May 25, 2021

Глютен дегеніміз не және неліктен адамдар одан бас тартады?

Глютен — астық тұқымдастарында, көбіне бидайда, қарабидайда және арпада кездесетін ақуыз түрі. Ең алғаш рет глютенді 1728 жылы Якопо Бартоломео Беккарин ұннан бөліп алған болатын. Орта есеппен адам күніне 10-40 грамм глютен қабылдайды.

Глютенді қайда кездестіруге болады?

Қазіргі заманда суланған глютеннің нан өндірісіндегі маңыздылығы өте жоғары, өйткені ол суланған күйінде қамырдың иімділігін, серпімділігін қамтамасыз етеді. Ал құрғақ глютен қоспаны қоюландыру үшін қолданылады. Сондықтан, оны жиі макарон және нан өнімдерінен, балмұздақ, кетчуп өнімдерінен кездестіруге болады.

Глютеннің таза күйі сейтан шығыс Азияның вегетериандық және вегандық аспаздығында үлкен қолданысқа ие. Басқа сөздермен айтқанда, сейтанның 25%-ы ақуыз болғандықтан, ол ет өнімдерін толығымен амастырады.

Тағы да айта кететін факт, глютен косметика және дерматологиялық дәрі-дәрмек өндірісінде кеңінен қолданылады.

Глютен зиянды ма?

Кейбір адамдар тамақтағы минималды глютен мөлшеріне өте сезімтал. Бұл ауруды целиакия деп атайды. Дүниежүзілік гастроэнтерологтар қауымдастығының мәліметтері бойынша целиакия ауруы әр түрлі популяцияларда 1:100 ден 1:300-ге қатынасына дейін жетеді. Целиакиямен ауыратын науқастарда ішектің қызметі нашарлайды және иммунитет күрт төмендейді: иммундық жүйе глютенді бөтен протеин деп таниды да онымен күресе бастайды. Нәтижесінде адамның аш ішегінің қабырғалары зақымданады. Целиакиямен ауыратын адамдар тек тамақтану рационына ғана назар аудармай, косметика өнімдеріне де назар аудару керек. Бұл өте маңызды шара емес — глютенсіз сусабын немесе кондиционер теріге немесе шашқа тиген кезде, науқасқа зиян тигізбейді, дегенмен, егер өнім кездейсоқ ауыз қуысына түсіп кетсе, аллергиялық реакцияның қаупі бар.

Глютеннен бас тарту керек пе?

Дені сау адамдар үшін глютен қосылған тағамдарды қабылдау қауіпті емес. Сондықтан, бидайды, қарабидайды, арпаны пайдаланудан бас тартудың керегі жоқ, өйткені оның құрамында біздің ағзамызға қажет тағамдық талшықтар бар. Глютенсіз тамақтануды қарастырғыңыз келсе, ең алдымен диетолог маманның көмегіне жүгінгеніңіз жөн.

Мақала авторы: Сериккали Айнур


NIS Press — это школьная газета НИШ ФМН г. Алматы, Казахстан. Данная статья была опубликована в выпуске газеты 2-недели Декабря 2020 г.

Следите за новостями газеты в нашем Instagram-аккаунте. Также можете ознакомиться со всей информацией о газете в нашем Telegram-канале.
Все выпуски газеты доступны для скачивания в нашем Telegram-канале и через Google Диск.