ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ — БАСТЫ МІНДЕТІМІЗ
Табиғат — ұлы нығмет, оны анаға теңейміз, оны қорғау керектігін жақсы білеміз. Әрбір адам оны қорғап, ерекше көңіл бөлсе, табиғаттың да адамдарға берері мол болады. Көптеген ақын-жазушылардың шығармаларында табиғат ерекше сипатталған және оны қадірлеу керектігі ескерілген.
Еліміздің ерекше сипаттарының бірі бұл — қайталанбас сұлу табиғаты болып саналады. Әр мезгіл өзіне тән қасиеттерімен ерекшеленіп тұрады. Сол қасиеттердің бірі бұл әр мезгіл өз уақытымен болуында. Сонымен қатар жеміс-көкөністердің молдығымен және саналуандығымен басқа елдерден ажыралып тұрады. Бірақ табиғатты жырлай бергеннен гөрі оны шын мәнінде қорғау туралы ойласақ орынды болатын еді.
Күндер жылып, көктем, жаз мезгілдерінің келуімен еліміздің таулы жерлеріндегі табиғаттың әдемі көріністерін көру, демалу мақсатында жер-жерлерден саяхатшылар ағымы келе бастайды. Бостандық ауданында да саяхатшылардың аяғы үзілмейді. Бұл ауданды саяхатшылар “Өзбекстанның Швейцариясы” дейді. Жыл сайын мыңдаған саяхатшы оның таза ауасымен тыныстап, шипалы, мөлдір суын ішіп, тауларын тамашалау үшін келеді.
Соңғы жылдарда ауданның туристік әлеуетін бұдан да жоғарыға көтеру мақсатында бірқатар ірі жобалар жүзеге асырылуда. Бұл экотуризмнің дамуына үлкен үлес қосуда.
Шынында да, саяхатшылар қаншалықты көп келсе ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына да әсері соншалықты мол болмақ. Бірақ саяхатшылардың жүрген жерлерді таптап, айналадағы көркем орындары қоқысқа толтырып жатқаны әрқайсысымызды ойландыруы тиіс.
Экологиялық жағдай салыстырмалы түрде кері бағытқа өзгеріп жатқанымен жауаптылар бұл проблемаларды шешу мақсатында жұмыс жүргізуде. Аудан аумақтарында әрбір маусым сайын табиғатты қорғау шаралары тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Бұдан тыс, туристік мекендерді абаттандыру мәселелері де жауаптылардың бақылауында. Қайткенде де ең үлкен жауапкершілікті сезініп, оған баршамыз жауапты екенімізді ұмытпауымыз қажет.
Мүмкіндікті пайдаланып, таулы жерлерге саяхатқа аттанған отандастарымызды, сондай-ақ қонақтарды ескертеміз, қоршаған ортаның тазалығы мәдениетіміз бен руханиятымыздың басты көріністерінің бірі болып табылады. Сондықтан үйіңіз қаншалықты таза болса, соншалықты береке кіреді. Табиғат-ананы да өз үйіміздей таза ұстап, қорғауымыз қажет.
Қоршаған ортамыздағы кез келген жанды мен жансыз заттар мәңгілік емес, бұл діни және ғылыми тұрғыдан да дәлелденген. Ешқашан таусылмайтындай көрінетін табиғи русурстар уақыты жеткен соң таусылады. Бүгінгі күнде жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер, кендер бұған мысал бола алады.
Табиғаттың өзі бізге берген ресурстарды тиімді пайдаланып, оны қорғау бұл біздің үлкен міндетіміз және табиғатқа жасаған жақсылығымыз болады.