August 27, 2023

ТАУАРЛАРДЫҢ САПАСЫ — БАСТЫ НАЗАРДА

Соңғы жылдары елімізде кәсіпкерлерге деген мүмкіндіктер көбейіп, олардың табысы мен тауарларына шектеу жоқ. Тек сапа сақталса болғаны. Тауарлардың сапасын қадағалап, оны әлем аренасында бәсекеге төтеп бере алатын жағдайға жеткізу үшін елеулі еңбек пен жүйелі жоспар қажет.

Осы мәселенің шешімін іздеген және оның маңыздылығын азаматтар мен кәсіпкерлерге түсіндіруді көздеген “Өзбекстан ғы­лыми-сынақ және сапаны бақылау орталығының” мамандары Ұлттық баспасөз орталығында, “Ұлттық сапа инфрақұрылымын дамытуда өнім сынақтары және сапаға қол жеткізудің маңызды факторлары” тақырыбындағы баспасөз конференциясын өткізді. Жиында жоғарыда айтылған мәселелерді талқыға салды.

Соңғы жылдары елімізде стандарттау, сертификаттау және метрология саласына көп көңіл бөлінуде. 2016-2023 жылдары осы салаға байланысты 4 заң, Президенттің 5 жарлығы мен қаулысы және Ми­нистрлер Кабинетінің 40 қаулысы қабылданды. Әрине, бұл сандар техникалық реттеу саласының қаншалықты маңызды екенін көрсетеді.

Әрине, кез келген өнім­нің сапа стандартына сәйкестігін бағалау кезінде басты назар және талап сынақ зертханаларына түсетіні белгілі. Сондықтан өткен кезеңде халықаралық стандарттардың (ISO, IEC, UNECE, EN, CODEX STAN) талаптарына сәйкес шығарылатын өнімдердің сынақтарын толық орындайтын заманауи зертханаларды іске қосуға басты назар аударылуда. Мұндай зертханалар Өзбекстан тауарларының шетелдегі орнын біршама арттырса, еліміздің кәсіпкерлеріне тауарларының сапасын бағалаулары үшін үлкен көмекші болады.

Осы орында айта кету керек. Жоғарыда айтылғандай басты назар сынақ зертханаларына түскендіктен “УзТест” орталығының Хорезм, Әндіжан, Бұхара, Науаи, Наманган, Қашқадария, Самарқантта филиалдарының азық-түлік пен ауылшаруашылық өнімдерін зерттейтін зертханалары жаңартылып, 336 заманалық техника мен құрал-жабдық сатып алынып орнатылды. Өнім үлгілерін осы зертханаларда толықтай зерттеп сапа стандарт­тарына сай тексеру жұмыс­тары қазіргі таңда тоқтаусыз жүргізілуде.

Бекболат МҰХТАРОВ,

“Нұрлы жолдың” тілшісі.