July 9, 2023

ӨЗБЕКСТАН ЖӘНЕ ИРАН ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ  

Олий Мажлис Сенатының Төрайымы Танзила Нарбаева 6 июль күні елімізге іссапармен келген Иран Ислам Республикасының Вице-президенті Энсие Хазалиймен кездесті.

Өзбекстан мен Иран Ислам Республикасы арасындағы қатынастар, әсіресе сауда-экономикалық және саяси диалогтар тұрақты дамуда.

Кездесуде екіжақты ынтымақтастықты дамыту, елдеріміз арасындағы парламентаралық байланыстарды одан әрі нығайту, халықаралық құрылымдар аясындағы серіктестікті кеңейту мәселелері талқыланды.

Сұхбатта достас халықтарымызды терең тарихи байланыстар, ұқсас менталитет, дәстүр мен рухани құндылықтар байланыстыратыны баса айтылды. Соңғы жылдары мемлекет басшыларының табандылығының арқасында Өзбекстан–Иран ынтымақтастық байланыстары жедел дамып жатқаны, соның ішінде парламентаралық байланыстар да жаңа басқышқа көтерілгені, осы тұрғыдан алғанда екі елдің парламенттері жоғары деңгейде қол жеткізген келісімдердің іс жүзіндегі орындалуын қамтамасыз ету мақсатында парламенттік бақылаудың маңыздылығын атап өтті.

Өз кезегінде қонақ жылы қабылдау үшін ризашылығын білдіріп, екі ел арасындағы парламенттердің, үкімет өкілдерінің, кәсіпкерлердің өзара іссапарлары жандана түскенін атап өтті. Мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық туралы қол қойылған құжаттардың толық жүзеге асырылуы болашақта өз нәтижесін беретініне сенім білдірді.

— Өзбекстанда реформалар қарқынмен жүзеге асырылуда, бұған өз көзімізбен куә болдық. Әсіресе, әйелдердің құқықтарын қорғауға қатысты заң құжаттары жетілдірілуде, олардың қоғамдағы рөлі мен орны артып келеді. Бұл, әрине, мақтауға тұрарлық. Бұл тұрғыда тәжірибе алмасып, ынтымақтастық орнатуда екі ел де мүдделі, — деді Энсие Хазалий.

Достық және іс жүзіндік рухта өткен кездесу соңында болашақтағы жоспарлар мен жобаларды өмірге енгізуде ынтымақтастық байланыстарды одан әрі нығайту келісілді.

Өзбекстан Республикасы Олий Мажлис

Сенатының Ақпарат қызметі.