұрады. Алдыңғы қатарда шабуыл ұйымдастыратын спайкерлер мен қарсылас команданың шабуылын тоқтататын бұғаттаушылар тұрса, ал артқы жағында допты ұстап алатын либеро мен екінші түскен допты спайкерге жіберетін сеттер тұрады. Оған қоса кез-келген функция орындай алатын қатардағы ойыншы да құрамаға кіре алады.
Әдетте тордан асқан допты тордың сол бетінде тұрған команда тек 3 рет ұстай алады, демек біріншіден, шабуылды не пасты ұстап алу керек, екіншіден сеттер допты бағыттаулары керек және үшіншіден шабуыл жасау керек. Бір ойыншы допты екі рет қатарынан ұстай алмайды, либеро алаңның алдынғы бөлігінде допқа қол тигізбеуі керек және ол допты бере алмайды.
Волейболды ең алғаш ойлап тапқан адам Уильям Дж. Морган саналады екен, ол 1895 жылы АҚШ-тың Массачусетс штатында ойын ережелерін жүйелеп, жаңа спорт түрін ұсынған екен. Бірақ спорттың өзі басында «минтонет» деп аталыпты және волейбол добы әлі шығарылмағандықтан, баскетбол добымен ойнапты. Содан соң бұл ойын Спрингфилдте өткен колледж ассоциациясы конференциясында көрсетіліп, профессор Альфред Т. Хальстедтің ұсынысы бойынша волейбол деп аталыпты. 1895 жылдан бері ойын техникасы, ережелері, ойнау жүйесі, ойналатын доп та дамып, қазір бәрімізге әйгілі волейболға айналды.
Қазір волейболдық құрал-жабдықты дайындаумен айналысатын бірден бір бренд — жапондық MIKASA компаниясы. Оны біз кез-келген жарыста пайдаланылатын сары-көк спираль тәрізді дизайны бар доп ретінде танимыз. Спорттық киім, әртүрлі доптар, арнайы форма, т.б. керек-жарақты MIKASA жасайды. Бір қызығы, тек волейболға арналған арнайы аяқ-киім де бар екен, кәсіби волейболмен айналысатын ойыншылар көбінесе Asics бренді шығаратын аяқ-киімді таңдайды екен.
Волейбол туралы көптеген қызықты кинолар, сериалдар мен мультсериалдар бар. Ойынның қалай жүргізілетінін трибунадан емес, дәл ойыншылар арасында жүргендей сезіп, физикалық қана емес, психологиялық жағынан да жарыста кейіпкерлердің ойлаған ойы мен сезімдерін үйренгіңіз келсе, жапондық “Haikyuu!!” атты анимациялық сериалды көрсеңіз болады.
Волейбол — кең таралған, өте қызықты спорт. Күнде далаға волейбол ойнауға шығып тұрсақ, денсаулығымыз жақсарады, қозғалыспен айналысып, таза ауамен дем алсақ, иммунитетіміз де көтерілетіні сөзсіз.
Мақала авторы: Мейрам Гауһар
NIS Press — это школьная газета НИШ ФМН г. Алматы, Казахстан. Данная статья была опубликована в выпуске газеты 1 февраля 2021 г.
Следите за новостями газеты в нашем Instagram-аккаунте. Также можете ознакомиться со всей информацией о газете в нашем Telegram-канале.
Все выпуски газеты доступны для скачивания в нашем Telegram-канале и через Google Диск.