May 25, 2021

XXI ғасырдың қаламгерлері

Адамзат пен әдебиет бірін-бірі толықтырып өмір сүріп келетін екі серік екендігі бәріне мәлім. Уақыт сынынан өткен және бірнеше ұрпақты өз шығармаларымен тәрбиелеген Шекспир, Джейн Остин, Достоевский, Кортасар және Мұхтар Әуезов секілді қаламгерлерді бәрі біледі. Әйткенмен әдебиеттің болашағы болып саналатын жазушылар жайлы бәрі біле бермейді. Заманымыздың атақты жазушылар тізімін назарларыңызға ұсынамыз.

1. Донна Тартт

Бір онжылдықта бір роман. Американдық жазушы Донна Тарттың өнімділігі дәл осындай. Сонымен, оның үш романы: 1992 жылы шыққан «Құпия оқиға» (орыс тілінде «Тайная история»), 2002 жылы шыққан «Кішкентай дос» (орыс тілінде «Маленький друг») және 2013 жылы шыққан «Щегол», жазушының толық библиографиясы. Тартт «Щегол» атты бестселлердің арқасында Пулитцер премиясының басты жүлдегері және әлемнің үздік авторларының бірі атанды.

2. Зэди Смит

Зэди Смит — жаңа мыңжылдықтың басында ағылшын әдебиетінің басты үміті болып саналған жазушы. Көптеген қазіргі заманғы британдық жазушылар сияқты, Смит бірден екі мәдениет өкілі: оның анасы Ямайкадан, әкесі ағылшын және осы екі мәдениеттің арқасында жеке тұлғалықты іздеу оның алғашқы «Ақ тістер» (орыс тілінде «Белые зубы») атты романының басты тақырыбы атанды. “Ақ тістер” ең алдымен Смиттің бағалаудан бас тартуымен, бітіспес мәдениеттердің еріксіз қақтығысынан трагедияны көрмеуімен, сонымен қатар басқа мәдениетке жанашырлық танытуымен ерекшеленеді.

3. Леонид Юзефович

Леонид Юзефович — соңғы онжылдықта тарихи детектив жанрын ойлап тапқан адам. Мәселен, оның детектив Путилин жайлы шығармалары Акуниннің Фандорин жайлы оқиғаларынан ертерек жарық көрген. Алайда Юзефович өзге қаламгерлерден осы жанрдың негізін салушысы болуымен емес, оның детективтеріндегі кейіпкерлердің тарихи тұлғалар болуымен ерекшеленеді. Оның тарихи шығармалары өтірік пен қиылды емес, нақты тарихи фактілерді негізге алады.

Источники и дополнительные ссылки

1. Новые классики: Главные писатели XXI века, которых нужно читать (2016, 23 Сент). https://www.the-village.ru/weekend/weekend-guide/245927-novye-klassiki

Мақала авторы: Сериккали Айнур


NIS Press — это школьная газета НИШ ФМН г. Алматы, Казахстан. Данная статья была опубликована в выпуске газеты 8 февраля 2021 г.

Следите за новостями газеты в нашем Instagram-аккаунте. Также можете ознакомиться со всей информацией о газете в нашем Telegram-канале.
Все выпуски газеты доступны для скачивания в нашем Telegram-канале и через Google Диск.