образование
March 29, 2023

Педагог білімін бағалауға дайындық үшін

Педагогтердің білімін бағалау екі блокқа бөлінеді және барлығы 50 тест тапсырмасынан тұрады:

- бірінші блок «Пәндік білім» бойынша 30 тапсырма;

- екінші блок «Оқыту әдістемесі» бойынша 20 тапсырма.

Тестілеудің жалпы уақыты – 1 сағат 30 минут (90 минут), ал "Математика", "Физика", "Химия", "Информатика" пәндері үшін – 2 сағатты (120 минут) құрайды.

«Пәндік білім» бойынша тест тапсырмалары педагог қызметкерлердің терең академиялық білімін, практикалық икемділігі мен дағдыларын тексеруге бағытталған.

Ол үшін 2 түрлі формадағы тапсырмалар қолданады:

  1. бір дұрыс жауабы бар 20 тапсырма;
  2. бір дұрыс жауабы бар мәнмәтіндік 10 тапсырма.

Мәнмәтіндік тапсырмаларда бір мәнмәтінге 4 тапсырма беріледі. Мәнмәтін (ғылыми, көркем мәтін), таблица, схема, графика, суреттер түрінде немесе бірнеше ақпаратты бірден беруі мүмкін. Осы тапсырмаларды жақсылап орындау үшін мәнмәтінмен және берілген тапсырмаларымен мұқият танысу керек. Дұрыс жауап мәнмәтінде (контекст) немесе тапсырмаларда берілуі мүмкін.

Тест тапсырмаларының жауаптарын бағалау келесі түрде жүзеге асырылады:

- ұсынылған 4 жауаптың ішінен бір дұрыс жауап таңдалған тапсырма үшін 1 балл, дұрыс орындалмаған тапсырмаға 0 балл беріледі.

«Оқыту әдістемесі» блогы бойынша ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е. Педагогика. Оқулық.– Алматы: ОНОН. 2018, - 357 бет.
  2. Н. Д. Хмель, Г. Т. Хайруллин, Б. И. Муканова. Педагогика: Оқулық/ Абай атындағы Ұлттық Педагогикалық Университетінің педагогика кафедрасынын авторлар ұжымы- Алматы: Ргіпі-8, 2005 ж.
  3. Иманбаева С.Т., Майғаранова Ш.М.Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. Оқулық.- Алматы. – 2018 , 253 бет.
  4. «Тиімді оқыту мен оқу» Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы мұғалімге арналған нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік Мектебі» ДББҰ, 2016 ж.
  5. Қазақстан Республикасының білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімге арналған нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2016 ж.
  6. Жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне арналған критериалды бағалауға арналған әдістемелік нұсқаулар «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2016 ж.
  7. Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалауға арналған нұсқаулық «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2016 ж.