March 17, 2023
Бастау олимпиадасы жалпы ереже
Мектеп оқушылары арасындағы «Бастау» Республикалық
математикалық турнирін ұйымдастыру және өткізу туралы
- «Бастау» (бүдан әрі - Турнир) мектеп оқушыларының математикалық турнирі - мектеп оқушыларына арналған білім беру-дамыту бағдарламасы. Турнир командалық сайыс болып табылады.
- Турнирдің мақсаты - математикалық қабілеті айқын білінген дарынды мектеп оқушыларын табу, дамыту және қолдау көрсету болып табылады.
- математика саласында дарынды мектеп сынып оқушыларының қызығушылықтарына қарай шығармашылық қарым-қатынас үшін арнайы командалық жарыс түрінде жағдай туғызу;
- республикалық дарынды сынып оқушыларының ішінен математика пәні бойынша олимпиадалық қүраманы қалыптастыру;
- мектеп оқушыларының жеке және командалық жарыстарға қатысу дағдыларын дамыту;
- мектеп оқушыларының танымдық жэне шығармашылық белсенділіктерін ынталандыру, математика пәні бойынша білімдерін тереңдету жэне кеңейту.