November 8, 2023

КОРЕЯЛЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯМЕН КЕЗДЕСУ  

Өзбекстан Республикасы Су шаруашылығы министрлігінде Корея Республикасының қоршаған орта министірі Хан Хва Джин ханым бастаған делегация өкілдерімен кездесу болды.

Кездесуде Өзбекстан мен Корея Республикалары арасындағы қарым-қатынастар өзара құрмет, сенім, саяси және экономикалық ұстанымдарға негізделген стратегиялық серіктестік дәрежесіне көтерілгені, өзара ынтымақтастық, тағы да басқа салалардағы келісімдер жедел қарқынмен дамып жатқаны айтылды.

Корея Республикасы делегациясының өкілдеріне мемлекет басшысының бастамасымен Өзбекстанда су шаруашылығы саласында жүзеге асырылған реформалар мен су шаруашылығын дамытудың 2020-2023 жылдарға арналған концепциясы шеңберінде орындалған істер, климаттың өзгеруі жағдайында болып жатқан су тапшылығымен байланысты проблемаларды шешуде жергілікті және аумақтық дәрежеде қарастырылған іс-шаралар туралы айтылды.

Саланы цифрландыру, бір сөзбен айтқанда, су үнемдейтін технологиялары, “Ақылды су” құрылғылары және басқа да ақпараттық-коммуникациялық технологияларды жұмылдыру тұрақты бағыттардың бірі болып табылатыны айтылды. Осы арада Кореяның ынтымақтастық және даму агенттігімен (KOICA) бірлесе отырып, кореялық мамандар ирригация жүйелерінде су қаражатын анықтауға қызмет ететін қондырғылар орнатқаны, сондай-ақ су ресурстарын басқаруда жоғары нәтиже көрсеткені айтылды.

Тараптар болашақта су ресурстары мен қоршаған ортаны қорғау бойынша ынтымақтастықты кеңейту, бұл реттегі келісімдерге қол жеткізу мәселелерін талқылады.

ҚҰРЫЛЫСТА АСЫҒУҒА БОЛМАЙДЫ

Ташкент облысында Шыршық-Ахангаран ирригация жүйелері хауыз басқармасымен, сондай-ақ Төтенше жағдайлар министрлігінің облыстық басқармасымен ынтымақтастықта сел-ағымдардың алдын алу бойынша бірқатар істер жүзеге асырылуда. Сонымен қатар үстіміздегі жылы сел-ағымдардың алдын алу бойынша 4 нысан үшін 4 миллиард сум қаржы бөлінді. Жыл соңына дейін екі нысан пайдалануға тапсырылуы жоспарланған.

Облыстың Піскент ауданында су тасқынына қарсы шараларға арналған семинарда осы жайлы сөз болды. Алдымен су тасқынына қарсы нысандарда жүргізіліп жатқан құрылыс-құрамалау жұмыстары туралы мәлімет берілді. Қазіргі таңда Піскент ауданында орналасқан “Tошкент магистрал” каналының ПК-347+00 пикетіндегі апат қалдықтарының төменгі бөліктерінде Ангрен көліне ұласқан бөлігін қорғау” нысанында құрылыс-құрамалау жұмыстары жүргізілуде.

Нысанның келісімшарт құны 975 миллион сум болып, жобалау смета құжаттарын “New road water project” жауапкершілігі шектеулі қоғамы әзірлеген, құрылыс-құрамалау істерін “ Toshkent suv ombori QMB” акционерлік компаниясы жүзеге асыруда.

— Бұл құрылыс нысанының маңызы зор, — дейді Шыршық-Ахангаран ирригация жүйесі хауыз басқармасының бастығы Б.Қурбонов. — Су тасқыны болғанда қаупін азайтуда маңызды рөл атқарады. Сондықтан оның беріктігіне назар аудару қажет. Құрылыста асығыстық жарамайды.

Семинарда “Toshkentsuvqurilishinvest” Мемлекеттік мекеменің бас инженері Ш.Маннапов сөз сөйлеп, нысанға бөлінген лимит биыл толық игеріліп, құрылыс жұмыстары сапалы жүргізілгенін, белгіленген мерзімде пайдалануға берілетінін баса айтты.

Жиын соңында Б.Қурбонов барлық жүйелік ұйым басшыларын, тапсырыс беруші және мердігерлік ұйым қызметкерлерін өз жұмыстарына жауапкершілікпен қарауға шақырды. Семинар пікірталасқа бай жоғары көңіл күйде өтті.

