ЖҰМЫС ӨНІМДІЛІГІНЕ, ЖҰМЫСШЫ МҮДДЕСІНЕ...
Көпшілік азаматтарда Кәсіподақ ұйымдары — курорт, санаторий және демалыс орындарына жолдама беретін ұйым деген түсінік қалыптасқан. Шынында да, кәсіподақ ұйымдары сондай ұйым ба? Неліктен адамдардың санасында бұл түсінік кең түрде қалыптасқан. Негізінде кәсіподақ ұйымдарының қызметінде мұндай істер ауқымды болып, санаторий және балалардың жазғы демалыс орындарында жолдамалар бөлінуі сол ауқымды істердің бір бағыты саналады.
Жұмыс беруші үшін кәсіпорында кәсіподақ ұйымының құрылымы мен қызметін жүргізудің артықшылығы мынадай: яғни кәсіпорында қызметкерлерге берілетін түрлі жеңілдіктер мен кепілдіктер кәсіподақ ұйымы мен жұмыс берушінің арасында қол қойылатын ұжымдық келісімшарт арқылы реттеледі; жұмыс беруші кәсіпорындағы кәсіподақ ұйымы арқылы қызметкерлердің ділгірліктерін анықтап, оларды бірге шешу мүмкіндігіне ие болады; кәсіподақ ұйымының заң қызметкері кәсіпорында еңбек саласындағы заң құжатына анық және ауытқымай мойынсұнуы еңбек қатынастарына қатысты заң құжаттарының нәтижелі қолданылуы, сондай-ақ қабылданып жатқан құжаттардың дұрыс ресімделуі бойынша ақысыз құқықтық-іс жүзіндік көмек көрсетеді; еңбек, шаруашылық, отбасы және азаматтық заңдылығы бойынша заң құжаттарына сүйене отырып, ақысыз құқықтық кеңестер, қорытындылар, жолдамалар беріледі; жұмыс орнында еңбекті қорғау ережелеріне мойынсұнылуын қамтамасыз ету, қауіпсіз еңбек жағдайларын жарату барысында кәсіподақ ұйымының еңбегін қорғау қызметі көмектеседі; кәсіпорындағы еңбекті қорғау бойынша жөн-жорық беретін кәсіподақ ұйымдарында ұйымдастырылатын оқуларда өзінің біліктілігін арттырып отырады; кәсіподақ ұйымдары жүйесінде ұйымдастырылатын түрлі байқау және форумдарға белсенді түрде қатысу арқылы Өзбекстан кәсіподақ ұйымдары Федерациясы тарапынан енгізілетін түрлі жеңілдіктерге, сыйлықтарға ие болу құқығы беріледі; кәсіпорындағы бастауыш кәсіподақ ұйымының бастамасымен және қаржыларының есебіне мейрамдар, рухани-ағарту және спорт-сауықтыру шараларын өткізуге мүмкіндік береді, сол арқылы ұжымда тұрақты салауатты ортаның тұрақтылығын қамтамасыз етуге қол жеткізіледі; қызметкерлермен олардың жанұя мүшелерін республиканың түрлі тарихи қалаларына жеңілдетілген түрде саяхатқа апару мүмкіндігі жасалады, ал бұл өз орнында қызметкерлердегі жақсы көңіл күйді қамтамасыз етеді; жұмыс беруші мен қызметкердің арасында еңбек қатынастарына тиісті туындаған немесе туындауы мүмкін болған келіспеушіліктерді сотқа дейін жеткізбестен немесе оның алдын алуға қол жеткізіледі; қызметкерлер еңбекақысының 1 пайызы мөлшеріндегі кәсіподақ ұйымына мүшелік жарнамаларының 60 немесе 70 пайызы кәсіпорындағы кәсіподақ ұйымының еншісіне қалдырылады. Бұл қаражат қызметкерлерді әлеуметтік қолдап-қуаттау (соның ішінде материалдық көмек) жоспарлы шаралар өткізу, жеңілдетілген түрде жөн-жорықтар алу сынды мақсаттарға бағытталады.
Ал қызметкерлер үшін кәсіпорында кәсіподақ ұйымдарының жұмыс жүргізуі және оларға мүше болуының артықшылығы мынадай: яғни кәсіподақ ұйымының ең маңызды артықшылығы — егер қызметкер кәсіподақ ұйымына мүше болса, проблемаларды жеке өзі емес, ұжымның көмегімен шешу мүмкіндігіне ие болады; қызметкерлер өздері сеніп сайлаған кәсіподақ ұйымының төрағасы арқылы кәсіпорынның әлеуметтік-экономикалық дамыту бағдарламаларын жасауға тікелей қатысады; кәсіпорында еңбекке жараса және лайықты ақы белгіленгені, қызметкерлерге белгіленген еңбекақысының мөлшері заң құжаттарымен белгіленген ең аз мөлшерден кем болмауы, еңбекақысының уақытылы және толық төленіп отырылуы сынды маңызды әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша кәсіподақ ұйымы өзінің тұрақты бақылауын жүзеге асырып отырады, бұл үдеріске қызметкерлер де тікелей қатысу мүмкіндігіне ие; қызметкерлерге кәсіпорында қатерсіз және қолайлы еңбек жағдайының жасалуы, жұмыс орнында денсаулыққа кері әсер ететін зиянды факторлардың болмауы, ұжымдық келісімшартқа сәйкес, арнаулы киім-кешек, заң құжаттарында белгіленген жағдайда арнаулы және диеталық тағамдармен қамтамасыз ету бойынша жұртшылық бақылауын жүргізуге тікелей қатысу мүмкіндігіне ие болады.
