БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
Өзбекстанда әйелдер кәсiпкерлiгiн дамытуды қолдау “Кәсіпкер әйел” халықаралық іскер әйелдер қауымдастығы қызметінің бағыттары түрлі байқауларда көрініс табуда.
Қауымдастық 1991 жылдан бері әйелдердің экономикалық және әлеуметтік құқықтарын кеңейту және қорғау, кәсіпкерлік пен әлеуметтік бастамаларды қолдау, қаржылық және ақпараттық ресурстарды тиімді пайдалануды қамтамасыз ету, гендерлік теңдік, әйелдер еңбегінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру сияқты бірқатар міндеттер аясында жұмыс істеп келеді.
Сонымен қатар Қауымдастық еліміздің іскер әйелдері үшін түрлі іс-шаралар мен байқаулар ұйымдастырады.
“Әйелдер кәсіпкерлігі апталығы – 2023” аясында ұйымдастырылған “Анoр – 2023” байқауы – соның бірі. Осымен сегізінші рет өткізіліп отырған бұл байқау әйелдердің қаржылық білімін арттырумен қатар, кәсіпкерлікті дамытудың бірегей өлшеміне айналды.
Байқаудың республикалық басқышында ең үлгілі, нағыз шығармашыл, білікті кәсіпкерлер анықталды. Байқауда еліміздің барлық өңірінен келген тоғыз іскер әйел үш аталым бойынша “ең жақсы” деп танылды.
“Ең жақсы өндіруші” аталымы бойынша Наманган облысында жұмыс істейтін кәсіпкер Феруза Абдуқаххорова бірінші орынды иеленді. “Ең жақсы фермер” аталымында қашқадариялық диқан Дилдора Муминова бірінші орынды жеңіп алды. “Ең үздік тұрғындарға қызмет көрсетуші” аталымы бойынша бірінші орын Жызақ облысынан келген Ойниса Қаршибоеваға бұйырды.