Білім беру ұйымдарының басшылары үшін Педагогтердің білімін бағалаудың форматы
Тестілеудің жалпы уақыты - 3 сағат (180 минут).
Балдардың шектік деңгейін анықтау:
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату конкурстық тағайындауына түсетін кандидаттардың сертификаттауы
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату конкурстық тағайындауына түсетін кандидаттардың тестілеуі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату» №57 бұйрығымен бекітілген (ҚР Оқу-ағарту министрінің 30.12.2022 № 533 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) Қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
Кандидаттар Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім Министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы, «Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мамандандырылған, арнайы білім беру ұйымдары, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығы бойынша сертификаттаудан өтеді.
Тест тапсырмаларының саны – 50
Тестілеу уақыты – 3 сағат (180 минут)
Тестілеу нәтижесі оң болып саналады, егер:
Бағалау
Ұсынылған төрт жауаптың ішінен бір дұрыс жауапты таңдайтын тапсырмалар үшін – бір балл, қалған жағдайларда – нөл балл беріледі.
Тестілеуден өткені туралы сертификат тестілеу тапсырған күннен бастап бір жыл бойы қолданылады.