Қызметкер қолайсыз және кері жағдайларда еңбектеніп жатса ұжым келісімшарты арқылы өтемақылар алуы мүмкін. Сондай-ақ келеңсіз жағдай және кәсіпке байланысты ауруларға шалдығудан сақтау мақсатында жұмыс беруші өзінің есебінен қызметкерлерді мәжбүри түрде сақтандыру жасайды, қажет болған жағдайларда жеткізілген зиян үшін өтемақы төлеуі кепілденеді.
Жалпы айтқанда, бұлардың бәрі кәсіпорында жұмысшы-қызметкерлердің көңіл күйі және жұмыс өнімділігінің нәтижелі өсуіне қызмет етеді. Сондай-ақ кәсіпорында кәсіподақ ұйымының және ұжым келісімшартының бар екені жұмыс берушінің өз еңбек қызметін заңды және әділетті жүргізуі үшін көмек міндетін өтейді.
АПТАЛЫҚ ЖАЛҒАСУДА
Жуырда ғана елімізде “Кәсіпкер әйел” апталығы басталғаны жөнінде айтып өткен болатынбыз. Соған орай, шаралар жалғасын табуда. Кезектегі дөңгелек үстел сұхбаты “Әйелдер кәсіпкерлігі мәселелерін талқылау, оның ділгір тұстары мен дамуы, Өзбекстан Республикасының экспорттық әлеуетін арттыру мүмкіндіктері” тақырыбына арналды.
Дөңгелек үстел сұхбаты “Кәсіпкер әйел” халықаралық қауымдастығының Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) өкілеттігімен ынтымақтастықта “Әйелдер кәсіпкерлігі апталығы — 2023” аясында ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел ұйымдастырушылары бірқатар маңызды тақырыптарды қарады. Яғни елімізде әйелдер кәсіпкерлігінің бүгінгі жағдайын үйрену және ділгір жақтарын анықтау, еліміздің экспорттық әлеуетін дамытуда қыз-келіншектердің рөлі, кәсіпкер әйелдер үшін қолайлы орта жасау және оларда кездесетін тосқауылдарды шешу, іскер әйелдер үшін экспорт мүмкіндігін кеңейту, іскер әйелдердің табыс табу туралы әңгімелері, т.б.
Елімізде әйелдердің кәсіпкерлігін дамытуды қолдап-қуаттау қауымдастық қызметінің маңызды бағыттарының бірі. Екі жыл барысында Финляндия үкіметі тарапынан қаржыландырылған “Орталық Азияда сауданың дамуына көмектесу” жобасы БҰҰДБ-мен ынтымақтастықта жүзеге асырылуда. Жоба Әндіжан, Ферғана және Наманган облыстарының шалғайдағы ауылдарында жасайтын қыз-келіншектерді қамтыған.
Жобадан көзделген мақсат — ауыл шаруашылығы мен агроөнеркәсіп саласында қосылған құн тізбегіне жұмылдырылған кәсіпкер әйелдердің өндірістік және экспорттық әлеуетін арттырудан тұрады. Жоба аясында 60-тан астам ментор-жаттықтырушы және 150 менти-шәкірт дайындалды. Мұның нәтижесінде Ұстаз-шәкірт оқу тізбегінің негізі ретінде өңірдің үш аумағында қауымдастық бөлімдерінің қасында Менторлық мектептері ашылды. Ынтымақтастардың көмегінде мектептер мультимедиалық қондырғылармен қамтамасыз етілді.
2023 жыл жетістіктер мен шараларға бай болды деуге болады. Себебі серіктестермен бірге әйелдердің кәсіпкерлігін дамыту, еліміздің шалғайдағы аумақтарында әйелдерге бизнесті жүргізу негіздерін үйретуде едәуір істер атқарылды.
“Кәсіпкер әйел” қауымдастығының үстіміздегі жылғы 9 айлық қызметінің қорытындылары жасалды. Кәсіпкерлік негіздері бойынша семинар-тренингтерге 10 мыңнан астам қыз-келіншек қатысты. Айта кетерлік жайт, 9 мыңнан астам әйел жұмыспен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ қауымдастықтың көмегінде 1 мың 547 қыз-келіншекке 22 миллиард 700 миллион сум мөлшерінде несие берілді.
Жобалар аясында грант иелеріне шығармашылық бизнес-жоспарларын жүзеге асыруы үшін 154 мың АҚШ доллары бөлінген. Ал бүгінде қауымдастықтың аумақтық бөлімдерінің саны 73-ке жетіп отыр.