СЕМИНАРДА ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

Бувайда ауданында өткен семинарда үш мәселе талқыланды. Алдымен “Михчагар” коллекторын жүйелі жөндеу және қалпына келтіру мәселесі қаралды.

Бас мердігер “ДАНҒАРАМАХСУССУВПУДРАТ” жауапкершілігі шектеулі қоғамы бас мердігер болып табылатын бұл нысанның құрылыс-құрамалау жұмыстарына барлығы 238,811 миллион сум қаржы бөлінген 57 километрлік коллектор жүйесін, сондай-ақ 2 гидротехника кешенін жүйелі жөндеу-тіктеу істерін жүзеге асыру белгіленген. Осы жылдың 1 октябріне дейін 1086,532 миллион сумдық жұмыстар орындалды.

— Бүгінде бұл коллекторда 1 экскаватор жұмыс істеп тұр, — дейді А.Ахадов. — Осы күнге дейін жалпы ұзындығы 42,5 шақырым коллекторлық желілер жүйелі түрде жөнделіп, қалпына келтірілді.

Орындалған жұмыстарды қарау кезінде Х-4 коллекторының ПК-50+00-ден ПК-1+15-ке дейінгі және Х-5 коллекторының ПК-1+10-нан ПК-1+60-қа дейінгі бөлігінде коллекторлық қиялықтар жобаға сәйкес аяқталды. Сондықтан бас мердігерге анықталған кемшіліктерді жою, сондай-ақ нысанды кестеге сәйкес сапалы аяқтап, белгіленген мерзімде пайдалануға беру бойынша тапсырмалар берілді.

Екінші мәселе — су шаруашылығы ұйымдарының металдарды тапсыру жоспарының орындалуы туралы болды. Облыста бұл бағыттағы көрсеткіш артығымен орындалғаны айтылды.

Жердің мелиоративтік жағдайын жақсарту, мелиорация нысандарының кадастрлық құжаттарын ресімдеуде, яғни үшінші мәселені талқылауда Сырдария-Сух ирригация жүйелері хауыз басқармасы жанындағы Мелиоративтік экспедиция қарамағында барлығы 928 коллектор бар екені, бүгінде облыс әкімінің қолымен толық қаулы-құжаттары дайындалып, кадастрлық палатаға берілгені, 33 нысанның төлқұжаттары қабылданып, 13 нысан мемлекеттік тіркеуден өткені талқыланды. Алайда, бүгінде кадастрлық жұмыстарды ресімдеу қаржы тапшылығынан кешіктіріліп жатқаны өкінішті.

СЫРДАРИЯЛЫҚ СУШЫЛАРДЫҢ ЕСЕБІ

Төменгі Сырдария ирригация жүйесі хауыз басқармасында өткен семинарда облыстық су шаруашылығы ұйымдарының қара және түсті металл сынықтарын тапсырудың ағымдағы жағдайы талданды.

Қара металл сынықтарын жеткізудің он айлық жоспары 197 тоннаны құрап, іс жүзінде 187,9 тонна немесе 95,6 пайыз­ға орындалған, түсті металл сынықтарын жеткізудің он айлық жоспары 1175 килограмм болып, 958 килограмм немесе оның 81,5 пайызы орындалды.

Атап айтқанда, “Сирдариясувқурилишинвест” Мемлекеттік мекемеcі 44 пайыз­ға, “Шурузак-Сирдария” суару жүйесі басқармасы 70 пайызға, Сейхунабад аудандық суару бөлімі 80 пайызға орындағаны үшін оларға ескерту жасалды.

Сондай-ақ семинарда Боявут ауданындағы мелиоративтік жағдайдың жақсаруы, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының сапасы, басқа да мелиоративтік жұмыстардың барысы талданды.

Атап айтқанда, “Еттисой” коллекторын жүйелі жөндеу-қалпына келтіру нысанында 2023 жылға арналған жоспарда 130 шақырымдық жұмыстар орындалса, бүгінгі таңда 62,1 шақырымдық жұмыстар аяқталды. Бұл нысанға мердігер ұйым — “Барака қурилиш сервис” жауапкершілігі шектеулі қоғамы тарапынан 6 экскаватор, 1 бульдозер тартылған. Барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін 1000 гектардан астам жердің мелиоративтік жағдайы жақсарады. Орташа сортаңданған алқаптар 320 гектарға, су деңгейі 2 метрге дейінгі аумақтар 180 гектарға азайып, 500 гектардың мелиоративтік жағдайы тұрақталады.

Су шаруашылығы министрлігінің Ақпарат қызметі.