July 9, 2023

ҚОР ТАБЫСЫ — БАРШАҒА

Мәліметтерді сараптайтын болсақ, Әму-Сұрхан суару жүйелері хауызының басқаруындағы эксплуатациялық ұйымдардың бюджеттік ұйымдарды дамыту қорына қаражат бөлуде оң өзгерістер бар екенін байқауға болады. Жүйе ұйымының әрбір ұжымы жинаған қаржы қызметкерлерді ынталандыруға, тағы да басқа қаражаттарды қаптауға бағытталады.

Ағымдағы жылдың өткен бес айында хауыз әкімшілігі мен жүйе ұйымдарының ұжымы қорға қара және түсті металл жинаудан, сондай-ақ қосалқы шаруашылықтарды ұйымдастырудан, машиналар мен механизмдер арқылы көрсетілген қызметтер, суару жүйелері, сорғы станциялары, олардағы гидроучаскелер айналасындағы жерлерді жалға беру есебінен жалпы 591,2 миллион сум кіріс жасаған. Демек, даму қорынан төленетін жұмысшылардың еңбек­ақысы мен қосымша ынталандыруларына 157,4 миллион сум жұмсалса, қалғаны материалдар сатып алуға, тағы да басқа шығындарға жұмсалды.

“Әму-Занг” ирригация жүйесі басқармасы — қор қазынасын байытып, кірістің негізгі бөлігін қызметкерлерді әлеуметтік қорғау мен материалдық қолдап-қуаттауға жұмсауда үлгі көрсетіп жүрген ұжымның бірі. Көп жылдан бері ұжымда қосалқы шаруашылықты ұлғайтуға ерекше көңіл бөлініп келеді. Басқару ұжымы қара және түсті металдарды жинау мен жеткізуде әрқашан алдыңғы қатарда келеді. Қауымдастық каналдардың айналасындағы жерді тиімді пайдаланып, оның бір бөлігін жалға беру шартымен өтініш берушілерге беріп отыр. Соның нәтижесінде басқарма басшылығы мереке күндері барлық жұмысшыларға азық-түлік, ауылшаруашылық өнімдерін таратып, озаттарды марапаттауды дәстүрге айналдырған.

— Биылғы өткен бес айда даму қорына жоспарланғаннан да көп қаржы аударылды, — дейді басқарма маманы Тура Тожиев. — Жыл соңына дейін тағы 200 миллион сум қаржы табу шараларын қолға алып жатырмыз. Табыс негізінен қызметкерлерді қосымша ынталандыруға жұмсалады.

— Ұйымымыздың даму қорының қазынасына бес айда 15 миллион сум жиналды, — дейді Сарыасия ауданы ирригация бөлімінің шаруашылық істері жөніндегі маманы Хусан Омонов. — Екі қызметкерге қаржылай көмек көрсетіліп, “Наурыз” мерекесінде ирригаторларға дастарқан жайылып, бригаданың әр мүшесіне азық-түлік, ауыл шаруашылығы өнімдері берілді.

— Даму қорының қазынасына қаржы аударылғаны туралы деректерге көз жүгіртсек, аудандық ирригация бөлімдері арасында біздің бөлім ең көп — 73,5 миллион сум қаржы жинаған, — дейді Денов аудандық ирригация басқармасының есепшісі Панжи Норов. — Қазынамызға түскен қаржының 68,3 миллион сумы Алмалық тау-кен металлургия комбинатының Хонжиза филиалының әкімшілігімен жасасқан келісімшарт негізінде техникалық су беру шотына аударылды. Жалға беруден көбірек табыс табамыз десек, ауданымызда суару желілерінің айналасында жер көп емес. Сол 68,3 миллион сумды министрліктің қазынасына аударамыз. Бұл жыл сайын қайталанады. Осы соманың кем дегенде 40-50 пайызы ирригация басқармасының қазынасында сақталса, тым болмаса мереке күндері қызметкерлерімізді марапаттауға мүмкіндік туатын еді. Бұл мәселе оң шешілсе, жақсы болар дейміз.

Әму-Сұрхан ИЖХБ-ға қарасты сорғы станциялары мен энергетика бөлімі үлкен ұжым. Әкімшілік мереке күндері жұмысшыларды үнемі ынталандырып, азық-түлік өнімдерін таратады. Станциялар мен су учаскелерінің айналасындағы жердің бір бөлігі жалға беріледі, қосалқы шаруашылықтардың қызметі де үлгілі жолға қойылған. Сондықтан осы жылдың өткен кезеңінде басқаруды дамыту қорының қазынасына 218,4 миллион сум жиналды.

Бір сөзбен айтқанда, Әму-Сұрхан суару жүйелері хауыз басқармасы мен жүйелік ұйымдар даму қорына қаржы аударып, жұмысшылары қо­сымша табыс алуда.

Әму-Сұрхан ИТХБ

баспасөз қызметі.